400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сабақтың әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дәнекерлеу кезінде пайда болған акауларды анықтау және қалпына келтіру»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Дәнекерлеу кезінде пайда болған

акауларды анықтау және қалпына келтіру»

Сабақтың мақсаты: Білімділік:

Тәрбиелік:

Дамытушылық:

Сабақтың түрі:

Оқушыларға дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын ақауларды түсіндіру және оларды болдырмау, жою жолдарын түсіндіру.

Дәнекерлеу жұмыстарын ұқыпты, сапалы; уақытында орындауға үйрету және мамандығына деген талпыныс деңгейін арттыру.

Оқушылардың теориядан алған білімдерін практика жүзінде алдыңғы деңгейге көтеру.

Өндірістік сабақ (түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап)

Сабақтың әдісі: Топтық оқу әдісі. Өз бетіншежұмыс

істеуге ұйымдастыру

Сабақтың оқу-құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, кесте,

оқулықтар

Сабақтың өтілетін орны: дәнекерлеу шеберханасы


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың жұмыс киімдерін тексеру

Оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау

Өткен сабақты сұрау арқылы окушы білімін тексеру.

Жіңішке білікше алуда жік ені қалай есептеледі?

Жіктер ұзындықтарына қарай қанша түрге бөлінеді?

Жік қимасына қарай жіктер қанша түрге бөлінеді?

Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру

Дәнекерлеу жіктеріндегі ақаулар дегеніміз - сызбалар талабы мен техникалық жағдайлардан әртүрлі ауытқулар барысында дәнекерлеу жалғауларының сапасының нашарлауы: оның механикалық қасиеті, жайылып түсуі, тығыздығы тағы басқалар. Ақаулардың пайда болу жолдары, негізінен металдың жақсы дәнекерленбеуі, дәнекерленгіш қасиетінің төмендігі.

Электрод сапасының төмендігі, электрод жабындысының сапасыздығы, әдістерді дұрыс қолданбау және дәнекерлеу режимін дұрыс таңдамау, дәнекерлеушінің тәжірибесінің аздығы.

Дәнекерлеу өндірісінде ақаулардың төмендегідей түрлері бар:

металды дәнекерлеуге дайындауда және жинақтаудағы ақаулар.

Ж/к формаларындағы ақаулар

Сыртқы және ішкі ақаулар

Дайындау мен жинақтаудағы ақаулар

Жинақтаудағы жіберілген ақауларға металл жиегінің қыры керекті қиғаштықта алынбауы, түйісетін кесіндінің үлкен немесе өз алынуы, металл қиылысындағы қолдырылатын ашық жердің көптігі немесе, аздығы, қиылысатын жазықтың бір-бірін тура келмеуі, дәнекерленетін кесіндінің майлы таттан тазаланбағандығы.

Жік формасындағы ақаулар

Дәнекерлеу жіктерінің формасы мен өлшемдері көбінесе техникалық жағдайларына байланысты беріледі, сызбаларда көрсетіліп шығарылады.

Жік өлшемдерін дәнекерленетін металл қалыңдығына байланысты және бұйымның пайдалану жағдайына байланысты болады. Конструктивті элементтердің түйіспелі жіктерінде жік ені, жік биіктігі және жақсы балқуы, таврлық және жапсарлы жалғауларындағы қырларының жиектері алынбаған жағдайлардағы бұрыштық; жіктердің қалыңдығы катеттері болуы керек. Жік енінің бір келкі шықпауы электрод қозғалысының дұрыс орындалмауынан болады. Жоғарыда көрсетілген ақаулар жалғаулардың мықтылығын төмендетеді және қосымша ішкі ақаулардың пайда болуы әкеп соғады.

Сыртқы ақаулар

Бұған ағып кету, ойып алу, толық дәнекерленбеу, толық жүргізілмеген кратерлер, күйдіріп тесіп алу жатады.

Ағып кету, (наплыв) балқыған электрод металының балқымаған негізгі металл бетіне ағып кетуі. Ағып кету негізінен ұзын доғада ток күшінің өте көп болуынан және дәнекерлеу үлкен жылдамдықта орындалғанынан болады.

Ойып алу (подрез) дегеніміз негізгі металдағы жік шетінің ойылып түсуі. Бұл ақаулар ток күшінің көптігі және доғадағы жоғары кернеу.

Кратер - тереңдеу, жік аяғында дәнекерлеуді бірден тоқтатқаннан пайда болатын ақау. Кратер аумағы дәнекерлеу тогының өлшеміне байланысты болады.

Күйдіріп тесіп алу (прожог) дәнекерлеу жіктерінде толық тесік күйінде кездесетін ақаулар. Оның себептері жоғары доға күші, дәнекерлеу жылдамдығының бір қалыпты еместігі, ток көзінің тоқтап қалуы, дәнекерленетін элементтер араларының тесіктерінің үлкендігі.

Ішкі ақаулар

Бұларға кеуекшелер, қож қалдықтарының қалып кетуі, толық дәнекерленбеушілік, толық балқымау, сызаттар.

Кеуекшелер негізінен дәнекерленетін металл бетінің тазаланбаунан, ылғалданған электродтан, қорғаушы газдар, ортасында дәнекерлеуде жіктердің жеткіліксіз қорғалуынан. Дәнекерлеу жылдамдығының жылдам орындалуы және доға ұзындығының көптігі.

Қож қосындылыры

Металдағы дәнекерлеу жіктерінде кішігірім көлемде металл емес заттардың жиналуы. Бұл ақау негізінен электродтың сапасыз дайындалғандығынан, электрод маркасының сай келмегендігінен, электрод жабындысының жұқалығынан.

Толық пісірілмеу

Толық пісірілмеу-бұл ақау дәнекерлер жалғауларының төменгі қабатында бір шеті толық балқымай немесе кемдеу балқып қалуы.

Сызаттар

Сызаттар - бұл ақау дәнекерлер жалғауларының бұзылып жарылуы. Ақаулардың пайда болуы шыңдалған болаттарды дәнекерлерде суыту жылдамдығының жоғарылығы. Шындалған болатты жоғары шындалған болат электрод сымдарымен дәнекерлеу, дәнекерленетін металдар арасындағы ашық жердің жоқтығы. Ауадағы төменгі температура дәнекерлеу жұмысын жүргізу.

Ақауларды түзету жолдары

Сыртқы ақауларды жою жону арқылы ақау шетіне жайлап көтерілу түрінде орындалады. Кей жағдайда ақау орнының кері жағынан негізгі металл бетімен бірдей етіп дәнекерлеу жүргізіледі.

Ақау орнын тазалап жоюда жою орнының ұзындығы ақау ұзындығымен тең болу керек, тек 10-20мм ұзындықта екі жағынан қосымша алыну керек. Ал ақауда жою ені ақау енінен артық алынбау керек.

Кратер аумағында шұңқырларды және тегіс орындалмаған пісіруді толық жойылғанша образивті тазалау құралымен тазалау жүргізу керек.

Толық тесік сызат ақаулардың екі шетін бұрғымен тесіп, ақау аумағын толық тереңдікте дәнекерлеу керек. Ақау орнын түзету дәнекерлеу әдісінде толық балқыту түрмен орындалу керек.

III. Ағымды нұсқау

Жұмыс барысы: түйіспелі, жапсарлы, таврлық қосылыстарды металдарды дәнекерлеу техникасымен әдістерін түсіндіріп, жаттығулар орындау.

Дәнекерлеу трансформаторының дұрыс қосылуын бақылау

Дәнекерлеудің жұмысы кезінде оқушылардың жіберген қателіктерін түсіндіріп, жіберген ақауларды түзету.

Дәнекерлеу жұмысы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, бақылау.

Істелген жұмысты қабылдау және бағалау

Оқушылар орындаған жұмыстарына талдау жасап, жіберген кемшіліктерін түсіндіріп жұмыстарын бағалау.

IV. Қорытынды бөлім

Өтілген сабақты қорытындылау

Оқушыларды алған бағаларын хабарлау

Жекеленген оқушылар жұмысын талдау

Окушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру

Үйге тапсырма: «Дэнекерлеу кезінде пайда болған ақауларды анықтау және қалпына келтіру»

Қолданылған кітаптар

Сварка и резка металлов. Д. Сарсенбаева Профессиональное образование 2008г.

Электродуговая и газова сварка автор Н.П. Сучкова. 2007г

Дәнекерлеу жалғауларын сырттай қарау және өлшеу арқылы қадағалау

Доғалық дәнекерлеудегі жалғау ақаулары

Сыртқы

Ішкі

Толық тесілген

Жік бетінде дөрекі қабыршақтық

және ойы-қыры көп

Газды қоспалар қож қосындылары

Құбырлық кеуекшелер

Ағып кету (наплывы)

Металл қосындылары

Қож қосындылары

Ойып алу (подрезы)

Ойықшалар

Толық піспегендік

Деталь кесінділерін дәнекерлеуде жіктердің айқасып кетуі

Толық дәнекерленбеу толық балқымау

Толық балқымау Сызаттар

Элемент

жіктерінің нормалық өлшемдерге сай келмеуі

Толық дәнекерленбеу толық балқымау Сызаттар кеуектер қож қоспалары, Тесікшелер, дәнекерленбеген кратерлер

Металл емес қосындылар

Сызаттар

Металл емес қосындылар, сульфидті, фосфидті, нитридті, силикатты, оксидты және басқа да қоспалар мен қабықшалар

Металл емес қосындылар






Қол доғалық дәнекерлеудегі дәнекелеу жіктері мен жалғауларындағы негізгі ақаулары, олардың пайда болу жолдары және оларды жойу жолдары

Сырттай қарау

Рентгенографирование гамма бақылау

Сызықты жонып алып тастап қайта дәнекерлеу

Термиялық әсердің аумағындағы жарықша

Жоғары ішкі кернеу, сутегі құрамының жоғарылығы, жоғары жылдамдықта суйтын шыңдалған болатты дәнекерлеу.

Сырттай қарау

Рентгенографирование гамма бақылау

Ақау орнын жонып тастап жайлап суыту жағдайында тазалау

Негізгі металды ойып алу (подрез)

Үлкен дәнекерлеу тогы, электродты дұрыс ұстамау. Электрод жабындысының бірқалыпты жылжымауы.

Сырттай қарау

Қайда дәнекерлеу, қажетті жағдайда тазалау

Толық дәнекерленбеу (прожоги)

Дәнекерлеуге жинақтауда және қыр жиегін дайындау дұрыс орындалмаған дәнекерлеу режимін дұрыс таңдамау.

Сырттай қарау

Ақау аумағын жонып алып тастау және дәнекерлеу

Тесікшелер (прожоги)

Төменгі жылдамдықта дәнекерлеуде үлкен дәнекерлеу тогы, үлкен тесіктер металл жиегін толық тегістелмеген

Сырттай қарау


Ақау орнын тазалап қайта дәнекерлеу

Газды кеуекшелер (газовые поры)

Металл толық тазаланбаған, үлкен ұзындықтағы доға, үлкен жылдамдықта дәнекерлеу және дәнекерлеу вагонасының жылдам салқындауы.

Сырттай қарау, гамма және рентген бақылау

Ақау орнын тазалап қайта дәнекерлеу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі