400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақты тиімді жоспарлау-жоғары нәтижеге жетудің кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жарияланып отырған сабақ жоспары мектеп тренерлеріне арналады. Мақсатқа бағытталған қысқа мерзімді жоспар құрастыру мен сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру формалары мен бағалау критерийіне сәйкес тапсырма беру жолдары қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы:

Сабақты тиімді жоспарлау-жоғары нәтижеге жетудің кепілі

Тренердің аты-жөні: Мирманова С. И

Күні: 30.10. 18 ж


Шебер сабаққа негізделген мақсаттар

Мақсатқа бағытталған қысқа мерзімді жоспар құрастыру

Оқыту мен сыныпта оқудың ҚБ қалай байланысатынын қарастыру.

Сабақта ҚБ ұйымдастыру формаларын білу.

Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар таңдау.

Тапсырмаға дескриптор құрастыруды үйрену.

Тиімді кері байланыстың не екенін түсіну



Сабақ нәтижесі:


*Жаңартылыған білім мазмұнында берілген оқу мақсаттарына нақты, өлшемді, қолжетімді сабақ мақсаттарын қоюды меңгереді.

*Сабақ мақсатынан нақты критерий қою түсінігі қалыптасады.

*ҚБ тапсырмаларын бағалау критерийіне сәйкестендіреді

*Тапсырмаға дескриптор құрастырады

*Кері байланыстың тиімділігін түсінеді



Бағалау критерийі

Пән мұғалімдері:

- Оқу мақсаттарына сәйкес нақты, қолжетімді, өлшемді сабақ мақсаттарын құрады.

-Сабаққа критерий, дескриптор құрастырады.-

-Кері байланыс арқылы сабағын жақсартады.


Ресурстар

МАН, слайд, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.


Әдіс-тәсілдер

«Санамақ», «Себеттегі сұрақтар», «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі, «Ақпаратты сүзу» әдісі, Стикерлер /«Өте жақсы», «Жақсы»/, кері байланыс «БББ»



Шебер сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :



Әр түрлі сәлемдесу түрін көрсетеді


«Санамақ» әдісі

Басталуы

5 минут






Ойтүрткі сұрақтар

қойылады



Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Сәлемдесу

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«33» әдісімен мұғалімдердің ойын сергітеді


Топтасады

«1», «2», «3», «4» әдісімен топтасады.

«1»-5-сынып

«2»-6-сынып

«3»-7-сынып

«4»-8-сынып

Тақ сандар (1,3) «Қазақ тілі» тобы

Жұп сандар (2,4) «Әдебиет» тобы



Жаңа білім







«Ойтүрткі сұрақтар»

20 минут









Білу және түсіну

Тапсырма: Сабақтан күтетін нәтижеңізді жазыңыз.

Нені білемін?

Нені білгім келеді?






1-сұрақ.Оқу үдерісін жоспарлауда нені басшылыққа аламыз?ҚМЖ жасауда нені ескеру қажет?

2-СҰРАҚ.Бағалау дегеніміз не? Бағалау үдерісінде қандай қағидаттарды білеміз?


3-сұрақ. Қалыптастырушы бағалау жайлы негізгі түсініктеріңіз және оның оқу мақсатымен байланысы қалай?

4-сұрақ. Бағалау критерийі мен дескриптор деген не?


Әр топ сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауаппен салыстырады.

Нәтижесінде:

Берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарына нақты жауап алады.

Жауаптар:

1.Оқу бағдарламасы, ұзақ мерзімді жоспар,күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқу мақсаттары, орта мерзімді жоспар, оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар

ҚМЖ жасауда мұғалім ескереді:

-оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін

-саралап оқыту тәсіліне

-оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді

-әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасайды

2.Оқу жетістігін бағалау - бұл білім алушының кері байланыс арқылы білім беру үдерісін реттейтін және түзететін оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған нақты қол жеткізген нәтижесінің дәрежесін белгілейтін үдеріс

-оқыту үдерісінің бөлінбейтін бөлігі;

-оқытудың сапасы жөнінде ақпараты бар үдеріс

-оқушылардың өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттерін және оқу нәтижелерін үнемі жақсартуды дамытады;

-әр оқушының кемшілігін емес, мүмкіндіктерін анықтайды;

-оқыту үдерісіне қатысы бар тұлғаларды оқытуды қалай өзгертуге болатыны туралы ақпараттандырады;

-тиімді кері байланыс арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында ынтымақтастық орнатады;

3. Қалыптастырушы бағалау оқудың бір бөлігі болып табылады және оқу үдерісі барысында жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім:

- оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, өзінің оқыту әдіс-тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды;

- қандай бағалау тәсілдері оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретінін шешеді;

- қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады;

- оқушылардың оқуы жайында барынша мол ақпарат алады, мысалы, ауызша сауалнамалар, оқушылардың топтық әрекеттері, тапсырманы өз бетінше орындау, тақырыптық зерттеулер, рөлдік ойындарды ұйымдастыру және қадағалау арқылыҚалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады

-оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);

барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген); бағалау белгіленбейді; оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады; әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі; ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:

қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту;

ынталандыру– оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;

уәждеу– оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту.

4. Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға

негіз болатын белгі. Қалыптастырушы бағалауға арналған критерийлер сабақ тақырыбына сәйкес оқу мақсаттарында көрсетілгенді ғана қамтуы тиіс.


Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама

Дескрипторларды құрастыру

Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады.

Дескрипторлар әрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады және тапсырманы орындау кезіндегі әр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны бойынша сенімді және жарамды болуын, сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті, дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді.


Дескрипторларды құрастыруға қатысты ұсыныстар

Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» және т.б. сияқты сөздерді қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауға қиындық туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды.

Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беруге көмектесуі қажет. Мысалы, «дұрыс жауапты көрсетеді» емес, «стандартты түрде жазылған сандардың ретін салыстыру негізінде артық сандарды көрсетеді» деп берілуі тиіс.




«БББ» әдісі






«Құпия жәшік» әдісі



Ортасы

30 минут



Қолдану: «Мен ҚМЖ-ны былай жасаймын»

Әр топ пән бойынша ҚМЖ құрастырады. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі


«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі Бағалау: /Бағдаршам/

Кері байланыс:

20 минут

Талдау: Сараптама жүргізеді

1-топ 2-топты

2-топ 3-топты

3-топ 4-топты

4-топ 1-топты





30 минут


Жинақтау: «ҚМЖ-ны қайта қарастырамын»



«Ақпаратты сүзу» әдісі

Қмж-ға

кері байланыс

5 минут

«Өте жақсы», «Жақсы»

Ең көп «Өте жақсы» стикер алған топ өз ҚМЖ-сына таныстырылым жасайды.

Стикер

«Өте жақсы», «Жақсы»


Шебер сабаққа кері байланыс

Рефлексия Бұл сабақтан не күтемін?

Нені білгім келген?

Нені білдім?






Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?















Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге

назар аудару қажет?


1.



2.


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін әріптестер

не білді?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (келешекте ескеріңіз)?

1:



2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (алдағы уақытта ескеріңіз)?

1:



2:

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі