жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақтың тақырыбы: 10-ға,100 санына көбейту және бөлу
Тақырып: 66-сабақ. 10-ға, 100 санына көбейту және бөлу |
Мектеп: №34ОМ |
||||
Күні:10.12.19 ж |
Мұғалімнің аты-жөні:Жасаганбергенова А.Н |
||||
Сынып: 3 «ә» |
Қатысқандар саны: 24 |
Қатыспағандар саны:0 |
|||
Оқу мақсаттары |
3.1.2.9 10 бен 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану 3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану |
||||
Күтілетін нәтижелер |
Барлық оқушылар үшін: |
||||
10 мен 100 санына көбейту мен бөлу |
|||||
Бірқатар оқушылар үшін: |
|||||
10 мен 100 санына көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіру |
|||||
Кейбір оқушылар үшін: 10 бен 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану |
|||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: 10 мен 100 санына көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіру Пәндік лексика және терминология: Көбейту мен бөлу тәсілдері. |
||||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: |
|||||
10, 100 сандарын қалай санға көбейтуге (бөлуге) болады. |
|||||
Жазу: |
|||||
Өрнектер. |
|||||
Тірек білім, білік, дағдылар |
Көбейту мен бөлу кестесі. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Ш Топқа бөлу.(түстермен топқа бөлу) Өткенді пысықтау (ауызша) |
|
||||
|
Өзектендіру. Бұрынғы кезде және қазіргі заманда ғимараттардың неден салынғанын білесің бе? №1 есептерді шығару және ғимараттың құрылыс материалын анықтау. Кубизм әдісі бойынша 4 топқа тапсырма беріледі.
47
6
Кірпіш (91-83)*3:4
Тас (27+15):6+8*5
Мұғалім сыйы
12
566
Металл (12+18):5*2
Ағаш (82-74):2*7+7*4
Әр топтың жауаптары тыңдалады. Жауаптары сараланады. – Тақтаға сандар жазылады. 27, 42, 10, 36, 53, 100, 69, 12 – Сандық қатарды өсу тәртібі бойынша орналастыр: (10,12,36,42,53,69,100) – Сандық қатарды кему тәртібі бойынша орналастыр: (100, 69, 53, 42,36, 27, 12,10) -Дөңгелек сандар қатарын жаз: (10, 100) – Толық ондық (дөңгелек) сөзін түсіндір. (0-ге аяқталатын сандар) – Толық ондықтан тұратын ең кішкентай санды атаңыз (дөңгелек екітаңбалы сан), үштаңбалы сан (10, 100). |
Тақта мен жұмыс |
|||
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят). Көбейту, бөлу амалдарын қалай тексереміз? Қандай қорытынды шығаруға болады? (Бөлу – көбейтуге кері амал.) Біз кестелік жағдайдағы көбейту мен бөлу амалдарын білеміз. Ал енді тапсырма орындап көрейік. |
|
|||
Жаңа сабақ
|
Жаңаны ашу. (Сабақ тақырыбын ашу) Мұғалім сыныпты топтарға бөліп, мына тапсырманы береді.
10-ға, 100-ге көбейткенде сандардың қалай өзгергендігін бақылауды сұрау. Көбейту мен бөлудің өзара байланысы туралы білімдерін пайдалана отырып, 10-ға, 100-ге бөлуге берілген сәйкес теңдіктерді құрастыру. Ережені құрастырады. 4 · 10=10+10+10+10=40 Көбейту кезінде нәтижені қалай алдыңыздар? (Көбейтуді бөлумен алмастырдық). Бұл өрнектен не байқадыңдар? (10-ға көбейту кезінде оған оң жағынан бір нөл түседі). Ал егер санды 100-ге көбейтсек ше? (200, 400, 500, 700 шығады) Сабақтың тақырыбын құрастырыңдар (10-ға, 100-ге көбейту және бөлу).
Ереже Санды 10-ға көбейткенде,берілген санның оң жағына бір нөлді тіркейміз. Санды 10-ға бөлгенде,берілген санның оң жағынан бір нөлді алып тастаймыз. 100-ге көбейткенде, оның оң жағына екі нөл жазылады. Ал, 100-ге бөлгенде, екі нөл алынады. Өзіндік жұмыс. Бағалау критерийлері бар дәптерден өзін-өзі тексеру жұмысын жүргізуді ұсынады. Мен: 10-ға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдануды; 100-ға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдануды білемін. №4 9*10=90 6*100=600 24*10=240 7*100=700 10*9=90 100*6=600 10*24=240 100*7=700 90:9=10 600:6=100 240:24=10 700:7=100 90:10=9 600:100=6 240:10=24 700:100=7 №6 (ауызша) І топ а) Келтек ағаштың ұзындығы 10см, ал тақтайдың ұзындығы 400 см. Тақтай келтек ағаштан қанша есе ұзын? Ж: 400:10=40 Тақтай келте ағаштан 40 есе ұзын. ІІ топ ә) Келтек ағаштың ұзындығы 10см, ал тақтайдың ұзындығы 400 см. Тақтайдың ұзындығы келтек ағаштың ұзындығынан қанша сантиметрге артық? Ж: 400-10=390см Тақтайдың ұзындығы келтек ағаштың ұзындығынан 390 сантиметрге артық. ІІІ топ б)Бірінші құрлысшы 400 кірпіш, ал екіншісі одан 2 есе артық кірпіш қалады. Екінші құрлысшы қанша кірпіш қалады? Ж: 400*2=800 Екінші құрлысшы 800кірпіш қалады. ІҮ топ в) Бірінші құрлысшы 400 кірпіш қалады, бұл екіншісіне қарағанда 2 есе артық кірпіш қалады. Екінші құрлысшы қанша кірпіш қалады? Ж:400: 2=200. Екінші құрлысшы 200 кірпіш қалады. №7 Д Әр автобуста- қыз-15, ұл-23 ? бала Ш: (15+23)*10=380 (б) Ж: барлығы 380 бала үйлеріне оралды. Сергіту сәті Бойды сергек тік ұста, Емін- еркін тыныста. Оң қолыңды соз алға, Қол ұшына қара да, Үш бұрыш сал ауада Сол қол бос тұмасын Шеңбер жасап ал онда! №8 (45-25):2+4= 14 60-(30-26)*2=42 2*5+6*2= 22 (84-82)*6:2=10 80+2*(3+6)=98 (6+8):2+6=13 |
Тақтамаен жұмыс
Дәптермен жұмыс
|
|||
|
№9(зертте) Қорапта 4 қызыл және 4 көк моншақ бар. Егер қораптың ішіне қарамай 5-еуін алсақ, онда ең болмағанда оның біреуі қызыл моншақ болуы мүмкін бе? Ж: 5-еудің біреуі қызыл моншақ болуы мүмкін. |
Оқулық |
|||
Сабақтың соңы |
Жаңа тақырып бойынша тест (Pleiks) |
|
|||
Рефлексия. «Балық қаңқасы» диаграммасы
|
|
||||
Үй тапсырмасы: 66- сабақ, №5 |
|
||||
Саралау – Логикалық тапсырма, тақырып бойынша тест
|
Бағалау –бағдаршам әдісі
|
Пəнаралық байланыс. Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы болды ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
|
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген