«Сабақта топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сабақта топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?».

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыруға, өз идеяларымен алмасуға көмектесу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Диалогтік оқыту- сөйлеу тілін қалыптастырудағы белсенді үдеріс

Мақсаты:

Мұғалімдерге сабақ барысындағы диалогтің маңызы туралы дағдысын дамыту.Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқыту туралы ұғымдарын қалыптастыру және тәжірибелеріне енгізу әдістерінің жолдарын дамыту.




Табыс критерийлері

Диалог- мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.

Тілдің оқыту мен оқудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым қатынас жасауда өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектеседі.

Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны жеке тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару.

Оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастыру

Күтілетін нәтиже

Диалогтік оқыту туралы ұғым қалыптасады;тәжірибеде қолдану арқылы оқу, оқыту үдерісінде оқушылардың бірлескен әрекеті, белсенді қарым-қатынас қалыптастыра алады; пікір алмасу, талқылау, зерттеу барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға мұғалім түрткі болып отырады.

Ресурстар

АКТ,  МАН, флипчарт, маркерлер, стикер,кубик, кәмпиттер.

Барысы

Әдіс- тәсілдер

Қатысушылардың әрекеті

І. мақсаттарды

1.Мұғалімдерді конфеттердің түстеріне байланысты бөлу

2.«Қазақстан картасы»

1.Конфеттердің түстері бойынша топтарға бөлінеді.

2.«Қазақстан картасы». Картаға қалаларды орналастыру

ІІ. Ағымдағы жағдайларды талдау

1.Видео «Егіздер».

2.Коуч сұрақтары:

Осы балалардың арасында не болып жатыр?

-Диалог –дегеніміз не?

-Диалог не үшін керек?

-Диалог арқылы неге қол жеткізуге болады?

3.Коучингтің тақырыбын, мақсатын ашу


1.Видеоны көріп.

2.Сұрақтарға жауап бере отырып әр топтан мұғалімдер өз ойларын айтады

3.Тақырыбын ашып өздері мақсат қояды.


ІІІ. Мүмкіндіктерді қарастыру

Қатысушыларға «Егер жазғы үш айлық каникул қыс мезгіліне ауыстырылса…» деген жағдаят беріледі


Қатысушылар жағдаятқа байланысты келіспейтін дер мен қолдайтындар болып екі топқа бөлініп дебатқа түседі


Рефлексия






















Кері байланыс күнделігін таратып сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады

Кері байланыс күнделігіне ұсыныстары мен сабақтан алған әсерлерін жазады немесе бейнелейді.





Диалогтік оқыту- сөйлеу тілін қалыптастырудағы белсенді үдеріс Коучинг сабағына рефлексивті есеп

Осы коучингті өту барысында әр күніміз сәттілікке толы болсын, әрқашан тілімізден бал тамсын деп тәтті сыйлаудан бастадым. Жемістердің түрі арқылы топқа бөліп, тақтадағы ілулі тұрған картаға назар аударттым.

  • Қай елдің картасы? Деген сұрағыма Қазақстан Республикасының

картасы деген дұрыс жауап алдым. Олай болса, осы картаны қалалармен толықтырайықшы деп әр қаланы өз орындарына қойып картаны әсемдедік. Бұл картаны не үшін ілгенімді сұрадым. Қазақстан елінің әр аумағы бойынша жаңа технологияны дамытып, білімді ұрпақты тәрбиелеу біздің міндетіміз екенін есімізде сақтап жаңалықты өзімізден бастап үйренуге шақырдым. Интерактивті тақта арқылы көрсетілген «Егіздер» видеосын тамашалағаннан соң, бұл сәбилердің арасында не болып жатқанын сұрадым. Екеуінің арасындағы әңгіме екенін, диологқа түсіп жатқанын қатысушылар айтып бүгінгі коучинг сессиямыздың тақырыбын, мақсатын аштық. Мұғалімдерге берілген бірінші тапсырма жағдаят болды. «Оқу бағдарламасындағы өзгеріс. Жаздағы үш айлық демалыс қыс айларына ауыстырылады екен» деген жағдаятқа ой бөлісуге ортаға шақырдым. Қатысушы мұғалімдер келісетіндері сол жағымда тұрып, (егер, демалыс қыс мезгіліне ауыстырылса дұрыс болар еді. Өйткені қыста күн өте суық болғанда көп жерлерде оқушылар оқи алмай жоспардан қалып қоятындығы жылда кездеседі. Сондықтан қыстың ең суық айларында оқушылар демалса тиімді болар еді) келіспейтіндері оң жағыма тұрып (егер демалыс қыс мезгіліне ауысатын болса, онда оқушылардың білім алуында ілгері басу болмайды. Өйткені аптап ыстық кезде оқу оқушылардың денсаулығына зиян. Бала тұрмақ өзіміз де шаршап қаламыз) деп, екіге бөлініп не үшін келісетіндерін неге келіспейтіндерін айтып пікір таластырды. Нәтижесінде екі топ та өз ойларында қалды.

Диалогтік оқыту оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік беретінін, оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектесетінін, мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екеніндігін көруге көмектесетінін түсіндірдім. Диалогтік оқыту- «мұғалім- оқушы» және «оқушы- оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіругежетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдістері екенін коучинг барысында олар түсінді деп ойлаймын.

Слайд арқылы осы әңгіменіңүш түрімен танысып болған соң өздерінің бүгінгі коучингте осы әңгіменің үш түрін көрсеткендерін айттым. Қай тапсырманың қай әңгімеге жататынын сұрадым. Сол кезде: «Оқу бағдарламасындағы өзгеріс. Жаздағы үш айлық демалыс қыс айларына ауыстырылады екен» деген жағдаяттың Әңгіме- дебат екенін, «Жаңа технология (топтық жұмыс) мен дәстүрлі сабақтың ерекшеліктері мен ұқсастығын көрсету» шығармашылық жұмыстың Кумулятивтік әңгіме екенін, «Жауынгердің хаты» Зерттеушілік әңгіме екенін бірден өздері айтып, дәлелдеп берді. Сабақта осы әңгіменің түрлерін пайдаланып, сабақтарын қызықты өтетіндеріне сенім артып, коучингтің қалай өткенін «Ойлаудың 6 қалпағы» бойынша қорытындылауды өтіндім. Кері байланыс күнделігін таратып, мұғалімдердің ой- пікірлерін білдім.

Білемін, Үйрендім, Білгім келеді әдісі бойынша стикерге кері байланыс рефлексия жазып ойларын тақтаға ілді. Келесі коучингтің тақырыбын мұғалімдердің ұсыныстары арқылы тағайындап аламын.

Осы коучингте маған ұнаған тұстары, жалпы жақсы өтті. Мақсатыма жеттім, әңгіменің үш түрінде қатысушылар түсіне алды. Осы өткізілген коучингтегі ұнамаған тұстарына тоқталсам бағалауды жүргіздім дегенмен де бағалауды екі жұлдыз бір тілекпен бағалағанмен әр топқа ұсыныстарын ауызша да айтқызуым керек еді. Осы жері сәл түсініксіздеу болды ма деп ойлаймын. Келесі коучингте мұқият болуға тырысамын. Коучингтен кейін өзімнің алдыма төмендегідей мақсат қойдым:

  1. Коучинг сессияға қатысқан мұғалімдермен әріптестік байланыста болу.

  2. Әріптестеріме көмек қажет болғанда қол ұшын созу.

  3. Алдыға қойған мақсатыма жету үшін өзімді кәсіби жетілдіріп, үнемі ізденісте жүріп, диалогтік оқыту әдіс- тәсілдерін жетілдіре түсемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
791
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі