жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақтан тыс жұмыс " Білімді ұрпақ ел тірегі " 5 сынып
-
Сыныптан тыс сабағының тақырыбы: «Білімді ұрпақ- ел ертеңі»
Мектеп: № 104 ЖББМ
Күні: 24.10.2017ж
Мұғалімнің аты-жөні:Абдіманап Раушан Абілқасымқызы
Сынып: 5 «А,ӘБ,В,Г»
Қатысқан оқушы саны:
Қатыспаған оқушы саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
-
Білімділік: Оқушылармен пәндерге қызығушылықтарын оята отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа,тапқырлыққа алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушылардың осы уақыта дейінгі өткен тақырыптарына қысқаша қайталау жүргізу.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ барысында өз ойларын ашық жеткізуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа өткізу.
Жетістік критерийлері
Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
Тілдік мақсат
Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.
Қазақша
Русский
English
бөлшек
дробь
Fraction
эквивалент
эквивалент
Equivalent
бөлігі
часть
Part
алымы
числитель
Numerator
бөлімі
знаменатель
Denominator
Дұрыс бөлшек
Правильная дробь
Proper (simple) fraction
Бұрыс бөлшек
Неправильная дробь
ImProper fraction
Аралас сан
Смешанное число
Mixed number
Бүтін бөлігі
Целая часть
Quotient
қалдық
остаток
Remainder
Бүтін сан
Целое число
Whole number
Сан ось
Числовая ось
Number line
Бөлшекті түрлендіру
Преобразование дробь
Enlarging a fraction
ықшамдау
упростить
Simplify
ықшамдау
упростить
Reduce
Құндылықтарды дамыту
Әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту
Пәнаралық байланыс
Информатика, математика, табиғат
АКТ қолдану дағдылары
Интерактивті тақта, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар
-
Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар және ойынға қатысушы сайыскерлер. «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаматтық пен білім қажет» деп Ш.Уалиханов атамыз айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек білімді жастар екені даусыз. Сол білімді жастарды болашақта сендер құрайтын боласыңдар. Осы мақсатпен бүгін математика апталығының он күндігіне орай 5 сынып оқушылары арасында «Білімді ұрпақ- ел ертеңі» атты интелектуалдық сайыс өткізгелі отырмыз.
Көрермендер қадірлі,
Төрлетіңдер келіңдер
Бүгінгі кеш төрінде
Жастықтың оты жалындап
Ұшқыр оймен жарысып
Жұмбақ шешіп аңдасып- дегендей ой мен білім сайысын бастайық.
Бугінгі кештің мақсаты әр сынып оқушыларының математика пәнінен алған білімдерін саралап, сонымен қатар әр сыныптың білімді, алғыр оқушылары, ең білгірі анықталмақ.
Алғашқы кезегіміз таныстыру,
Топтарды бір- бірімен табыстыру.
Айдар таққан атауларн қорғайтындай
Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.
Сайысқа 3 топ қатысады. І топ Жай бөлшектер
II топ Бұрыс бөлшектер
ІІІ топ Дұрыс бөлшектер
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Кім жеңді, кім жеңілді демейік,
Әділ қазы бағасына жүгінейік
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын
Қазыларға төрден орын берейік- деп, әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
Жаратылыстану-математика бірлестігінің жетекшісі: Жұмаділова Д.
Математика пәнінің мұғалімі: Абдіманап Р.А, Мухаева А
Сайыс 4 кезеңнен өтеді.
1. «Мықты болсаң тауып көр?» Дұрыс жауапқа 1 балл;
2. «Ойлан тап, жалғастыр...» Дұрыс жауапқа 1 балл;
3. «Тапқыр болсаң, талас жоқ». Тест тапсырмалары (әр топқа сұрақтар беріледі, сұраққа жылдам дұрыс жауапқа 1 ұпайдан және жылдамдық ескеріледі);
4. Математикалық термин құрастыру. Финал.
Бәйгіге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім-тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік болса сол алда, -
дей келе ой мен білім сайысын бастайық. Ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі топтардың өздерін таныстыруларына кезек берейік.
І кезең топтардың таныстырылуы. «Мықты болсаң тауып көр?
ІІ кезең. «Ойлан тап» Тест тапсырмалары.
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударылғанда қандай мағына береді?
А) түсіндіру, баяндау, мәлімет *
2. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым-
С) информатика *
3. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал-...
А) компьютер *
4. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) бит *
5. Бір байт нешеге тең?
В) 8 бит *
6. Пернетақта- қандай құрылғылар қатырына жатады?
С) сақтау құрылғыларына *
5.Компьютердің енгізу құрылғыларына жатады...
А) Принтер, сканер, плоттер *
6. Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?
С) Программалық жабдықтаманы *
7. Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа-..
А) Операциялық жүйе *
8.ОЖ жүктелуі деген не?
С) ОЖ компьютердің жедел жадына орналасуы *
9. Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер?
А) Саймандар тақтасы *
10. Бас мәзірді шақыру үшін... керек.
В) Бастау батырмасын басу *
11. Windows-те қандай терезелер жоқ?
В) қосымшалар терезесі *
12. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
С) файл *
13. Жарлық – ол:
А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме *
14. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
С) 255 *
15. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет:
В) Атын өзгерту *
ІІІ кезең. «Тапқыр болсаң, талас жоқ».
Шабыт тасып шалқысын,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Білімдеріңді сынайық – келесі кезеңімізде жұмбақ есептер шешсіздер?
Мақалдар
-
«Екі жақсы қас болмас;
екі жаман дос болмас»
-
«Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына»
-
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»
-
«Болар бала он бесінде баспын дейді,
Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді»
-
«Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды»
-
«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады»
-
«Бір адамның жаққан оты он адамды жылытады».
-
Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
-
Оқу - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
-
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
-
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
-
Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
-
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
-
Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.
-
Ғылым – теңіз, білім – қайық.
-
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
-
Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі
Жұмбақтар
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан - жағына қарамай (натурал)
Сұр тырнамыз сабағына
Ұшып келді отыз тырна
Олардан тек он бесі
Дайындалған сабағына
Неше жалқау тырналар
Дайын емес сабаққа? (15)
Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы тұп бойында (сызғыш)
Алды - артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле мен кесінді
Шыққан тегін білсін де (түзу)
Бүкірлеумін, имекпін
Мойынындай үйректің
Сабағыңды білмесең
Мені аласың күнде сен (екілік баға)
Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап (икс)
Нүктеден, екі сәуледен,
Құрылған бұл не екен? (бұрыш)
Біз санбыз сызықпен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)
Он бір түйе, бес жылқы.
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян үш түлкі
Таба алмайсың бос күлкі (барлығы: 28)
ІV кезең.Арифметикалық амалдар. Финал.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректілік
Жеткізеді біздерді
Арифметика сырына- дей келе оқушылардың тапқырлық қабілеттерін байқаймыз.
Осымен 5сыныптар арсындағы сайысымызда өз мәресіне жетті. Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуғадеген құштарлығын оятатын сайыстарымыз көбейе берсін.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жарыстары кәміл шықты.
Біліммен тапқырлықты жеңіске етер дейміз.
Нақты мықты деп әділқазыларға сөз береміз.
Құрметті оқушылар біздің бүгінгі ақыл- ой зерделі ойымыз аяқталды. «Бүгінгі білім- ертеңгі байлығымыз» біздің бәрімізді біріктіріп, басымызды қосқан мектебімізге мың да бір рахмет. 21 ғасыр білім ғасыры өткенімізді білетін, бүтінімізді түсінетін, ертеңімізге сенетін қарапайым азамат болыңдар. Қош сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген