400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Сабақты өзіндік талдау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты өзіндік талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№275 мектеп информатика пәні мұғалімі

Жаксыбаева Балжан Әкишқызы



Сабақты өзіндік талдау

Мен, Жаксыбаева Балжан Әкишқызы информатика пәні мұғалімі 23.11.2023 жылы Информатика пәнінен «3D редакторы құралдары» тақырыбында ашық сабақ жүргіздім.

Сабақтың оқу мақсаты: 6.3.1.3 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдарын пайдалану;

Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: 3D -редактор құралдарының сипаттамасын біледі.

Көптеген оқушылар: 3D-редакторының құралдарын қолданады.

Кейбір оқушылар:Paint графикалық редакторы мен SketchUp программасындағы құралдардың қызметіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтайды;

Оқу мақсатын оқушылардың білім деңгейін ескере отырып сабақ мақсатын шығарып алдым. Сабақ мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін шығарып алдым.

Сабағымызды бастамас бұрын «Кубик» әдісі арқылы жағымды ахуалды қалыптастырып алдым. QR код арқылы топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын сұрау барысында Flippity платформасымен сұрақ қойып отырдым. Кімнің есімі аталады сол оқушы жауап беріп отырды. Өткен тақырыпты еске алып болған соң, жаңа тақырып ашу барысында Flippity платформасы арқылы адасқан әріптер қойып жаңа тақырыпты ашып алдым. Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында SketchUP туралы дайындалған бейнеролик көрсеттім. Оқушыларды сабақ барысында бағалау мақсатында Қуаты отырған робот беріледі. Дұрыс жауап беріп, сабаққа белсене қатысып отырған оқушыға ток қуаты беріліп отырады. 1балл 1 куат күші болып саналады. Осылай оқушылар сұрақтарға жауап беріп күш қуатын ала отырып роботтарын қуаттандырады. Сабақтың соңында қуат күшін санаймыз.

«Жауабын тап» әдісі арқылы топтық жұмыс жасалды. Бағалау критерийіне сәйкес тапсырмалар құрастырдым. Тақырып бойынша талқылайды және қорғайды. «Сенімді серіктес» әдісі жұп болып, бірлесіп орындалады. Әр жұп алдарындағы таратпа қағаздағы ине мен резине арқылы Sketchup программасының құралдарын тауып, сәйкестендіреді. Жеке жұмыс барысында оқушылар кітапта берілген деңгейлік тапсырманы SketchUP программасында орындады.

Сабақ барысында жасалған тапсырманың бәрін дискриптор арқылы құрастырдым. Сол дискрипторға қарап оқушыларды күш қуаты арқылы бағалап отырдым. Тапсырмалармен жұмыс жасау,талдау, талқылау, сараптау жұмыстарын бағаладым. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма дескриптор құру арқылы қорытындыладым.

Сабақта мақсатыма жеттім. Сабақ барысында тапсырмаларға сәйкес саралаудың: диалог және қолдау көрсету, қарқын, жіктеу, тапсырма түрлері пайдаланылады. Топтық, жұптық және жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады. Барлық оқушыларға мысалды талдау, жеке жұмыстар ұсынылады. Оқушыларының басым бөлігі SketchUP программасын пайдаланып орындайды. Қабілеті жоғары оқушыларға SketchUP программасында үй салады.



Информатика пәні мұғалімі Б.Ә.Жаксыбаева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі