Сабақтан тыс іс-шара: Менің елім-Қазақстан

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Сабақтан тыс іс-шара: Менің елім-Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіздігімізді бағалай білуге тәрбиелеу және білім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай ауылындағы №2 орта мектебі» КММ









«Менің елім - Қазақстан!»

атты 3-4 сыныптар арасындағы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына

арналған өлең шығару сайысы







Жауапты: Шығанақ А.Ж





2021-2022ж

«Менің елім - Қазақстан» тақырыбында өлең шығару сайысы



Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы .

Жеткен арман - жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,
Қолға қонған бақ құсындай аялаған
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.



Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің елім - Қазақстан» атты 3-4 сыныптар арасындағы өлең шығару сайысымызды ұсынамыз.





Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 



Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 



Қазақстан – өз әнұраны, елтаңбасы, көк байрағы мен ұстанымы бар зайырлы мемлекет. ТМД елдері арасында тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялаған күннен бастап бұл елдің өз халқы, өзіне тән ұлты мен тілі бар.



Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.



Мақсаты: Өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты отаның, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіздігімізді бағалай білуге тәрбиелеу және білім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру.



Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.



Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.



Көрнекілігі: өнер жайлы нақыл сөздер («Өнерлі өрге жүзеді», «Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер»), құрастырма суреттер, суреттер.



Shape1





Сайыс барысы:

Армысыздар құрметті сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі музыка сабағынан 3-4 сынып оқушылары арасындағы «Менің едлім - Қазақстан» атты сайысына қош келдіңіз.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық:

  1. Акылова Гулнар – көркем еңбек пәні мұғалімі

  2. Башанова Айгерім – қазақ тілі пәні мұғалімі

  3. Молгеждарова Назым - көркем еңбек пәні мұғалімі

Өнер десе өртеніп жанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер.

Кез келді өзін-өзі таныстырар:

3А сынып оқушысы: Сабыр Арайлым



3 Ә сынып оқушысы: Құрбанәлі Еламан



3 Б сынып оқушысы: Сұлтан Назым



4Ә сынып оқушысы: Азатжан Айару



4Ә сынып оқушысы: Махмуд Іңкәр



4Б сынып оқушысы: Қосман Марғұлан



4В сынып оқушысы: Бауыржан Алиби



Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып жас өскелең

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, - деп өлең шығару сайысы мен таныстырып кету.

Интерактивты тақтада видеороликтер көрсетіледі: «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні», «1991 жылы 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні».

Оқушылар еліміздің жетістіктері туралы білгендерін ортаға салып, шығармашылық жұмыстарын таныстырады.

Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады және сыйлықтар беріледі. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар беріледі.

Бағалау өлшемдері:

  1. Ойлау ерекшелігі

  2. Орындау эстетикасы





Иеленген орындары







Оқушының аты-жөні

сыныбы

Иеленген орындар

1

Сабыр Арайлым

3 «А»

Бас жүлде

2

Қосман Марғұлан

4 «Б»

І орын

3

Құрбанәлі Еламан

3 «Ә»

І орын

4

Сұлтан Назым

3 «Б»

ІІ орын

5

Азатжан Айару

4 «Ә»

ІІ орын

6

Махмуд Іңкәр

4 «Ә»

ІІІ орын

7

Бауыржан Алиби

4 «В»

ІІІ орын



Shape2





Shape3



Shape4











Shape5

Shape6





Shape7

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2022
597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі