400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың жоспарын дайындауға әдістемелік ұсыныстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың жоспарын дайындауға әдістемелік ұсыныстар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың жоспарын дайындауға әдістемелік ұсыныстар


Жаңа бастап жүрген мұғалімдерге сабақтың жоспарында мыналарды ескерген жөн:күні,тақырыбы.Мақсаты,сабақтың түрі,оқыту құралы,шамамен орындалу уақыты көрсетілген сабақ құрылымы.Одан әрі сабақтың жүргізілуі толық баяндалады.

1.Үйге берілген тапсырманы тексеруді ұйымдастырудың мазмұны мен әдістемесі.Әрине,тексеру білімдіүйретуге және оқушылардың жаңа сабақты ұйғару деңгейін пайымдауға бейімделгені жөн.

2.Теория жағынан сұранылынатын оқушылар алдын-ала белгіленіп,оларға сұрақтар дайындалады.

3.Жаңа тақырыпты оқытудың мақсаттары мен әдістері белгіленеді:

а)кіріспе қалай болады,жаңа материалды оқытудың қысқаша жоспары,жазудың тақтадағы үлгісі:

ә)оқушылар өз беттерінше қандай жұмыстар орындау керек;

б)қандай уөрнекті құралдар мен ОТҚ,қашан және қалай қолдануға болады:

4.Оқыған сабақты баянды ету әдістемесі:оқушылардың сабақта өткен материалды игергендігін көрсететін жатттығулар мен сұрақтар,оны түсіну деңгейі.Егер өзіндік жұмыс жоспарланған болса,онда оның орындалуына нұсқаулар беріледі.

5.Үйге берілетін тапсырманың мазмұны және оның берілу уақыты.Үй тапсырмасына түсініктеме.

Конспектіде есептердің шешімдері болғаны және де «тақтаның түрі» яғни жазулардың тақтиада орналасуының мазмұны,оқушылардың қай жерінде не жазатыны және қалай жазатындықтары оның ішінде , « тіректік жазулардың» қалай орналасатындығы алдын,-ала ескерген жөн.

Сабаққа дайындалу мен өткізуге кеңес.

1.Әр сабаққа,тек мектеп оқулықтарымен ғана шектелмей , басқада кітаптардан әр түрлі қызықты есептерді,түсіндіру үшін,алынған білімді баянды ету үшін нақты сұрақтарды таңдап ала білу қажет.

2.Қиынырақ материалды оқу алдында осы жаңа материалды игеруге,проблемалар қоюға мүмкіншілік жасайтын және де оқушылардың өз бетінше заңдылықтар «ашуына» себепкер болатын жаттығулар таңдай білген дұрыс.

3.Оқушыларға қойылатын сұрақты дәл,накқты тұжырымды етіп қою керек.

4.Оқушыларды ықыласпен тыңдап , оның жауабын дәл сезініп,дұрыс баға беру керек.Жеке оқушының жіберген қатесін көрсете отырып,ары қарай оқытуда оларды ескеріп отырған тиімді.

5.Мұғалімнің алдын-ала қандай білім мен дағдыны тексеретінін,кімге қандай сұрақ қоятынын мұқият ойластырып алғаны дұрыс.

6.Жалпылама ауызша сұрау білімге үйретуге жетелейтіндей болуы керек.Бір ғана оқушының дұрыс бергенжауабына қанағаттанбай,қалғандарының да қиын сұраққа берілген жауапты түсінгендеріне,меңгергендеріне көз жеткізу керек.

7.Қандайсұрақтардан кейін оқушыларға ойлануға үзіліс беріп,қалаған оқушыдан сұрау керек екендігін қандай сұрақтарға бірден жауап талап етілетіндігін дұрыс ойластырған жөн.

8.Ұсынылған есептің шешімін әр оқушы ойластыруы керек,ал сонан соң ғана тақтағңа бір оқушыны шақыруға болады.Сонда әр оқушы өз шашімін тақтада шығарылған шешіммен салыстырып бағалай алады.

9.Оқушылардың дәптердегі жазуларын да қадағалаған жөн.Нақты жүйелі түрде орпналасқан жазулар,дұрыс сызылған суреттер материалды дұрыс меңгеруге көмектеседі және үй жұмысын орындауға үлгі бола алады.

10.Мұғалімнің тілектестікүні,оқушыларға деген сенімі сонымен қатар жеткілікті қаталдығы болуы керек.

Математика сабағын талдау сүлбісі

1.Жалпы мағлұматтар:сынып,тақырып,мақсаттар,сабақтың түрі,тиімділігі.

2.Сабақтың басталуы:формасы,ұзақтығы,тиімділігі.

3.Үй жұмысын тексеру:тапсырманың және оны тексерудің мақсаты.Қалай тексеріледі?Кімнің орындамағаны немесе қандай себептермен орындалмағаны анықталды ма?Оған мұғалімнің реакциясы.Үй жұмысын тексерудің ұзақтығы,тиімділігі.

4.сұрау.Сұрақұтар мен тапсырманың қойылуы мен мазмұны.Бағалар қалай қойылады?Қойылған бағаның оқушының білім деңгейі мен білікьтілігіне сәйкестігі.мұғалімнің дұрыс және бұрыс жауаптарға реакциясы.

5.Жаңа материалды оқу.Оқушылардың алдына сабақтың мақсаты қойылды ма?Жаңа материалдың мазмұны мен көлемі.Баяндауәдісі.Көрнекі құралдарды қолдану,ОТҚ.Оқулықпен жұмыс,оның қажеттілігі мен тиімділігі.

6.Оқығанды тиянақтау.Оның қорытындысы неде?Сұрақтардың,есептердің таңдап алынуы мен оларджың көлемі,есептермен жұмыс істеу әдісі.Өзіндік жұмыс болды ма?Оның ұйымдастырылуы мен мақсаты.Оқыған материал бойынша қорытындыжасалды ма?

7.Келесі сабаққа тапсырма.Қашан және қалай берілді?Оның мақсаты?Мазмұны мен көлемі?Оны орындауға кететін уақытты шамамен бағалау.Оқушылардың тапсырманы түсінгендігіне мұғалімнің көзі жетті ме?Тапсырманы орындау сабақтың мазмұны және әдістемесін қамтамассыз етті ме?

8.Мұғалім сабақты қалай аяқтады?

Сабақты талқылаған кезде қозғалатын басқа да сұрақтар

Жалпы сабақ құрамының үйлесімділігінің бағасы және басқа кезеңдеріне жіберген уақыт.Уақыт босқа кетіп қалған жоқ па?

Оқу жұмысының формасын ,әдістерін таңдап алуды негіздеу және олардың сабақ мақсаттарына сәйкес келуі.

Оқушыларды саралап оқыту:тапсырманың көлемі,қиынырақ дәрежесі оқушыларға көмек көрсету дәрежесі.

Сабақтың тәрбиелік мәні:логикалық ойды дамыту,дүниетану көзқарасының трактикамен байланысы,өнегелік тәрбие жағы және т.б

Мұғалімнің сабаққа дайындығы,оның педагогикалық іскерлігі,мұүғалім мен оқушылардың еңбек ету барысындағы мәдениеттілігі,стилі,мінез-кейпі,оқушылармен қарым-қатынасы және ынтымақтастығы.


Сабақты байқауға ұсыныстар

Уақыт

8:30

8.35

8:42

Және

Т.б

Мазмұн,сабақ барысы-сабақта болып жатқан жағдайларға толық ,жүйелі түрде жазып отыру.Сұрақтар,суреттер,есептер, тапсырмалар және т.б.

Өткізіліп жатқан сабаққа жеке талдау ескертулер бағалар,сурақтар,түсінбеген жерлер,қызықтырған қорытынды,сабаққа психология-педагогикалық және әдістемелік талап тұрғысынан




3.Студенттің жоғары оқу орнында оқыған кезінде үлгі аларлықтай 8-10 математика сабағына қатысуға мүмкіншілігі болады.Сол себептен байқап отырған сабақтардың:мазмұнын,іріктеп алынған есептер жинағын олардың жүйелілігін,практикалдық тапсырмаларды,тарихи серуендеме және т.б. барынша толық жазған жөн.Осының барлығы практиканттың-болашақ мұғалімнің практикалық жұмысына өз пайдасын әкелетіндігінде күмән жоқ.

4.Мәжіліс хаттың соңында сабақтың негізгі дұрыс жақтары мен кемшіліктерін бөліп көрсетуге болады.


Арал көпсалалы колледжінің математика пән оқытушысы

Көптілеуова Нағима Әбубәкірқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
2763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі