Шымкент қаласы
Жекеменшік «Төржан» гимназиясының
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі
Тайтелиева Гулмира Абдихаймовна
Сабаққа қойылатын педагогикалық мақсаттар.
SMART мақсат
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының жаңартылған бағдарламасы бойынша курсынан өткеннен кейін сабақ беру үрдісіне деген көзқарасымыз өзгере бастады.
Мұғалімнің рөлі басқарушы емес-әріптес, сөйлеуші емес-бағыт беруші екенін ұқтық. Жаһандану процесі жүріп жатқан заман талабына сай жан-жақты қарастыруды қажет ететін өзекті мәселелерінің бірі - білім беру, білім-қай кезде де біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Қазіргі заман мұғалімі қандай, оқушыларымыздың білім сапасы қай деңгейде?Ал заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін игеріп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні - осында.
Жаңартылған бағдарламадан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады.
Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар - Smart, Smart education ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. Smart education ұғымы тіпті көптеген елдерде іс жүзінде жиі қолдануда. Smart education ұғымының негізгі мәні неде? Сөздің түбіріне келетін болсақ, «SMART» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді. Смарт - бұл неологизм, сын есім ретіндегі негізгі мағынасы - парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім ретінде - ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді.
Нақ осы оқыту жүйесі қазіргі әлемнің мүмкіндіктері мен міндеттеріне сәйкес максималды білімнің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, жастардың тез өзгергіш қоғам жағдайына бейімделуіне, оқулықтан нақты белсенді әрекетке негізделген білім алуға мүмкіндік береді.
Енді, мақсат сөзін білім беру жүйесінде қарастырып көрейік. Осы сөзбен ең көп бетпе бет кездесетін мамандықтың бірі мұғалім десек қателеспейтін шығармыз. Олай болса, өз мамандығымыз туралы ой бөлісейік.
1. Мұғалімнің ең басты функционалдық міндеті не деп ойлайсыз? (білім беру)
2. Білім беру не арқылы жүзеге асады? (сабақ)
3. Сабақ беру үшін біз қандай әрекеттерді орындаймыз? (сабақ жоспарын жазу)
4. Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істейміз? (мақсат қоямыз)
5. Сабақтың мақсатын анықтауда не нәрселерге көңіл бөлуіміз керек деп ойлайсыз? (сыныптың білім деңгейіне, қабілетіне, психологиялық ерекшеліктеріне)
6. Дәстүрлі оқытуда біз сабақтың қандай мақсаттарын белгілейміз? (тәрбиелік, білімділік, дамытушылық)
7. Сабақтың мақсатын қою мұғалімнен нені талап етеді? (жауапкершілікті)
Мен сөз еткелі отырған «SMART» ұғымы мақсат туралы болмақ.
Стронг "Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім" деген болатын. Алайда тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Сондықтан, жаңашыл идеяларды танудан және тәжірибе жасаудан жалықпағанымыз абзал. Осы орайда мұғалімнің жұмысы дұрыс мақсат қоюдан басталатынын айтқым келеді.
Мақсат дегеніміз не, ол не үшін қажет? Көптеген ғалымдардың берген анықтамалары бойынша мақсат дегеніміз:
-
болашақ нәтижені суреттеу;
-
неге қол жеткізу керектігінің бейнесі;
-
белгілі бір анықталған күш қайрат жұмсалатын және ұйымдастырылған іс әрекет талап етілетін күтілетін нәтижелер жиынтығы
-
бұл индивидумның өз күштерімен қол жеткізе алатын келешектегі шындықты суреттеуі.
SMART мақсаттары мен міндеттері
SMART оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған. «Smart» сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды, тіпті қу немесе тапқыр, епті деген мағынаны білдіреді.
Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сөз емес. Ол 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.
Specific- арнайы, нақты;
Measurable-өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;
Attainable-қолжетімділік;
Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;
Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.
1.Specific Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт (сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.
2.Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.
3.Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.
4.Мақсат шынайы болу керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен космонавт (турист емес) болам» деген мақсат- бұл жаста қол жетпейтін жағдай.
5.Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.
Мақсат қоюды қарапайым өмірден алынған мысалмен түсіндіріп көрелік. Сыртта аяз, үйдің іші салқын болса, мен «Отынмен үйді жылытуым керек» деген мақсат қоямын. Осы қойылған мақсат дұрыс па? Жоқ, себебі мақсат нақты емес, немен жылытуым керек екенін білмеймін. Ал SMART бойынша жүйелесек:
Мысал 1:
Мақсат: Ағашпен үйді жылыту.
Міндет:
1. Ағашты кесу.
2. Үйге әкелу.
3. Отты тұтату, жағу.
Нәтиже: Үй жылынды.
Мысал 2:
Мақсат: «Информатикадан білімін жақсарту»
Қандай міндет қояр едіңіз? Күтілетін нәтиже қандай болмақ?
Мақсаттың талдауы:
Нақтылы емес. өлшеу қиын,мерзімі көрсетілмеген. Ол 40минутта орындала ма?
Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART мақсат бойынша сипаттарына жауап берсек, жұмысымыз да соғұрлым нәтижелі болмақ.
Дәстүрлі сабақ беру әдістемесі бойынша біз үш мақсатты белгілеп жүрдік.
Ол үш мақсаттың орындалғаны маңызды емес, көп болып жазылып тұрса, көп жұмыс жасайтын сияқты түсінікке шырмалып қалғанбыз. Мысалы, қазақ тілінен тақырыпқа қатысты жаттығуларды қарап шығамыз да, еңбек туралы мақал болса, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу деп мақсат жаза саламыз. Ал ойсыз жазылған мақсаттан нәтиже шықпасы белгілі. Бұрынғы сабақ беру жүйесіндегі сабақтың мақсаты мен SMART мақсат бойынша құрылған сабақты салыстырып қарайық.
Оқыту мақсаттары - мұғалімдер оқушыларға үйреткісі келетін мәселелер:
-
Сіз оқушылардың нені білгенін қалайсыз?
-
Олар қандай түйінді идеяларды түсінгенін қалайсыз?
-
Өзіңіз ойлаған қандай сұрақтарды оқушылардың оқығанын қалайсыз?
Оқыту нәтижелері Сіздің табысқа жеткен-жетпегеніңізді көрсетеді :
-
олар оқушыларға бағытталуы керек;
-
көп жағдайда дағдыларды сипаттайтын нақ осы шақтағы етістік түрінде келеді;
-
оқушының жетістігі тұрғысынан жазылған.
Оқушылардың жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. Джон Кеннедидің «Ұлттың дамуы толығымен білім сапасының дамуына тәуелді» деген ұлы сөзі бар. Демек, мақсатты дұрыс қою арқылы біз сол сабақтағы жұмыстың нәтижесін болжаймыз. Сабақты өткізген соң мақсатымызға қайта оралып, оқыту тиімділігін анықтай аламыз. SMART мақсатқа сай құрылған сабақ табысты оқытудың кепілі болмақ. Мұғалім жұмысында әдістемелік тақырыпты таңдап алып, сол бағытта жұмыстанамыз. Кейде сол тақырыптың атын ұмытып қалып, мұғалімдердің "Білмеймін, бірлестік жетекшісі біледі" дегенін де естіп жүрміз. Ол неліктен? Себебі тақырып та, мақсат та дұрыс таңдалынбаған. Ал мұғалімнің қызығушылығын оятпаған тақырып оқушыға қажет пе? Бұл ойланатын жағдай. Сондықтан әрбір жұмысты бастаған кезде "Мен нені нақты жүзеге асыра аламын, менің қолымнан не келеді?" деген сұраққа жауап беріп, кіріскеніміз дұрыс. Мақсатымыз аз болған сайын нәтиженің нақты және сапалы болатынына менің көзім жетті.
Мақсат жұмыстың нәтижесін анықтайды. Мысалы оқушы сабақ сұраған кезде мұғалімнің өткен сабақта айтқанын оқушы қайталаса, ол көшірме болып саналады. Ал Дербес компьютердің даму тарихы тақырыбын өткеннен кейін, оқушы "Адамзаттың ойлап таппайтыны жоқ" десе, ол бағалап отыр. Оқушы мұғалім берген білімді тек тұтынушы емес, өндіруші болса ғана, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Оқыту нәтижесіне бізді SMART мақсатқа сай құрылған сабақтар жеткізеді деп ойлауға негіз бар. Әр жұмысты аяқтаған соң, қойған мақсатымызға қайта оралып, нәтижені сараптаймыз. Ғалымдар рефлексияны сананың «өткенге жүгінуі» деп сипаттайды. Ал өткенге жүгіну арқылы біз жаңа мақсат қойып, жаңа іске кірісеміз.
Ұлы Абай: "Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ!" деген еді. Бар өмірлік мақсатын төрт ауыз сөзбен түйіндеген ақынның берер жемісі азайып кеткен жоқ. Қаншама ғасыр өтсе де, сарқылмайтын кенге, таусылмайтын рухани азыққа айналды.
Мақсатты дұрыс қою- адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды. Себебі оған оңай қол жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. Сондықтан мақсатқа деген талап өте күшті болуы керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабаққа қойылатын педагогикалық мақсаттар. SMART мақсат

шағым қалдыра аласыз