400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтан тыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға тәуелсіздіктің қадірі,егемендік жайлы айтып өту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сценарий.

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»



Пролог

(сахна сыртында)

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған

                                                                                                 

1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз! 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Күндер өтті кешегі

Жігер құм боп жасыған

Несіне оны жасырам

Әнұраным бүгінгі

Баға жетпес асыл ән-деп бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесін

ҚР әнұранымен бастаймыз.

     

Әнұран орындалады.                                                                                   

1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,

 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.


Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 


О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Құттықтау сөз мектеп директоры Жусипова Азиза Полатқызына беріледі.

2-жүргізуші:
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,


Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты

аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас.


1-жүргізуші:

Олай болса тарихқа бір сәтке көз жүгіртейік.

Баяндама Мұсабекова Гулмира


2- Жүр: Қазақ дейтін менің бір елім,


Жатыр алып жарты дүние әлемін.


Бұл даланы анам жаспен суарған,


Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов

ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.    

Ендігі кезекті көркемсөз шеберлеріне берейік.                       

 1-ЖҮР:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,


Кеңейттім кең әлемге керегемді.


Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар


Таныды тепе-тең деп тереземді.


Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,


Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.




Хор:

1-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің


Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің


Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің  

                                                                                                                                                  

2-жүргізуші:

Тауларым бар таңырқатқан шыңымен

Ұл-қызындай даламыз бар ұлы кең

Алдарыңда басымды иіп өр халқым

Құттықтаймыз елімді 25 жылдық тойымен-дей келе ендігі сөзді өз құттықтауларын ала келген қонақтарға береміз.

1-жүргізуші:

                                                                                                                         Көк туым көтерілді бағым жанып,


Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.


Шырқадым әнұранды бар дауыспен,


Арманым –Ата заңым қабылданып.                                                                                                           2-жүргізуші:

                                                                                                                  

Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О,Тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне ,Тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Келесі кезекте ұлдардың орындауында би

1жүргізуші:                                                                                     Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап


Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап


Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 


Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


 2-жүргізуші Ендігі кезекте «Қазақ хандығының құрылуы»

атты көрініс тамашалаңыздар.

                                                                                                                      Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады

,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па


Өз-өзінен жүрегім ән салады.


Ән.Бердикулова Ақмаржанның орындауында


1-жүргізуші:Мен қазақпын ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін егеменмін озатпын.

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпын.

Келесі кезекте би қыздардың орындауында

                                                                                                                         
 2-жүргізуші:

Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.


Келесі кезекте марапаттау рәсімі.

  1. жүргізуші:

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал , елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма


Қабылдау рәсімі.

2-жүргізуші

Туған ел Қазақстан арайлы

Бүгін саған әлем түгел қарайды.

Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның

Бейбітшілік таңы әр кез арайлы

Келесі кезегімізде хор «Атамекен»

Орындайтын мектеп оқушылары


1-жүргізуші

Арайлы азаттықтың нұрын құшқан,

Шолпандай жарқыраған күншығыстан

Тәуелсіз Қазақстан –туған елім,

Досы көп , бата алмайды бір де дұшпан.


2-жүргізуші

Ел-халқымның Елбасына айналып,

Шықтың қайта төр басына сайланып,

Тәуекел деп абыройға сүйенген,

Қазағыма жетер дейсің қай халық


1-жүргізуші

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.



2-жүргізуші

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!



                                                                                                                         



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі