жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сабақтан тыс тапсырмалар
Естаева Кульшат Таурбековна, биология пәні мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
Қазақ орта мектебі КММ
Түсінік хат
Сабақтан тыс тапсырмалар
Жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша жалпы білім беретін мектебінің 6- сыныбына арналған биология курсында «Өсімдіктер» бөлімі оқытылады.
Бұл «Электронды оқу құралында» өсімдіктердің «Жабықтұқымдылар» бөліміне арналған тапсырмалар, дидактикалық материалдар, суретпен жұмыс, кесте толтыру, сынақ сұрақтар, сәйкестікті тап т.б. оқушыларды іздендіруге арналған материалдар бар. Бұл тапсырмалар білімді бекітуге, пысықтауға, қайталауға, шығармашылықпен қосымша жұмыс істеуге негізделген. Қазіргі таңда оқушылар оқулықпен жұмыс істегеннен де әлеуметтік желілерге уақыт бөледі, сондықтан осындай тапсырмалар оқушыларды әр түрлі оқулықтармен қосымша іздендіріп, логикалық ойландыруға маңызды рөл атқарады.
1. Төменде келтірілген өсімдік түрлерін класқа, тұқымдасқа қарай бөліңдер:
І.Дара жарнақтылар класы ІІ.Қосжарнақтылар класы
А.Астық тұқымдастар
Ә.Бұршақтұқымдастар
Б.Лалагүл тұқымдастар
В. құртқашаш тұқымдастар
Г.пияз тұқымдастар
Ғ. Інжугүл тұқымдастар
Д.Раушангүл тұқымдастар
Е.Алқа құқымдастар
1.Шабдалы 2.Күріш 3.Лапыз 4.Сиыржоңышқа 5.Гүлшетен 6. Екпе запыран 7.Сұлы 8.Жалбыз 9.Қызғалдақ 10.Итмұрын 11.Қоға 12.Баобаб 13.Жауқазын 14.Қызанақ 15.Сарымсақ
2.Дара және қос жарнақтылар класын салыстыру
Даражарнақтылар класы |
Қосжарнақтылар класы |
|
|
1.Тұқым жарнағы біреу
2.Тұқым жарнағы екеу
3.Негізгі тамыры жақсы жетілген
4.Жай жапырақтары доғал және қатар жүйкелі
5.Тамыр жүйесі шашақ
6.Жапырағы тор жүйкелі
7.Тамыр жүйесі кіндік
3. Сынақ сұрақтар бойынша берілген өсімдіктер тұқымдасының өкілдерінің ерекшелігін тап.
І. Өкілдері 1. Итмұрын 2.Түймедақ 3.Інжугүл
ІІ. Өсімдіктер тобы 1.шөптесін 2. бұта 3.ағаш
ІІІ. Тамыры 1.тамырсабақ 2.кіндік 3.шашақ
ІҮ.Сабағы 1.тік сабақ 2.қысқарған 3. жатаған
Ү. Жапырағы 1.тор жүйкелі 2.доғал жүйкелі 3. параллель
ҮІ. Кездесетін жері 1.орманда 2.ашық далада 3. батпақты жерде
ҮІІ.Дәрі үшін пайдаланатын мүшелері 1.жапырағы, гүлі 2.сабағы 3.тамыры
ҮІІІ. Гүлінің формуласы 1.Гс(3+3) А(3+3)Ж(3)
2.Т(5)К5А(көп)Ж 3.Т0К(5)А(5)ж(2)
ІХ.Гүлшоғыры 1.себетгүл 2.сыпыртқы 3.шашақгүл 4. шатыршагүл
Х.Жемісі 1.Жидек 2. Құрғақ 3. Тұқымша
4.Өсімдік мүшелерінің ерекшелігін анықта
№ |
Өсімдік мүшелері |
Мүшелер ерекшелігі |
Қай тұқымдасқа тән |
Өкілде рі |
1 |
Тамыр |
1.шашақты 2.кіндік 3.жіп тәрізді
|
|
|
2. |
Сабақ |
1.тік сабақ 2.қысқарған сабақ 3.сабағы бунақты 4.жатаған сабақ 5.шырмалғыш сабақ 6.тамыр сабақ |
|
|
3 |
Жапырақ |
1.параллель жүйкелі 2.тор жүйкелі 3.доғал жүйкелі |
|
|
5.Өсімдік ұлпаларын атап, олардың атқаратын қызметін кестеге жаз
Ұлпаның аты |
Қай мүшеде кездеседі |
Қандай қызмет атқарады |
|
|
|
6.Сабақтың көлденең кесіндісінде кездесетін ұлпалар
Ұлпаның аты |
Қайда кездеседі |
Құрылысы |
Маңызы |
|
|
|
|
7.Раушан гүлінің егілген жерінен төменірек жабайы өркендер өсіп шығады. Бұл өркендерді ертерек алып тастау керек. Не себепті? Жауабыңды дәлелде.
8.Берілген өсімдік түрлері қай тұқымдасқа жататыны анықта:
Меңдуана, дәрмене, қызанақ, қияр, мақсыр, итмұрын, түймедақ, алма, бұрыш, картоп, қауын, қырмызыгүл, шырайгүл, қыша, құлпынай, баклажан , өрік, беже , раушан, өгейшөп, итошаған
І. Раушангүлділер ІІ. Күрделігүлділер ІІІ. Алқа тұқымдастар ІҮ. Асқабақ тұқымдастар.
9. Сынақ сұрақтар бойынша берілген өсімдіктер тұқымдасының өкілдерінің ерекшелігін тап.
І. Өкілдері 1. Итмұрын 2.Түймедақ 3.Інжугүл
ІІ. Өсімдіктер тобы 1.шөптесін 2. бұта 3.ағаш
ІІІ. Тамыры 1.тамырсабақ 2.кіндік 3.шашақ
ІҮ.Сабағы 1.тік сабақ 2.қысқарған 3. жатаған
Ү. Жапырағы 1.тор жүйкелі 2.доғал жүйкелі 3. параллель
ҮІ. Кездесетін жері 1.орманда 2.ашық далада 3. батпақты жерде
ҮІІ.Дәрі үшін пайдаланатын мүшелері 1.жапырағы, гүлі 2.сабағы 3.тамыры
ҮІІІ. Гүлінің формуласы 1.Гс(3+3) А(3+3)Ж(3)
2.Т(5)К5А(көп)Ж 3.Т0К(5)А(5)ж(2)
ІХ.Гүлшоғыры 1.себктгүл 2.сыпыртқы 3.шашақгүл 4. шатыршагүл
Х.Жемісі 1.жидек 2. құрғақ 3. тұқымша
10.Мына суретте өсімдік гүлшоғырларының сызбасы берілген. Осы гүлшоғырлар қай тұқымдас өсімдіктеріне тән, өзің білетін өкілдерді жаз.
11.Өсімдік топтарын салыстыр
Өсімдік топтары |
Ерекшелігі |
|
Құрылысы |
Көбеюі |
|
Ашық тұқымдылар Жабық тұқымдылар |
|
|
12. Сәйкестікті тап:
1. Жемісі қабақ
2. Жемісі бұршаққын
3. Жемісі қауашақ
4. Жемісі жидек
А. құлқайыргүлділер
Ә. асқабақ тұқымдастар
б. алқа тұқымдастар
В. күрделігүлтұқымдас
Г. шаршыгүл тұқымдастар
13.Екінші бағандағы белігілер, қай тұқымдасқа жататынын стрелкалар арқылы белгіле
Тұқымдастар |
Белгілері |
Астық тұқымдастар
Асқабақ тұқымдастар
Раушангүл тұқымдастар
Алабота тұқымдастар
Бұршақ тұқымдастар
Алқа тұқымдастар
Орамжапырақ тұқымдастар
Құлқайыргүл тұқымдастар
Күрделігүл тұқымдастар
Құртқашаш тұқымдастар
Пияз тұқымдастар
Інжугүл тұқымдастар
Көкнәр тұқымдастар
Лалагүл тұқымдастар |
1.Тұқымдары ұсақ қара болып келеді, жапырақтары кезектесіп орналасады, гүлі қос жынысты 2.Басым көпшілігі арамшөп, сабағы мен бұтағы бунақты, гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды 3.Шөптекті, бір жылдық өсімдік, жатаған сабақты, сабағында мұртшалары бар 4.Гүлдері қос жынысты, қосарланған гүлсерігі болады, аталығы өте көп, көбінесе түтікшеге айналып, аналығын қоршайды. Жемісі құрғақ- қауашақ немесе бір тұқымды жаңғақшалар 5.Гүлсеріктері көп қабатты, 5 тостағанша және 5 күлтеден, аталығы өте көп, жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады 6.Тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекетінен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артып, тамырда түтікшелер пайда болады. Гүлінің формуласы Т(5)К(5)А5Ж(2) тағамға, дәрі ретінде, сәндік, улы түрлері бар. 8.Дара жарнақтылар класына жатады.Гүлдері ірі, қос жынысты, дұрыс кейде бұрыс, жапырақтары қылыш тәрізді немесе таспа жапырақты. Жемісі- үш ұялы қауашақ. 9.Тамыры- тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық, гүл формуласы Гс3+3А3+3Ж(3) 10.Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады, гүлдері- ұсақ, жай шатырша гүлге жиналады. Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Жемісі қауашақ. 11.Тамыр жүйесі шашақ тамырлы, жапырағы қатар жүйкелі, сабағына кезектесіп орналасады, жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілшесі бар, сабағы сабансабақ. 12.Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған, тостаған жапырақшасы 4, күлтесі 4, аталығы6, оның 4 ұзын, екеуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт,ақшыл көк, жемісі бұршаққын немесе бұршақша. |
14. Жабықтұқымды және жалаңаштұқымды өсімдіктер бөлімдеріне тән белгілерді анықта /+/ белгісін қой.
өсімдік белгілері |
Жабықтұқым дылар |
Жалаңаштұқымдылар |
1.Өсімдіктердің көпшілігі шөптесін 2.Көпшілігі ағаш немесе бұта түрінде 3. Тұқымдар арқылы көбейеді 4.Спора арқылы көбейеді 5. Бунақденелілер арқылы көбейеді |
|
|
15.Берілген екі тұқымдастың сипаттамасын жаз.
Сипаттамасы |
Шаршы гүлділер |
Бұршақ тұқымдас |
1. Тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді 2.Гүлінің формуласы Т(2+2)К4А2+4Ж(2) 3.Жемісі бұршаққын 4. Бөбешік жапырақшалары болмайды 5.Жапырақтарында бөбешік жапырақ болады 6.Жемісі бұршаққап 7.Гүлінің формуласы Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1 8.Гүлшоғыры шашақ |
|
|
16.Өздерің білетін ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктерін мысалға келтіре отыра олардың тіршілігін салыстыр
Өсімдік аты |
Ағаш, шөпт, бұта |
Өмір ұзақтығы |
Өмірінде неше рет жеміс береді |
Қай бөлігі |
|
Қыста өледі |
Қыстайды |
||||
|
|
|
|
|
|
17. Сәйкестікті тап:
1. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы
2. Лалагүл тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы
3. Інжугүл тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы
4. Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдікткер гүлінің формуласы
А.Гс3+3А3+3Ж(3)
Ә. Гс(3+3)А(3+3)Ж(3)
Б. Т0К(5)А(5)Ж(5)
В. Т2+2К4А2+4Ж(2)
Г. Гж2А3Ж(3)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген