400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтан тыс жұмыс «МИФ ғылымына саяхат» 9-10-11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі








«МИФ ғылымына

саяхат»










(интелектуалды шоу)





DrawObject1










Сынып: 9 – 10 – 11 «А,Ә,Б»

Пән мғалімі: М. Абилдаев

Л. Құрманалиева

Б. Тұтқабаева




2018 – 2019 оқу жылы

Тақырыбы: «МИФ ғылымына саяхат»
Мақсаты:

  1. Физика, математика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;

  2. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

  3. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жакуапкершіліктерін жетілдіру, жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу.

Түрі: Танымдық ойын

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырма парақтары

 Жүргізуші:

Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.


 Ойының құрылымы:

    1. «Ғажайып үштік» кезеңі

    2. «Сыйқырлы ұяшық»

    3. «Логика»

    4. «Біліктілік сайысы»

    5. «Сөзжұмбақ шешу»


Жүргізуші:

Қайырлы кеш қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «МИФ» ғылымына саяхат атты кешімізге қош келдіңіздер. Кешіміз екі топ білімдерін көрсету арқылы өтеді.

Уа, жарандар, жарандар!

Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар

Ғылымдардың ғылымы

Математика, физика, информатика жайында

Ойынымызды бастаймыз

1 - топ

Азаматтық ақыл-кенін ашқандар

Архимед, Ньютон мен Паскальдар

Сусындаған өзің сынды ұстаздан

Ізгі мәңгі өшпейді дастандар

2 - топ

Информатика әлемі

Қызығы мол әдемі

Компьютердей құралды

Меңгердік біз енді

Жүргізуші:

Бүгінде МИФ барлық жерде

Құрылысты, техникада, өндірісте

Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер

Жостар, зерделікпен меңгеріңдер







Әділқазылар алқасы:

_________________________________

_________________________________

_________________________________


Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, — дей келе, сайысқа қатысушы командалармен танысайық.

Қатысушылар:

9 – 10 – 11 «А,Ә,Б» сыныптар

  1. «Ғажайып үштік» кезеңі

«Ғажайып үштікте» үш сұрақ беріледі, кай команда колын бірінші котереді сол команда жауап береді қате жауап берген жағдайда келесі топқа жауап береді дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.


2 кезең «Сиқырлы ұяшық» оқушылар тор көзді таңдап, жауап берген жағдайда сол ұпай беріледі. Жауап дұрыс болмаған жағдайда кезек келесі топқа ауысады.


Физика

  1. Уақыт өтуіне қарай басқа денелерге қатсты кеңістіктегі орнының өзгеруі (мех.қозғалыс)

  2. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы. (кинетикалық, потенциялдық)

  3. Жылу берілу кезінде дененің алған немесежоғалтқан энергиясы ( жылу мөлшері)

  4. Линзаның сындыру қасиетін сипаттайтын физикалық шама (сыну көрсеткіші)

  5. Өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)

Математика

  1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бұйірлі)

  2. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)

  3. Квадрат пен ромбның перимертлері бірдей. Қай фигураның ауданы бірдей (квадрат)

  4. 4 әр түрлі оң сандардың көбейтіндісі 100. Олардың қосындысы негетең? (18)

  5. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін (20)

Информатика

  1. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл … (монитор)

  2. Бір килобайт … тең (1 024 байтқа)

  3. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір немесе бірнеше файлды нығыздау – бүл (Мұрағаттау)

  4. Word бағдарламасының құжатына дайын суреттер қандай әмірлер көмегімен кірістіріледі? (Кірістіру – Сурет – Файлдан – қажетті суретті екі рет шерту)

  5. Excel-де формула қандай символдан басталады? ( =)


3 кезең «Логика» бір парак бетті адамның бойымен өтетіндей етіп, қиюкерек .


4 кезең «Біліктілік сайысы» әріптердің орындары ауысып тұр осы әріптердең сөз құрастыр дұрыс жауапқа 5ұпай


5 кезең «Сөзжұмбақ шешу» әр дұрыс жауапқа 5 ұпай




6. «Қызықты жұмбақтар»

Физика пәні бойынша

1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

 2. Жылдамдықты өзгертеді,

Қоғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қоғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

 3 Көп болса асықпайсың,

Мезетте қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

 4. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньюонға ол келеді. (Күш)

5. Біз, біз, біз едік,

Бірегей жарқын қыз едік.

Тамашада көп болдық-

Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)

Иформатика

1. Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )

2. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғы жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

3. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта)

5. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тінтуір)

Математика

  1. Оң сандарға қол шатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір)

  1. Екі бұрыш ежелден

Тату көрші болған екен

Бірін-бірі толықтырып

Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)



  1. Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес)

  1. Қарама –қарсы қабырғалары

Паралель боп қосылған

Оқыңызшы аталуын

Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм)

  1. Үлкен, кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек

Білейікші оны біз де (теңсіздік)


7.«Мақал –мәтелдер жалғасын тап»

Физика

  1. Түйені жел қозғаса

Ешкіні .... аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс)

  1. Жел соқпаса.... шөптің басы қозғалмайды (күш)

  2. Аузы күйген, .... үрлеп ішер (Кебу)

  3. Ай мен күн ауысты

Тәулікті .... тауысты (жерлің өз осімен айналуы)

  1. Ай жоғары әлемге

Күн жоғары ..... төменге (жарық сәулесі)

Математика

  1. Екі жақса қас болмас

Екі жаман .... ( дос болмас)

  1. Алты жыл аш болсаңда, .... (атаңның салтын ұмытпа)

  2. Жеті жұрттың тілін біл, ... (жеті түрлі білім біл)

  3. Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі)

  4. Қызға ..... (қырық үйден тию)

Информатика

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)

  2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)

  3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)

  5. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)

9. Қорытынды:

Көңіл бөліп бұл кеште

Қатысушыларға көп рахмет!

Алдыңызда жайнаған жүздер әлі

Сендермен кездесеміз біздер әлі, - дей келе біз танымдық ойынымызды аяқтаймыз.

Ендігі кезекте әділ – қазылар алқасын тыңдайық.

Марапаттау, мадақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28.01.2019
1041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі