400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақта белсенді технологиялар арқылы оқушы бойында рухани – адамгершілік құндылықтарды дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда қоғамның ең жоғары құндылығы - Адам. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан экономикалық, әлеуметтік, демократиялық өзгерістердің бәрі сол адам үшін, оның қайта түлеуі және игілігі үшін жасалуда. Міне, осы орайда ұлттық салт - дәстүрімізді білу, өзімізді - өзіміз танып, өзгелерге таныту бүгінгі қоғам сұранысына лайық, ұлттық қасиет сапалары жоғары, ғасырлар бойы жалғасқан мол халықтық мұраны өз бойына сіңірген, кемелденген толымды адам тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақта белсенді технологиялар арқылы оқушы бойында рухани – адамгершілік құндылықтарды дамыту

Бүгінгі таңда қоғамның ең жоғары құндылығы - Адам. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан экономикалық, әлеуметтік, демократиялық өзгерістердің бәрі сол адам үшін, оның қайта түлеуі және игілігі үшін жасалуда. Міне, осы орайда ұлттық салт - дәстүрімізді білу, өзімізді - өзіміз танып, өзгелерге таныту бүгінгі қоғам сұранысына лайық, ұлттық қасиет сапалары жоғары, ғасырлар бойы жалғасқан мол халықтық мұраны өз бойына сіңірген, кемелденген толымды адам тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.

Толымды кемелденген тұлға дегеніміз - білімді де білікті, бірнеше тілді меңгерген, өзгемен араласуға, қарым - қатынас жасауға икемді, еңбек етіп өзін ұдайы жетілдіріп отыруға ұмтылысы бар, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қадірлейтін, өзін - өзі көтере алатын, адамгершілік қасиет сапалары дамыған, ұлттық салт – дәстүрді өз ұлтының тарихын меңгерген, іскерлігі, тәрбиелілігі тоғысқан әмбебап адам.

Жоғарыда атап өткен қасиет иелерін тәрбиелеуде «Өзін - өзі тану» пәнінің орны ерекше. Мен өз сабақтарымда қазіргі таңда білім саласында қолданылып отырған белсенді технологиялардан көп пайдаланамын. Атап айтсақ, СТО – « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту » технологиясы.

Зерттеудің мақсаты - оқушылардың іздену, өзін - өзі дамыта білу қабілеттерін арттыра отырып, тұлға ретінде дамыту; сапа көрсеткіші арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Зерттеудің міндетті – сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін анықтау және негіздеу; зерттеуге алынған сыныптың ерекшеліктерін оқып - үйрену, сараптау; олардың іскерлігінде жаңартуды қажет ететін жағдайларды анықтау; талдау, сараптау нәтижесі бойынша іс – шаралар жоспарлап, жүзеге асыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқу процесіне сын тұрғысынан ойлау технологиясын енгізе алсақ, дәстүрлі оқыту кезінде өзекті болып келген сапа мәселесін толық шешуге болады. Тұлғаның таным белсенділігін арттыруға, өздігінен танып білуге ұмтылуын қамтамасыз етуге, сын көзбен бағалауға, өзінің ойын, көзқарасын негіздей алуға үйретуге мүмкіндік туады. Сөйтіп, ол оқушының ғылыми көзқарастарын тереңдетіп, пәнге қызығушылықтарын арттыруға, өздігінен жұмыс жасау белсенділігін арттыруға көмектеседі.

СТО – « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту » технологиясы – шындалған ойлау, кез – келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; күрделі мәселелерді шешуге аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық; үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан – жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.

Бұл технология мынадай ұш құрылымнан тұрады:

  1. Қызығушылықты ояту

  2. Мағынаны ашу

  3. Ой толғаныс

Қызығушылықты ояту – жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы біліммен ұштастыру. Бұл кезеңде « Миға шабуыл », « Ішіне және сыртына », « Топтастыру » стратегияларын қолдануға болады.

Мағынаны тану – жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. « Кубизм », « Аяқталмаған сөйлем », « Екі түрлі түсінік » технологиялары бұл кезеңде қолдануға қолайлы.

Ой толғаныс – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайды. Бұл кезеңге « Еркін жазу », « Әлемді шарлау », « УСМҚ » әдістерін кіргізуге болады.

СТО технологиясын өз сабақтарында пайдаланған мұғалім төмендегі нәтижелерге жетеді. Оқушы:

- өз бетімен қосымша ізденуге дағдыланады;

- өз ойын еркін, ашық айтуға, пікір алмасуға үйренеді;

- өз өмірі мен қоршаған ортаға сын көзбен қарайды;

- шығармашылық қабілеті дамиды;

- өзгенің пікірімен санасып, бір – бірін бағалауға үйренеді;

- мұғаліммен еркін сөйлеседі;

- өзін жеке дара тұлға ретінде таниды;

- оқығанын талқылауға үйренеді;

- пәнге қызығушылығы артады;

- жан дүниесі тәрбиеленеді.

Бұл технологияның түрлі әдістері арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпынады. Бұл оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады.

Мұнда мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып - үйренетінін айтып, жасатып отырады. Мұғалім – пікірталасты ұйымдастырушы, білім алуды ұйымдастырушы.

Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.Дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді. Өзара қарым - қатынас қалыптасады. Жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады. Бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады. Машықтандыру жаттығулары жасалады. Оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі. Сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды. Мұғалімнің сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Педагогика және психология

2.Самопазнание

3. « Мектеп » журналы 2013 жыл наурыз 3 – сан 5 - бет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі