жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақты жаңа ақпараттық технологиямен оқыту – білім сапасының кепілі.
Сабақты жаңа ақпараттық технологиямен оқыту – білім сапасының кепілі.
I.Кіріспе
Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Студенттердің дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.
Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану студент үшін де, мұғалімге де шығармашылық пен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:«Педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, инновациялық іс- әрекеттерді төрт бөлікке жіктеуге болады;әдіснамалық, пәндік-теориялық,әдістемелік, технологиялық. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың бірінші әдіснамалық бөліктеріне кіретіндер;ізгілікті философия, философия ғылымы,ғылым әдіснамасы, педагогика әдіснамасы, әдіснамадағы жаңа білімдер жиынтығы.
II.Негізгі бөлім.
Жас ұрпақ-ел тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп студенттерін отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп
білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы
айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің
болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді
жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.. Білім беру
деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсат үйрете жүріп,
үйрену.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану
стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді. Мен физика пәнін оқытуда
озық технологияларды пайдаланудағы басты мақсатым – студенттерге
білім беру процесінде көмектесу. Бұл жерде оқыту бағдарламаларында,
оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру
бағдарламалары мен тесттік, өзіндік жұмыстар ерекше орын
алады.
Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Физиканы эксперименттік ғылым дейтін болсақ – кейбір мектеп лабораториясының көлемінде түсіндіру мүмкін емес құбылыстар мен тәжірибелер жетерлік. Оларды компьютер көмегімен көруге болады. Мысалы: ғарыштық және микроәлемдік масштабтағы құбылыстар, өте тез немесе баяу жылдамдықта өтетін процестер т.б.. Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады.
- Студенттердің өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;
- Басқа пәндерден алған білімін бекітуге көмектеседі;
-
Жалпы танымдық қабілетінің
дамуына әсер етеді;
- Материалды тез меңгеруге, онымен бірге уақыт
үнемдеуге;
- Табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда көруге мүмкіндік береді.
1.Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану
Сабақта жаңа
технологияларды тиімді пайдалану студенттердің пәнге деген
қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған
ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде
асырылады. Дидактика білім беру мен оқытудың
мазмұнын оқыту принциптерін, оқытуды
ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады.
Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері
де зерттеледі.Қазіргі дидактикадағы көрнекілік принципі
нақты пәндерге және оны
бейнелеуге ғана қатысты емес, оның моделін жасауға байланысты болмақ. Оқытудың
техникалық құралдарының ең
маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен
жоғары дәрежеде қамтамасыз
етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді
пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Дегенмен, сабақта студенттердің ақпаратты
қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін
асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы
оқылатын құбылыстар мен үрдістерге
тереңірек бойлай аламыз.
Сабақтың тиімділігін студенттердің танымдық қызуғушылығын арттыру
үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі
ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға
болады.. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда
мұғалімде, студентте табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының
қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін
меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру
жүйесіндегі өзекті мәселе .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген [1]. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.
2.Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттеу,
Оқыту технологиясы білім
берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде
қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту
процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру
мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық
негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен
мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар
қалыптасуда. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа
қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар
кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын
оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық
технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында
тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология
негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк – әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған
материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн
бағыттайды;
– болашаққа негiзделген –күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк
бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған
курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
– рефлексивтi-креативтi – жаңа ақпараттық технологияларды
меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты
даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
– эргономикалық – нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт
мөлшерi талап етiледi;
– iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi,
бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн
анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған – оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде
оқытушылардың тәжiрибесi қолдану ой-пікірі жүзеге асырылады және
нақытылы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық
үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде
қалыптасу деңгейi анықталады;
– жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады. Білім
беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы
түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету
қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір
тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын
мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа технология мен әрбір
тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін
анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының
бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу
үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік
беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде
тұлғаның оқу үдерісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру
арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз
байланыстырады.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан
Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып
табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық
технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы
ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен
сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
– ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық
құралдармен қамтамасыз ету;
– бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды
анықтап, жүзеге асыру;
– оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны
енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және
оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;
– пәндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм
стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын
ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм
берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн
бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және
мультимедиялық бағдарламаларды, электрондық оқулықтарды
жасақтау;
– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне
еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн
көтеру.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың
біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі
екендігі даусыз. Педагог мамандардың біліктілігін көтеруді
ақпараттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың
біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану,
педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін
және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру
мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси,
экономикалық, мәдени дамудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі
өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін,
оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік
туғызып отырғандықтан алдыма мынадай мақсаттар
қойдым.
– жаңа технологияны
қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу
арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
– жаңа технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың
мамандыққа баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел
ену;
– мультимедиялық электрондық оқулықтарды пайдалану.
– отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық
бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру және т.б.
Қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу
емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық –
педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және
ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан
– жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап
етіп отыр., студенттің өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызып
отыр.
III.Қорытынды.
Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.Студентті пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген