«Сабақты зерттеу» тәсілі эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны ретінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сабақты зерттеу» тәсілі эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең басында Lesson Study туралы көп нәрсені түсінбедік. Барлығымыз қосылып осы жобаға кірістік. Ең әуелі Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша көп мәліметтер алуға тырыстық. Тренерлер келіп көп мәліметтерді ұсынып, түсіндірді. Әріптестерімізбен ой бөлістік. Біздің шығармашылық топ, қай пәннен, қай сыныпта сабақ өткізетінімізді анықтап алған соң, жоспар құруға кірістік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сабақты зерттеу» тәсілі эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны ретінде

Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұжымына 2014 жылдың қаңтарынан бастап Lesson Study экспериментіне енуге ұсыныс жасалды.

5 шығармашылық топ құрылды.

Сол топтарының бірінің жетекшісі ретінде мен, бастауыш сынып мұғалімі, Абишева Гульназ Балтабайқызы тағайымдалып, жұмыс атқарып жатырмыз.

Біздің топта жұмыс істейтін 4 мұғалім бар: Сол мұғалімдердің ішінде екеуі ІІІ деңгейді бітірген Жалмуканова Шолпан Қинаятқызы және Абишева Гульназ Балтабайқызы

Ең басында Lesson Study туралы көп нәрсені түсінбедік. Барлығымыз қосылып осы жобаға кірістік. Ең әуелі Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша көп мәліметтер алуға тырыстық. Тренерлер келіп көп мәліметтерді ұсынып, түсіндірді. Әріптестерімізбен ой бөлістік. Біздің шығармашылық топ, қай пәннен, қай сыныпта сабақ өткізетінімізді анықтап алған соң, жоспар құруға кірістік. Алдымызға қойған мақсатымыз

«Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім спасын арттыру»

Оқушыларға математика, қазақ тілі, дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерінен тестілеу алынды. Соның нәтижесі бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар үш оқушыны таңдап алдық.

А, В, С оқушыларын анықтадық.

А В С


 Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісіп алдық. Бұл бақылаушылардың мұғалімге емес, бақылаудағы оқушыға (оқушыларға) көп көңіл бөлетіндігін білдіреді. Бақылаушылар бақылаудағы оқушылардың сабақтың әртүрлі кезеңіндегі жауаптарын белгілеп отырып, осы кезеңде жоспарланған нәтижеге сәйкестігін немесе одан алшақтығын ескеріп отырады.

Жалпы 2014-2015 оқу жылы 5 сабақ өткіздік.


сынып

мерзімі

Пән

тақырыбы

мұғалім

3

16.05.2014ж


дүниетану

«Мал шаруашылығы»

Абишева

4

22.10.2014 ж

Қазақ тілі

«Сөйлем мүшесі»

Абишева

4

17.03.2015ж

Әдебиеттік оқу

«Наурыз мейрамы»

Абишева

1

16.01.2015

Дүниетану

«Өсімдік мүшелері»

Жалмуканова

1

16.05.2015

Дүниетану

«Жазғы табиғат»

Жалмуканова


Мен 3 сабақ өткіздім. 3 сыныпта дүниетану пәнінен «Мал шаруашылығы» тақырыбына, 4 – сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сөйлем мүшесі» тақырыбына және

4- сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Наурыз мейрамы» тақырыбына сабақ өткіздім. Жоспарды алдын ала шығармашылық топпен ақылдасып, бірлесе құрастырдық. Мысалы: дүниетану пәнінен «Мал шаруашылығы» тақырыбын өткен кезде мынандай шығармашылық тапсырмалар бердім.










А,В,С оқушыларын бақылаған мұғалімдер осы шығармашылық тапсырмаларды балалар аса белсенділікпен орындағанын байқады. Сондықтан осындай тапсырмаларды көбірек дайындауды ұсынды.


Ал осы сабақ нәтижесін талдау барысында А,В,С оқушыларын ескеріп, деңгейлік тапсырмалар берілмегені анықталды. Келесі сабаққа деңгейлік тапсырмалар дайындау ұсынылды. Келесі сабақ 4– сыныпта «Сөйлем мүшесі» тақырыбына қазақ тілінен болды. Оқушыларға мынандай деңгейлік тапсырмалар дайындадық.


І –деңгей. «Отбасы» тақырыбына эссе жазып, сөйлем мүшелеріне талда.

ІІ–деңгей. Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Бастауыш пен баяндауышты тап.

..... аттанды ..... сауылды.

..... сабақ оқыды ..... тегістелді.

..... оралды.

Керекті сөздер: сиыр, тапсырма, жер, Жанар, жолаушылар.

ІІІ–деңгей. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сыз.

Қайсар сол жаққа қарай бұрылды. Ол ауылдағы досымен кездесті. Екеуі қармақпен балық аулауға барды. Балық күндегіден аз болды. Олар үйлеріне қайтты.

Бұл тапсырмаларды бергеннен кейін С оқушы ІІІ деңгейлік тапсырманы толық орындай алмағаны анықталды. (Яғни С оқушы сөйлемді көшіріп жазды, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойды, бірақ тұрлаулы сөйлемдердің астын сызған жоқ.)

Келесі сабақта деңгейлік тапсырмаларды дайындауына аса үлкен мән беру керек деп шештік.

Үшінші сабақ 4- сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Наурыз мейрамы» тақырыбына өткіздім. Бұл сабаққа ауданның мектебінен әріптестер келіп, қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтті деп, бағалап кетті. Олар да осындай экспериментке қатыссқысы келетінін айтты. Балалар белсенді жұмыс істеді. Ал А,В,С оқушыларына келетін болсақ, алғашқы екі сабаққа қарағанда әжептәуір оң өзгерістер болғаны байқалды. Оны бақылаушы мұғалімдер де айтты. Келген қонақтар да риза болды. Әрбір зерттеу сабағынан кейін бізде лессон стади өтеді. Онда барлық шығармашылық топ бірлесіп, талдау жасаймыз. Сабағымыздың күшті және әлсіз жақтарын анықтаймыз.

3 сабақ бойынша Lesson Study жұмысының қорытындысы, нәтижелері мен жетістіктері.

1-сабақ дүниетану «Мал шаруашылығы»

3 - cын

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А

Даурен сабақта белсенді жұмыс істейді. Өз ойын толық жеткізе біледі. Балалармен қарым-қатынасы жақсы. Лидерлік қабілеті жоғары. Мәтінмен жұмыс істегенде, негізгісін сұрыптай алады, жаңа тақырыпты түсіндіруде белсенділік көрсетеді. Тапсырманы түгелдей дұрыс орындайды.

Басқа оқушыларға топта ойын айтуға мүмкіндік бермеді, лидерлік қабілеті жоғары.

В

Диас сабақта белсенділігі орташа. Басқалардың ойын қабылдайды. Бірақ өзінің білімімен бөліскісі келмейді. Өзін қызықтырған сұрақтарға жауап табуда ізденеді.


Сұрақтарға бір сөзбен ғана жауап береді. Толық жауап жоқ. Көп ойланады.

С

Сабақта өз ойын айтуға ұмтылды. Дәптердегі тапсырманы орындады.

Бірақ тапсырманы толық орындап үлгермеді. Мұғалім қойған сұраққа толық жауап бере алмады. Сабаққа белсенділігі төмен


4-сыныпта № 2 сабақ бойынша Lesson Study жұмысының қорытындысы, нәтижелері мен жетістіктері.

2-сабақ қазақ тілі «Сөйлем мүшелері»

4 - cын

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А

Даурен сабақта белсенді жұмыс істейді. Тапсырмаларды толық орындап отырды. Топта өз ойын жеткізе алады. Сұрақтарға толық жауап береді. Белсенділігі жоғары. Балалардың ойымен топта бөліседі. Бағаны әділ қоя біледі.


В

Диас сұрақтарға жауап берді. Белсенділігі төмен. Тапсырмаларды орындауға тырысты. Білгенін айтты. Топта өз ойын айтуға тырысты.

Диас тақырыпты дұрыс түсінбеген. Тапсырманы дәптерге дұрыс орындай алмады. Топпен тексергеннен кейін 3 баға алғанға көңілі түсіп қалды.

С

Тапсырмаларды орындады. Сұрақтарға бір сөзбен жауап береді. Басқалардың ойын тыңдады.

Белсенділігі төмен.Мұғалім қойған сұраққа толық жауап бере алмады. Топта өз ойын жеткізе алмады. Бұл оқушымен көп жұмыс істеу қажет


4-сыныпта № 3 сабақ бойынша Lesson Study жұмысының қорытындысы, нәтижелері мен жетістіктері.

3-сабақ әдебиеттік оқу «Наурыз тойы»

4 - cын

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А

Даурен сабақта белсенді жұмыс істейді. Аудутория алдында еркін сөйлеуге үйренген. Тапсырмалардың барлығын орындады. Топта өз ойын айта алды. Қорғау кезінде барлығынын айтқанын қорытындылап, өз ойын да қосты. Мақал мәтелдерді өте көп айтты.


В

Диас сабаққа белсенді қатысты. Сұрақтарға қысқа жауап қайтарады. Тапсырмаларды орындады. Топта өз ойын айтты.

Диас қорғау кезінде өте баяу сөйлеп, жалықтырып жіберді.

С

Сабақта тапсырмаларды орындауға тырысты. Сұрақтарға қысқа ғана жауап берді. Мақал мәтелдер айтты. Сабақта домбыра «Арынғазы» күйін орындап берді

Қорғау кезінде екі ақ сөз айтты.



Әрбір сабақтаң кейін балалармен сауалнама алып отырдық. Мысалыға бірінші сабақтан кейінгі А,В,С балаларынан алынған сауалнама қорытындысы мынандай болды.

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары

(1-сабақ)

Сұрақтар

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Саған сабақта бәрінен де не ұнады?


Барлығы ұнады әсіресе бейнефильм, қызықты тапсырмалар

бейнефильм, қызықты тапсырмалар, топпен жұмыс

бейнефильм, сурет салу

Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б.


Мен топпен жұмыс істегенді ұнатамын, жұмысты қорғау ұнайды.

Маған тақтаға шықанда сұрақтарға жауап бергенім ұнады. Мұғалім маған жарайсын деді.

Дәптерге тапсырмаларды орындадым, мәтінді оқыдым

Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?


Тапсырмалардың барлығын орындап үлгердім

сурет салу

сурет салу, тапсырмалар орындадым, мәтінді түсіндім

Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?

Мен ол топта суретті өзім салатын едім, себебі, Аружан суретті жаман салды

Мен бағаны өзім қоятын едім. Мен жақсы жұмыс ісстедім. Бірақ маған топ5 емес, 4 қойды

Мен мәтіннің мазмұнын айтып беретін едім


Келесі сабаққа жоспар құрамыз. Осылай жалғаса береді. Осы лессон стади барысында бізге, мұғалімдерге ұнағаны: бірлесе отырып, жоспарлаған сабағымыздың нәтижесінде біз сабағымыздағы кемшіліктерді, жақсы жақтарын анықтауға мүмкіншілік болды. Lesson Study негізінде 7 модуль бағдарламасымен жұмыс істейміз. Балалар сыни тұрғыдан ойланады. Деңгейлік тапсырмалар беріледі. Баланың шығармашылығы арта түсті. Балалар диалог арқылы ашыла бастады. Сабақты өмірдегі мысалдармен байланыстыра отырып, баланың ойлауы да дами түсті. АКТ кеңінен пайдаланамыз. Мұғалім тарапынан көшбасшылық көрсетемін. Lesson Study сабақтарының нәтижесінде, әрбір баланың бойында өзгерістер байқалды. Балалар бір бірінен қалыспай, жұмыс істеуге кірісті.

Lesson Study іс-тәжірибесінің күшті жақтары:


  • Оқушылар сабақтағы жетістігі: бала аудитория алдында еркін сөйлеуге үйренеді, мінез-құлқы өзгереді, сабақ үстінде өздерін еркін ұстайды, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

  • Сабақ жоспарын құру барысында топ мүшелері бірлесе отырып сабақ жоспарын құрастырады.

  • Сабақ барысында А,В,С деңгейлі оқушыларды мұғалімдер, бақылайды, өз зерттеулерін жүргізеді.

  • Сабақ өткеннен кейін коучинг болады. Топ мүшелері өткізілген сабаққа талдау жасайды, ұсыныстарын айтады.

  • Топ мүшелері сабақтағы біздің қолданған 7 модульді, әдіс-тәсілдердің кейбіреулерін алып өз сабақтарында қолданады. Іс-тәжірибе алмасады.

  • Бұл тәжірибеге тренерлер келіп бақылап, тексеріп, ұсыныстар айтады, бағыт-бағдар береді, үйретеді.

  • Мұғалімдерге көп жұмыс істеп, ізденуге мұқтаж етеді.


Сабақпен қатар аудандық, облыстық, ресспубликалық конкурстарға да қатысамыз. «Мұғалім» журналына біздің мектептегі өтіліп жатқан зерттеу сабақтарымыз, яғни лессон стади туралы мақаламыз жарияланған. «Инновациялық педагогикалық білік –мектеп тәжірибесінде» тақырыбындағы республикалық он- лайн режимінде педагогикалық жоба жәрмеңке-байқауына қатысып сертификат алдым. Онда Лессон стади туралы жұмысымды ұсындым.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі