400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтан тыс іс - шара "Бейнелеу өнері әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы сабақ ең бірінші пән мұғаліміне көмекші құрал. Сабақ барысында "Досыңа тілек"атты шаттық шеңберде ең бірінші балаларды мейірімге және ұйымшылдыққа шақырады. Әріқарай топты бөлу арқылы оқушылар бірігіп, ұйымдасып жұмыс жасайды. Топтық тапсырмаларда саралап, постер қорғайды. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі. Бейнелеу өнерінің қыр сырларын үйреніп шығады оқушылар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 6

Сыныптан тыс іс – шара тақырыбы: «Бейнелеу өнері әлемінде»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру, бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету, алған білімдерін еске түсіру.

Дамытушылық: Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.

Тәрбиелік: Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.

Көрнекілік: слайдтар, құрастырма суреттер, карточкалар.

Құрал-жабдықтар:плакат, қарындаштар,фломастер, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сабақ барысы:Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Бейнелеу өнері әлемінде» атты сыныптан тыс іс – шарамызға қош келдіңіздер. Балалар, сабағымызды бастамас бұрын ортаға шығып шеңбер құрайық,бүгінгі сабақта қандай көңіл – күй тілейсіңдер, соны қағазға смайлик түрінде салып тақтаға ілеміз.

Балалар,бүгінгі іс шарамыз сайыс түрінде өтеді. Ортамызда 4 топ сайысқа түспекші :

І топ «Кескіндеме»,

ІІ топ «Графика».

ІІІ топ «Палитра»

ІҮ топ «Акварель»

Әр топ өздерінің ұрандарымен таныстырып өтсін.

Талабы таудай баламыз, Біз өнерді сүйеміз,

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасын сайлап алайық: Оқу ісінің меңгерушісі: Утепбергенова Г.К.

Көркем еңбек пәні мұғалімі: Амантурлиев Б.Б.

Сайысымыз 4кезеңнен тұрады:

1.«Бейнелеу құралдары» кезеңі

2. «Натюрморт» кезеңі

3. « Құпия сөздер » кезеңі

4.«Клякса» кезеңі

Сайысымыздың әр кезеңі

5 баллмен бағаланады.Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

1.«Бейнелеу құралдары» Тапсырма: Сұрақтарға жауап бере отырып бейнелеу құралдарын жинап шығу қажет. Дұрыс жауапқа 1құрал.

• Бейнелеу өнерінің жанрларын ата? (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистік жанр, маринистік жанр)

• Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма? (Пейзаж)

• Суға тез еритін бояу? (Акварель)

• Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

• Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)

• Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

• Бейнелеу өнерінің түрлерін ата? (кескіндеме, графика, дизайн, мүсін, сәулет өнері, сәндік -қолданбалы өнер)

• Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

• Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)

• Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма? (анималистік жанр)

• Қалам, тушьпен салынған өнер қалай аталады? (графика)

• Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)

ІІ .«Натюрморт» кезеңі. Аппликация техникасында натюрморт құрастыр. Яғни, берілген суреттерді жапсырып ,натюрморт құрастыру қажет. Композиция дұрыс құрылған топқа 5 ұпай беріледі.

ІІІ. « Құпия сөздер» кезеңі. Берілген торкөздің ішіне жасырылған бейнелеу өнеріне байланысты сөздерді табу қажет. Көп сөз тапқан топқа 5 ұпай беріледі.







Н А Т Ю Қ Ы Л Қ А Л А М

П Е Й Р М О Р Т М Ү С І

А С З А Ж Г Р А Ф И К Н

К Ә Қ А Р Ы Н Д А Ш А А

В У П Е Р С П Е К Т И В

А Л Д П О Р Т Р Е Т Т У

Р Е И П А Л И Т Р А М Ш

Е Т З А Й Н А Л Ь Б О Ь

Л Ь К О М П О З И Ц И Я



Барлығы 15 сөз: натюрморт, пейзаж, қылқалам, мүсін, акварель, сәулет, графика, қарындаш, перспектива,портрет, дизайн, палитра, альбом, тушь, композиция.

IV. «Клякса» кезеңі. Клякса-бояу тамшылары және үрлеп салу техникасын қолданып «Табиғаттың таңғажайып сыры» атты тақырыпқа сурет салу.

VІ. Қорытынды. Сайысты қорытындылау. Әділ – қазылар алқасының шешімін тыңдап, топтарды марапаттау. Балалар сендер бүгінгі сабағымызда тапсырмаларды өте жақсы орындап, белсенділік таныттыңдар. Барлықтарыңызға көп рахмет!

VІІ. Рефлексия. «Бояу тамшылары»(клякса):

1. Бүгінгі сабақта не ұнады?

2. Қай кезең қиын болды? - деген сұрақтарға жауап жазып палитраға жапсырады.

Іс шарамыз аяқталды сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
901
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі