400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Сабақтан тыс сабақ.«География әлеміне саяхат» сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәніне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«География әлеміне саяхат» сайыс сабақ

  Әрбір мемлекеттің болашағы мектептен шыңдалады. Мектепте  білімді, сапалы, тәрбиелі бала тәрбиелеу мәселесі – біздің еліміздің ұлттық өрлеуіміздің нұрлы болашағының мәселесі. Ал, бұл мәселеге мемлекетіміз үлкен көңіл бөліп отыр. Оқушыларды танымдылыққа баулу, кездейсоқ жағдайларда әр түрлі тапсырмаларды орындауға, шапшаңдылыққа, дағды мен икемдерін дамытуға тәрбиелеу, білім алуға деген ынтасының өсуіне ықпал ететін осындай іс-шаралардың бірі — "География әлеміне саяхат".

Өткізу тәртібі: "География әлеміне саяхат" сайыс сабағына 8-сынып оқушылары қатысады. Сайыс сабағы мынадай шарттардан тұрады: "Таныстыру", "Саяхат", "Құрастыр", "Ашып ал да, ойлан", "Сөз тапқанға",  "Зымыран", "Қорытынды".

          Мұндағы ерекшелік  8"а", 8"ә", 8"б" сыныбынан 6 оқушы алынып, үш топқа бөлу арқылы бір-бірімен жарыс түрінде жүзеге асады . Сонымен сайыс мүшелерімен таныс болыңыздар.

 

   « Материк» тобы        «Мұхит» тобы «Арал» тобы

Әділқазы алқалары:

  1. ___________________________________

  2. ___________________________________

Материк  :      Қашаннан бесік болған  адамзатқа,

                        Бұл материк аталған  әуел баста.

                        Таңғажайып табиғаты  таңдандырған,

                        Алты  бөліктен тұрады:

                        Еуразия, Африка, Солтүстік, Оңтүстік Америка мен Аустралия

Мұхит  :          Материк  жағалауын шайып жатыр,

                        Төрт мұхит және оның теңіздері.

                        Тынық, Атлант, Үнді және

                        Солтүстік Мұзды мұхит,

                        Адамзаттың тіршілігі болған бәрі.

1 кезең. "Таныстыру". Әрбір топ өздерінің топтарының атауын жеке-жеке таныстырып өтеді, бұған 5 ұпай.

  1) «Материк» тобы.          2) «Мұхит» тобы. 3) «Арал» тобы.

2 кезең. "Саяхат". Екі топқа барлығы 5-5-тен 10 сұрақ, әр дұрыс жауап 5 ұпай.                  

"Материк "тобына:

1) Ұлы географиялық ашылудың басталған кезеңі                   (ІX — ғасыр)

2) Орталық Азияға бірінші өтіп, оның батыс бөлігі-Қашғарияның табиғат жағдайлары, халқы, тарихы жайында мәлімет жинаған ғалым кім ?              

                                                                                                  (Ш.Уәлиханов)

3) Қай материкте 16 ел ғлыми стансаларын орнатып, оны табиғаттың жан-жақты зерттейді?                                                                    (антрактидада)

4Ауданы аралдарымен қосып есептегенде 30,3млн км²-ты құрайтын материк?              

                                                                                                            (Африка)

5) Жапония елі қай материкте орналасқан?                                        (Азия)

"Мұхит" тобына:

1) Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²     (361 млн кл²)

2) Африка материгі неше мұхитпен шектеседі?                       (2 мұхитпен)

3) Тынық мұхитының Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болатын жойқын жел атауы                                         (тайфун)

4) Толысу мен қайту құбылысы ненің әсерінен болады? (Айдың тартылыс күшіне байланысты)

5) Мадагаскар аралы қай мұхитта орналасқан?                (Үнді мұхитында)

3 кезең. «Құрастыр» Бұл кезеңде тақтаға алфавит бойынша 25 әріп беріледі. Сол әріптерден география пәніне сөздер құрау. Бұған 10 ұпай

                          а б в г ғ д е ж з и к л м н о ө ұ ү п р с т ш х я

4 кезең. "Ашып ал да, ойлан". Бұл шартта арнайы тақырыпта төрт ұяшық берілген, әрбір тақырып ұяшығында 10 20 30 40 50 60  ұяшықшада тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылған. Ұпайы жауап берген ұяшықшадағы сандарына тікелей байланысты. Мыс: 10, 10 ұпай, 30, 30 ұпай..

5 кезең. "Сөз тапқанға…" ойынның ерекшелігі тақтада 4 әріптен құралған екі сөз беріледі. Сол сөздің әріптері жеке-жеке оқушыларға таратылып беріледі де, сұрақ қойылады. Оқушы алған әр біріне сәйкес жауап беру қажет.  Қызықты  жауапқа 10 ұпай. Берілген сөздер: Мерс, банк( Суреттері берілген)

6 кезең."Зымыран сұрақтары". Әр топтың басшысына жеке қойылатын сұрақтар. 1мин ішінде 20 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай  Зымыран сұрақтары:

«Материк» тобына:

1) Күн жүйесінде үшінші  орналасқан ғаламшар (Жер)

2) Қазақстан туының авторы ( Ш. Ниязбеков)

3) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал атауы? (барометр анероид)

4) Ресей мемлекетінің астанасы (Мәскеу)

5) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)

6) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)

7) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)

8) Өзбекстанның ақша бірлігі (сум)

9) Су қабаты (гидросфера)

10) Канаданың астанасы (Оттава)

«Мұхит» тобына:

1) Ливингстон кім? (саяхатшы)

2) Емен қанша жыл жасайды? (2000 жыл)

3) Ең көп таралған дін (христиан)

4) Ең үлкен арал (Гренландия)

5) Муссон деген не? (жел)

6) Ылғалды материк (Оңтүстік Америка)

7) Ең үлкен материк (Еуразия)

8) Эифель мұнарасы орналасқан қала (Париж)

9) Ең кішкентай құс (колибри)

10) АҚШ – тың қазіргі президенті (Барак Обамма)

                                      «Арал» тобына:

1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)

2) Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)

3) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? ( шаш гигрометрі)

4) Қытай мемлекетінің астанасы (Пекин)

5) Жердің тас қабаты (литосфера)

6) Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)

7) Ең биік тау (Гималай)

8) Германияның ақша бірлігі (еуро)

9) Тіршілік қабаты (биосфера)

10 Үндістан астанасы (Дели)

7 кезең."Қорытынды". Сайыс өз мәресіне жеткен соң, әділқазы алқалары барлық ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.

 Осымен біздің бүгінгі "География әлеміне саяхат" сайыс сабағымыз аяқталды. Бүгінгі жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! География пәніне қызығушылығын одан әрі арттыруға көмек болды деп есептеймін. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
1758
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі