Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Адам. Өмір және өлім. Өмірдің мәні

Сабақтың тақырыбы: Адам. Өмір және өлім. Өмірдің мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтену мен бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану модульі бойынша сабақ жоспары
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Ақтөбе педагогикалық колледжі» ЖМ

Оқу сабағының жоспары №5

Сабақтың тақырыбы: Адам. Өмір және өлім. Өмірдің мәні

Модуль атауы: Қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтену мен бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану модульі бойынша жұмыс оқу бағдарламасы

Педагог: Когисова Гулсамал Абдуллаевна

2022 « » __________

1.Жалпы мәліметтер

Курс,топ: _____________________

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

2.Мақсаты, міндеттері:

- Адам мәселесі, адам мәселесінің мәні, шығу тегі, өміріні мәні туралы айту;

- «Адам» сөзінің мағынасын ажырата отырып, Құран-Кәрімнен, орта ғасырлардағы ғалымдардың адамның жаратылысы туралы ой –толғамдарын, ғылыми зерттеулерін білім алушының бойында қалыптастыру.

- Өмір мен өлім туралы білім беру.

- Өмірдің мәнін ажырату

3.Күтілетін нәтижелер:

- Адам мәселесі, адам мәселесінің мәні, шығу тегі, өміріні мәні туралы толық ақпарат алады.

- «Адам» сөзінің мағынасын ажырата отырып, Құран-Кәрімнен, орта ғасырлардағы ғалымдардың адамның жаратылысы туралы ой –толғамдарды, ғылыми зерттеулерді түсінеді

- Өмір мен өлім туралы біледі

- Өмірдің мәнін ажырата алады.

4.Қажетті ресурстар: Карта , үлестірмелі материалдар

5.Сабақтың барысы

1. Сабақтың басы

  • Амандасу

  • Өзімді таныстыру

  • Оқушылармен танысу және олардың сабаққа қатысымы мен дайындығын тексеру

  • 4 топқа бөлу

2.Сабақтың ортасы

Үй тапсырмасын тексеру

  • Лекцияны оқу, ауызша баяндау

  • Сөзжұмбақ құрастыру

Жаңа сабақ

  • Лекция: «Адам. Өмір және өлім. Өмірдің мәні»

1 тапсырма. Топтастыру

1-топқа:

Адам мәселесінің қойылуы

3-топқа:

Адамның шығу тегі


2-топқа:

Адамның мәні


4-топқа:

Адам өмірінің мәні


2 тапсырма. Топтық жұмыс

  • Адамның жануарлардан мәнді айырмашылығы неде?

  • Қазіргі кезеңдегі экологиялық дағдарыстың себебі адамның табиғатқа қатысты менмендік көзқараспен өктемдік жүргізуге тырысуынан болып жатыр деген пікірлерді жиі естуге болады. Бұған қалай қарайсыңдар?

  • Адам өмірінің мән-мағынасы туралы не ойлайсыңдар?

  • Адам мәселесіне қатысты түрлі көзқарастарға қысқаша сипаттама беріңдер.

  • Адамның шығу тегіне қатысты материалистік және идеалистік көзқарастардың қайсысын жақтайтындарыңды айтыңдар.

3 тапсырма. Блум таксономиясы

 Білім: Өмір философиясы деген не?
 Түсінік: Өмір философиясы идеялистік философияға қалай айналды? Оның басты принциптерін түсіндіріңіз.. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.
 Қолдану: Өмір мен өлім мәселесін салыстырыңыз.
 Талдау: Өмірдің мәні мен мағынасын саралаңыз.        Сөзіңізді дәйектеп, дәлелдеңіз.

 Жинақтау: Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді ма? Неге – ия немесе неге – жоқ?

Бағалау: Өмірдің мәнін адам жан дүниесі мен психологиялық тәжірбиелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірібиелер арқылы түсіндіріледі.Неге? Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салып, реттік деңгей бойынша ажыратады, түсіндіреді, дамытады, тәжірибеден өткізеді. Тапсырма бойынша постер жасап, қорғайды.

3.Сабақтың соңы

Қорытындылау

Ребус шешу.

  • Бүгінгі тақырыпқа байланысты халқымыздың мақалы шығуы керек.

  • «Адам адамға, жан кеудеге мейман» мақалының мазмұнын түсіну

Бағалау

Үйге тапсырма:

  • Лекцияны оқу, ауызша баяндау

  • «Менің өмірім және оның мәні» тақырыбында эссе жазу


ЖИ арқылы жасау
12 Қаңтар 2023
741
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі