400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибемен алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

С-есебі

Жаңа бағдарлама бойынша ашық оқу-қызметімді жоспарлап өткіздім.Білім беру саласы: «Әлеумет», «Қатынас».Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу», «Сөйлеуді дамыту».Тақырыбы: «Отбасы мүшелерінің еңбегі».Тәжірибе кезеніңде нақты смарт мақсат қойдым.Сол мақсатқа сүйене отырып жоспар құрдым.Үш ойын алдым:педагог жетекшілігімен «Сиқырлы қоржын»,құрылымдалған ойын «Пазлдар»,еркін ойын: «Сәйкестендір» атты ойындар.П.Ж.О. алған себебім, жоспарлаған мақсатыма бағытталған.Баланың бойында бала үні ескерілді.Ойын ойнағыларың келеме? деп сұрағанда. Ашық сұрақтар арқылы 4к моделинің сыни ойлау дағдысы қалыптастырылды,бала ойланды осы ойында өз ойын ашық айтты,толық айтты. Креативтілік дағдысы қалыптастырылды, балалар қоржыннаң алып шығарған затты кімге тиесілі,оны қайда қолданады,не үшін қолданады туралы айтып берді. Бір неше бала келіп, қоржыннан алып шыққан заттарды тағы қандай еңбек түріне қолданатының айтып берді. Алжапқышты тек анам кие бермейді,шаштараздағы ағай да киеді-деп жауап берді Нұрали.Жауабы маған қатты ұнады,себебі баланың бойында креативтілік дағдысы жақсы дамығаның көрдім, ойыным сәтті шыққаның білдім. Балалардың тағы саралаудың диалог,сұрақтар арқылы дағдылары қалыптасты,олар диалог арқылы өз білімдерін дәлелдеді,сұрақтар арқылы толық жауап берді.Ойында комуникативтік дағды қалыптасты,мұнда балалар байланған көзімен,қандай зат екенің(жұмсақ па қатты ма)Бұл не болуы мүмкін деп сурады,сонда менен көмек сұрады,бала менімен қарым-қатынасқа түсті. П.Ж.О сәтті шықты деп ойлаймын,себебі жақсы тұстары байқалды,балалар отбасы мүшелерінің еңбектеріне қажет заттарды дұрыс атады,айтты,сұрақтарға толық жауап берді,ашық сұрақтар арқылы.Болашақта тағы осы ойынды қолданамын. Балаларды еңбек құралдарының бөліктерімен үштікке топтастырып құрылымдалған ойын ұйымдастырдым.Ойын «Пазлдар».Пазлдан құралған еңбек түріне байланысты сөйлем құрады.Еңбек құралдарының бөліктерімен балаларды үштікке топтастырдым,себебі қызығушылықпен топтасты,бір-бірін тыңдай алды ,керемет жұмыс жасай алды, бір бірінің сөзін толықтыра алды.Жақсы нәтижеге жетті. Педагог түрлі қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету стратегиясын қолдандым,себебі мен бақылау барысында бір топтын мүлдем еңбек құралдарымен сөйлем құрай алмай жатқаның байқадым.Сол кезде мен барып жетелеуші сұрақтар қойып,көмектестім.Ол топтың еңбек құралдарының бөліктерің дұрыс қолдануға көмектестім.Осы топтың балаларымен болашақта көп жұмыс жасауды жоспарлаймын,себебі осы топтын балалары толық ойынды игермеді.Ал қалған топтын балалары нәтижеге жетті деп ойлаймын,себебі олар еңбек құралдарын дұрыс құрады,жұмыстары сәтті шықты.Болашақта осы ойынды ары қарай дамытып,көздеп отырмын. Ойын барысында сыни ойлау қалыптасты,ойланып затты бір бірімен құрауды үйренді.Ары қарай еркін ойынымды өткіздім.Балалар алдарыңда тұрған қажетті құралдарды өз орталығына апарады,ары қарай сол орталықта ойын ойнайды. «Сәйкестендір» ойыным отбасы мүшелерінің жасайтын еңбек түрлерін сәйкестендіру мақсатына бағытталған, өз қызығушылықтарымен ойнады,түрлі заттарды әр орталыққа сәйкестендіріп отырып ары қарай еркін ойынға уласты.Қызығушылықтарымен ойнады,оқу қызметті осы жерде қалай түсінгендерің бақылаудың құрылымдалған түрін қолдану арқылы оқу қызметті қаншалықты түсінді деген мақсатта бақылау жүргіздім.Саралау заттық кеңістік дамытушы ұйымдастырып қойдым.Бала өз қалауы бойынша өз орталығына барып ойнады.4К моделінің сыни ойлауы дамыды,себебі бала өз орталығына не апаратының ойланып,сол зат дұрыс сәйкес келеме жоқпа соны сыни ойлап тапты.Мында қызығушылық мүдде,диалог сұрақтар қою дағдылары қалыптасты,кері байланыс орнатылды.-Саған қай орталыққа келіп еңбек істеген ұнады?-Тағы қандай еңбек жасайтын жердің болғаның қалайсың?Менің түсінгенім ойын арқылы бала дамиды:білім алады,өздерің еркін сезеді,ізденеді,ойланады,ойын арқылы мақсатына жетеді деп ойлаймын.Кеңестік педагог А.С.Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар,сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек.Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай,сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет.Оның барлық өмірі ойыннан тұрады»деген .Сондықтан осы ойындарды барлық іс әрекеттерде қолданамын деп шештім. Үш ойынды тиімді пайдалану арқылы оқу-қызметімде жақсы өтті деп ойлаймын.Алдағы уақыттарда осы ойындарды міңдетті түрде қолданамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі