|
Тақырыбы:
Баға. Сан.Құн
|
|
|
Күні: 12.02.2018
ж
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Қуанышбекова Н
|
|
2-сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Оқыту
мақсаттары
|
2.1.3.6.
50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг купюраларды ажырату
жəне түрліше төлемжасау.
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық
оқушылар:
•«баға»,
«сан», «құн» ұғымдарын біледі.
|
|
Көптеген
оқушылар:
Есеп
шығаруда «баға», «мөлшер» (сан), «құн» шамаларының арасындағы
тəуелділікті пайдалануды, 200 тг, 500 теңгелік купюралар мен
монеталарды ажыратуды жəне олармен түрлі операциялар жүргізуді
біледі.
|
|
Кейбір
оқушылар:
«Баға»,
«мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарына байланысты есептер құрастырады
жəне шығарады.
|
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар:
Монеталар мен купюраларды қалай ұсақтауға болатынын
түсіндіреді.
«Баға»,
«мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарын түсіндіре
алады.
Пəндік лексика жəне
терминология:
«Баға» , «сан»,
«құн».
|
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті
пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
«Баға», «мөлшер» (сан), «құн»
деген не екенін айтасың ба?
200 теңгені монеталарға қалай
ұсақтауға болатынын айтасың ба? 500 теңгені
ше?
|
|
|
Жазу:
Өрнектер
мен есептердің шарты мен шешуін
жазу.
|
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
«Баға»,
«мөлшер» (сан), «құн» ұғымдары.
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарлан-ған уақыт
(минут)
|
Жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
|
0–3
|
Қызығушылықты ояту
Тақырыпқа
байланысты оқушыларды қатыстыра отырып əңгіме
жүргізу.
|
|
|
4–6
|
Өзектендіру.
Мұғалім
сатып алынған зат жəне тауарларға төлем төлеу туралы оқушылардың
тұрмыстық білімдерін тексереді. Оқушылардан заттар сатып алуға
барғандары туралы əңгімелеседі, «баға», «мөлшер» (сан), «құн»
ұғымдары туралы сұрайды.
«Баға»,
«мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарына түсініктеме беретін өз
мысалдарыңды келтіріңдер.
|
Оқулық.
Сабаққа тұсаукесер.
|
|
7–11
|
Мақсат
қою.
Біз осы
сабақта нені үйренеміз?
«Баға»,
«мөлшер», «құн» не екенін жəне оларды табуды
үйренеміз.
Сабақтың
мақсаты айқындалады: «баға», «мөлшер»
(сан),
«құн»
ұғымдарына байланысты есептер құрастыру жəне
шығару.
|
|
|
12–29
|
Жаңаны
ашу
Мұғалім
оқушыларды өзара байланысты шамаларды табу ережесімен
таныстырады.

Оқушылар
ұжыммен оқулықта жəне дəптерде 1-
тапсырманы – кесте бойынша
есептер құрастырады.

Бұдан
кейін əрбір есептің шешуі жəне жауабы жазылады. Мұғалім кестедегі
мəліметтерді «шамалар үшбұрышымен»
сəйкестендіреді.
Бұдан
кейін оқулықтағы келесі суреттер бойынша жұмыс жасалады. Мұғалім əр
түрлі елдерге қыдырып барған қонақтар өздері болған жердің өмірі
мен тұрмысын бейнелейтін кəдесыйларды үйлеріне алып қайтуға
тырысатыны туралы əңгіме жүргізеді.
Біз
сіздермен кəдесыйлар сататын дүкенге
келдік.
Кестеде
берілген мəліметтерді пайдаланып, оқулықтағы 2- тапсырма бойынша есептер құрастыруды
ұсынады.
|
Оқулық,
дəптер.
|
|
|
Ары қарай оқушылар таңдалған санды мəліметтер
бойынша есептер құрастырып, жазып жəне шығара отырып, жұппен жұмыс
жасайды. Мұғалім жұмысты тексереді.
Түсіндіре отырып алғашқы
бекіту.
Оқулықтағы 2- тапсырма орындалуға
беріледі.
Өзіндік жұмыс.Дəптердегі 2-тапсырма бағалау критерийлерін
қолданумен орындау ұсынылады. Оқушылар есептерді өздері шығарады.
Артық ақшаны қайтарып беруге болатын монеталарды
қоршайды.
Бағалау критерийлері:
ҚР монеталары мен купюраларының құнын білемін.
Көрсетілген соманы ұсақтай аламын жəне жинақтай
аламын.
|
|
|
30–40
|
Жаңаны қолдану.
Дəптердегі 3-тапсырманы орындауды
ұсынады.
Өзіндік жұмыс
Оқулықтағы 3, 4, 5- тапсырмаларды жеке жұмыс
істеу үшін қолданады.
|
Оқулық жəне дəптер.
|
|
|
Рефлексия.
Оқушылардың жетістіктерін бағалаңыз:
-
«Баға»,
«мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарынбілу;
-
есептер
шығару барысында «баға», «мөлшер» (сан), «құн» шамаларының өзара
тəуелділігін пайдалану, 200 тг, 500 теңгелік монеталар мен
купюраларды ажырату жəне олармен түрлі
операцияларжүргізу;
-
«Баға»,
«мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарымен байланысты есептер құрастыру жəне
шығару. Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен
бағалауұсынылады.
|
Жетістік сызғышы
|