400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

сабақ,Адалдық пен әділдік,5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: ЖББ Ұзынкөл орта мектебі КММ

Мерзiм : 23.02.2017 ж

Мұғалiм: Өтешова Гүлнұр Қуандыққызы

Сынып: 5 Оқушылар саны: 12

Тақырып: Адалдық пен әділдік сабақ: 23

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер:адалдық,шыншылдық,қарапайымдылық


Сабақ мақсаты: Оқушылардың адалдық пен әділдік туралы әңгімелей отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

  • Оқушыларды адал болуға үйрету

  • Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту

  • Оқушыларды қарапайымдылыққа тәрбиелеу


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. 5Т ережесі


  1. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»


  1. Үй тапсырмасын тексеру

№ 23сабақ 76 бет. «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» аңыз әңгімесін оқып келу


  • Ұстаз шәкірттерін қалай сынады?

  • Адамның ішкі жан дүниесі таза болу үшін қандай қасиеттер қажет?

  • Өз іс-әрекетіңе ішінен қысылып,ұялғын кезің болды ма?

Сабақ барысын талқылау

  1. Дәйексөз.


Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді.

(Ғ.Мұстафин)


  • Неліктен шындықты шыраққа теңеген?

  • Шындық шырағы өшпес үшін нестеуіміз керек?

Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген,қазақтың халық жазушысы,қоғам қайраткері.Қаламгер туындылары ерекше қуат-жігерге,қуанышқа толы.


  1. Оқиғаларды әңгiмелеу «Темірқазық» әңгімесі


... Қайдар машинадан түсіп, шалға сәлем берді.Мақыш одырая қарады да,танымаған адамдай,жымиып қолын созды.

-Әліксалам,балам! Түсің жылы екен,жақсылық іздеп жүрген бала емессің бе?

-Әрине ата,жақсылық іздеп келдім осы ауылға!

-Лебізің тәуір,сенейін балам, айтшы маған:өмірде не жақсы?деді Мақыш шегір көзін шақита қарап.Қайдарға бұл сұрақ ескі ауыз әдебиетінен алынған жасанды сұрақ сықылды көрінді. «Тегі,ақын болам деп,бола амай қалған шал болып жүрмесін!».

-Өмірде жақсылық көп қой,ата!Қайсыбірін атай берейін.

-Олай емес,балам.Мен өмірбақи жақсылық іздеп келдім.

-Я таптыңыз ба?

-Әлбетте.Таппасам,сұраймын ба?Қазіргі жастар нені жақсылық деп ұғады екен,білгім келеді.Әсіресе өзің сияқты оқыған,машина мінгендері.

-Айтыңыз,мүмкін,біз албырттықпен білмейтін де болармыз.

-Я,балам ол ақиқат.Жақсылық аяқ астында оралып жүр,соны көрмейсіңдер.-Мақыш ата сөзін шұбырта,қисса оқығандай,өзгеше мақалмен айтады.Шоқша бұрыл сақалын тұтамай ұстап, «айтайын ба,айтпайын ба?» дегендей барып сөзін аяқтады.-Дүниедегі жақсылық-адалдық деп білемін!Адалдық-өмірдің Темірқазығы.Бұрынғы заманда айдалада,қара түнде жолаушы жұдызға қарап жол табатын еді,сол сияқты өмірдің Темірқазық жұлдызы-адалдық екен! Арамдық жақпайды.Түбінде сол алдыңнан бір шығады.Айтарым осы.


  • Мақыш атай Қайдарға қандай сауал қойды? Қайдардың жауабы қандай?

  • Не себепті Мақыш атай «Адалдық- өмірдің Темірқазығы » деді?

  • Адалдық,шыншылдық қасиеттері арқылы бойымыздағы қандай құндылықты ашуымыз қажет ?

  • Сіз әрдайым шындықты айтасыз ба?

Әлеуметтік желіден алынған

  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.(2 топқа түстер арқылы бөлу)көп нүктенің орнына сөздер қойып,ұйқастырып айту.


1.Өтірік айтсам, өте қиналамын,

Шындық айту-менің борышым.

......................................................

........................................................

Қайырмасы:

Шындықты жолға алсам, шындықпен достассам,

Шындықпен жүрсем мен-бақыт болады.

Әркімге, әркімге шыншылдық ұнайды,

Өйткені шындықта-өмірдің заңы



2.Егер бір адам бізге өкпелесе,

..........................................................

Шындықты құрметтей адамдар біледі,

..............................................................

Қайырмасы:


  1. Топпен ән айту.Ақ қөгершін

Сөзі:Н.Баймухамедов

Әні: А.Жұбанов


Ақ көгершін,көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт, ел үшін

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

қайырмасы

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.


Сене көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш-бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.

қайырмасы

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.


  1. Үй тапсырмасы.

№ 24 сабақ 78 бет, «Қаз дауысты Қазыбектің шешімі» аңыз әңгімені оқып келу


  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға,айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.Әрқашан өзімізге және айнала адамдарға сенейік! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.Рақмет! Сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі