400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«№27 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Математика

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты:

1) 10 саны және 10 санының құрамымен таныстыру.

2) 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын түсіндіру. 10 санының құрамын анықтау. 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10 - ға тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру,өрнек құра білуге үйрету «Бір таңбалы, екі таңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру,санның құрамы туралы білімдерін тереңдету. Ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушының ой-өрісін, танымдық белсенділігін, қызығушылығын ,зейінін, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
3) Алға қойған мақсаттарына жетуге, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі:,интерактивті тақта, презентациялық слайд.

Пәнаралық байланыс : сауат ашу

Сабақтағы әдіс-тәсіл: Түсіндіру, сұрақ – жауап ,ақпараттық-коммуникативті технологиялар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық:

Қонақ күту салтымыз

Оқып біліп жатырмыз!

Келген қонақ сіздерге

Сәлем бердік бәріміз!

  • Балалар, бүгін сабағымыз күндегіден ерекшелеу болады.Несімен ерекше болатынын мына сандарға сәйкес әріптерді тауып, анықтап алайық.

  • 15

    1

    16

    1

    16

    1

    23

    Қ

    А

    Л

    А

    Л

    А

    Р

  • Қандай сөз шықты ? Иә,біз қалаларға саяхат жасаймыз.

  • Біз қандай қалаларға саяхатқа шығатынымызды білейік.

24

8

17

8

13

С

Е

М

Е

Й

22

1

4

16

20

7

1

23

П

А

В

Л

О

Д

А

Р

1

24

25

1

18

1

А

С

Т

А

Н

А


Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • Баратын бағытымызды анықтап алайық. (карта) Семей - Павлодар – Астана - Семей

  • Саяхатымыз көңілді де, қызықты болу үшін әр қалалардың тапсырмаларын мұқият орындауымыз керек. Саяхат барысында ауызша, жазбаша есеп,мысалдар шығарамыз және әр түрлі ойындар ойнаймыз. үйренеміз және 10 санының құрамымен танысамыз. Саяхатқа бару үшін көлік таңдап алайық. (СЛАЙД )

  • Поезға отыру үшін не керек ? Билет

Цифраларды әдемілеп жазып билет алу.

Презентацияны пайдалану. 1.Презентация арқылы 10-санын жазу, қайталап өту.(Слайд оқулық)


1.Семей қаласының тапсырмасы. (1 желтоқсан тұңғыш президент күні)

«Көршіңді тап» ойыны . Сандар еліне саяхат.

Сандардың натурал қатарындағы орнын анықтауға арналған.Оқушылар әр санның көршілерін

анықтай отырып, санның ретінің орналасуын анықтайды. 5, 6, 8, 9 сандарының құрамын

қайталайды.

ІІІ.Математикалық диктант: 4 + 2 = 6 2 – 0 = 2 3+3 = 6

6 - 1= 4 7 – 1 = 6 7 + 2 = 9

9+ 1 =10 5+ 4 = 9 6 + 4= 10

ІҮ. Павлодар қаласы. Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.

Ү. Жаңа тақырыпты түсіндіру.(Астана музыкасы)

- Міне , Астанаға да келіп жеттік. Суреттер арқылы 10 шығарып алу жағдайларын қарастыру.

Шарға цифрлар жазылған 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Ойын «Доңғалақты тап»


«Доңғалақты тап»

DrawObject1 Тақтаға жазу. Теңдіктер құрып және оқу

9 + 1 =10 8 +2 = 10 7 + 3 = 10 6 +4 = 10 5+5=10

1+ 9 = 10 2 + 8= 10 3 + 7= 10 4 +6 = 10 10 +0 =10

ҮІ.Оқулықпен жұмыс. 74-бет

  • Балалар биыл қандай жыл? Жылан жылы. Келетін жыл қандай? Жылқы жылы.Оның пайдасы бар ма?

Жаңа жылда не құрамыз? Оны немен безендіреміз?

№ 1 талдау.

Ендеше бірінші қатардағы ойыншықтарды санайық.
1 - ші қатардағы ойыншықтардың, айырмашылығы бар ма? (бар) – қандай
10 дегеніміз 8 және 2 немесе 6 және 4; 7және3; 5және 5
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді?
Қосуды немен алмастыруға болады?
№2 дәптерге орындау.

DrawObject3 DrawObject2 см


DrawObject4 DrawObject5 см

10 см * 9 см 9 см * 10 см

Тақтамен жұмыс.

№ 4 Қатар бойынша орындайды.

10 – 1 * 3+ 4 10 – 3 * 6+1 10 – 5 * 3 + 1

8 + 2 * 4 + 2 6 + 4 * 10 – 0 10 – 8 * 7 – 5

ҮІІ. Карточкамен жұмыс.

- Әрқайсымыз сандар туралы не білдік соны, есімізге түсіріп мына карточкаға жазайық. Сандардың құрамын анықтау.

ҮІІІ.Қызықты саяқатымызды жалғастырайық.



Астанадан Семейге қайту.

ІХ. Сабақты қорытындылау. Ойын 10 белгісін тап.

«Есіңе сақта!» 5+5,7+3,2+8,4+6,10+0,1+9,

Х. Үйге тапсырма. 75 бет,№ 4. 10 санның құрамын жаттау.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
967
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі