«Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс - тәсілдің түрлері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс - тәсілдің түрлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді. Білім сапасы артады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс - тәсілдің түрлері» 
1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. 

2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді. 
3. «Миға шабуыл» стратегиясы  Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. 4. “3 таяқша” әдісі    Берілген тақырыпқа байланысты  1 сұрақ , 1 жауап, 1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. 
5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс) Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ. Семинарға не үшін келдіңіз?  Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.  «Әдіс алмасу үшін.» 
6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі  Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде 
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды. 
7. «Он сұрақ!» әдісі. (мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру) Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. 
8.«Серпілген сауал» әдісі Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. ?” 
9. «Құпия зат» – мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ 
10. «Лездеме әдісі. Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:  Конверттен бір сөзді бір рет алу  Сөздің өзін атамай түсіндіру Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді! 
11.«9 - ромб» әдісі Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.  12. «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда. 
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз. 
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды; 
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді; 
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл. 








Кері байланыс түрлері  1.«Алма ағашы» әдісі 
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 
2.«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. 
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. 
3.«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 
4. «Таңдау» әдісі. 
• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 
• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 
• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. 
• Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады. 
5. «Тазалық» ойыны 
• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 
1. Чемодан(суреті) 
2. қоқыс жәшігі (суреті) 
3. еттартқыш (Суреті) 
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) 

6. Қажетті сөздің астын сызыңыз.

1. Мен сабаққа - белсенді қатыстым/қатысқанжоқпын .

2. Сабақта орындаған жұмысыма - ризамын/риза емеспін.

3. Сабақ мен үшін - ұзақ / қысқа болды.

4. Мен сабақта - шаршадым/ шаршаған жоқпын.

5. Менің көңіл-күйім - көтерілді/түсіп кетті.

6. Мен үшін тапсырмалар - қызықты/ қызықсыз, жеңіл/күрделі болды.

7. «Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келеді соны жазады.

8. «Бестік» ҚАҒАЗДЫҢ БЕТІНЕ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДЫҢ САУСАҚТАРЫН АЙНАЛДЫРА СЫЗЫҢЫЗДАР. Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз ойларыңызды айтасыздар. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық Сұқ саусақ – маған қиын болды Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады Төртінші саусақ – менің көңіл күйім Бесінші саусақ – менің ұсынысым

9. «Блоб ағашы» әдісі

Оқушы сабақта алған білім деңгейлеріне қарай өздерін сурет ішінен тауып бояйды.

Неге сондай деңгейде тұрғанын түсіндіріп кетеді.

10. «Мадақтау сэндвичі» 1-бөлік- не ұнады? 2-бөлік не нәрсені жақсарту керек? 3-бөлік- маған ұнады, бірақ келесі жолы ...



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2019
3883
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі