Дүниетану 3
сынып
Сабақтың
тақырыбы: Балықтар. Қосмекенділер мен
жорғалаушылар
Сабақтың
мақсаттары:Оқушыларға балықтар, қосмекенділер мен
жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру. Тіршілік ету ортасы
туралы мағлұмат беру. Жануарлардың атауларын ажырата
білуге үйрету.
Тапсырмалар беру арқылы оқушыларды топтық
жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру. Салыстыру, талдау біліктерін
арттыруға ықпал
жасау.
Жануарларға қамқорлық көрсетуге, оны
қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Жаңа сабақты
түсіндіру
Сабақтың әдіс –
тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру, зерттеу,
баяндау, үштілділік, шығармашылық,
сәйкестендіру.
Сабақтың
көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, жануарлардың сан
алуандығы жайлы бейнефильмдер(Білім ленд),
үлестірмелі тапсырмалар, қима
суреттер.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру.
Психологиялық көңіл - күй
тудыру.
- Балалар, арамызда жақсы байланыс бар екенін
көрсету үшін, байланыс орнатып алайық. Мен алдымен шапалақ соғам,
қанша шапалақ соқсам сендерде сонша шапалақ соғасыңдар. Ендеше,
тыңдап алайық. ( Шапалақ
соғу)
- Арамызда жақсы байланыс бар
екен.
Оқушылардың
назарын дүниетану сабағына
аудару.
Табиғат біздің
анамыз,
Табиғатқа
баламыз.
Иіліп сәлем
береміз,
Біз әдепті
баламыз.
— Балалар бүгінгі
дүниетану сабағы ерекше өтпек. Бізге
бүгін қонақтар келіп отыр, қонақтар
сендердің сабақтағы белсенділіктерің мен
тәртіптеріңе назар аударады. Сол үшін
өздерің айтқандай әдепті
болайық.
2.Топқа
бөлу.
- Алдарыңызда қима қағаздар жатыр, сол қима
қағазды құрастырсақ топтарыңыздың аты
шығады.
1 - топ -
«Балықтар».
2 - топ -
«Қосмекенділер».
3 - топ - «Жорғалаушылар».Әр топ өздеріне топ
басшысын таңдап алу. Олар сабақ соңында оқушыларды
бағалайды.
Қызыл жұлдызша- «5», көк жұлдызша- «4», сары
жұлдызша- «3» деген бағаны білдіретінін атап
өту.
3. Өткен сабақты
пысықтау. «Менен сұрақ, сізден
жауап».
1. Жануарлар қандай топтарға
бөлінеді?
2. Қандай жәндіктерді
білесіңдер?
4. «Ойлан, тап» үш
тілділік.
Жұмбақтың шешуін тауып үш тілде
айту.
1. Гүлге ұшып
қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. (Көбелек, бабочка,
butterfly).
2. Екі басы
жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. ( Құмырсқа, муравей, ant
).
5. Жаңа сабақ. «Ой қозғау»
орталығы.
Әр топ алдында ноутбук тұрады,содан (Білім
ленд) фильм көреді.
- Балалар, аса назар аударып, мән беріп
мұқият қарап алайық. Біздерге бұл көргендеріміз сабақ барысында өте
қажет болады.
«Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар»
бейнефильмі
көрсетіледі.
- Бейнефильмнен не көрдіңіздер? (Оқушылар
жауабы тыңдалады)
6. «Түсіну
орталығы». Оқулықпен
жұмыс.
- Балалар, сендердің айтқандарын дұрыс. Енді,
сендердің айтқандарына менің де қосарым бар. Сіздерге қосымша
түсініктер берейін.
1. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар
туралы кеңінен мағлұмат
беру.
2. Сөздік
жұмыс.
Амфибия
- қосмекенділердің екінші
атауы.
Рептилия
- жорғалаушылардың екінші
атауы.
Панцирь
- тасбақаның арқасындағы қосымша қатты,
сүйекті сауыт.
7. Сергіту
сәті. «Қызыл
гүлім-ай».
8. Топпен жұмыс. «Зерттеу
орталығы»
- Балалар, жаңа көрген фильм,берілген қосымша
мағлұматтарды қағаз бетіне түсіріп,тақта алдына қорғап,келесі
топтарға түсіндіреміз.
Сіздерге берілетін
тапсырма.
Осы жануарлардың тіршілік ортасы туралы не
айта аламыз?
Қалай
қозғалады?
9. «Кім
жылдам?»
1. Семантикалық
карта. 1 топ.
Жануарлар атауы ---------------
Балықтар
жылан
құрбақа
кесіртке
сазан
көлбақа
бекіре
көксерке
қолтырауын
2 топ.
Жануарлар атауы ---------------
Қосмекенділер
жылан
құрбақа
кесіртке
сазан
көлбақа
бекіре
көксерке
қолтырауын
3
топ.
Сәйкестендіру
Балықтар -------------------- Бауырымен
жорғалайды
Қосмекенділер ------------ Суда
жүзеді
Жорғалаушылар ---------- Суда да, құрлықта да
тіршілік етеді
--------------------------------- Торсылдағы
болады
10. Суретпен
жұмыс. Суреттен жануарлардан дене мүшелерінің атын
жазу.
11. «Сұрақтар жаңбыры»
айдары. Рөлдік
ойын
- Бұл айдарда әр топ өз атауымыз бойынша
кейіпке еніп, қарсы тобымызға сұрақ беріп, ұтымды жауап
алайық.
1. Қосмекенділер тобы жорғалаушылар тобына
сұрақ қояды.
- Біздің артқы аяқтарымыз алдыңғы
аяқтарымызға қарағанда неге ұзын? ( Себебі, артқы аяқтарың жақсы
дамыған, сол артқы аяқтарың арқылы тез секіріп қозғала
аласыңдар)
2. Жорғалаушылар тобы балықтар тобына сұрақ
қояды.
- Біздің тіршілік ортамыз
қандай?
(Сіздер суда
да, құрлықта да, ағаш басында да, топырақ астында да тіршілік ете
аласыздар)
3. Балықтар
тобы бақалар тобына сұрақтар
береді.
- Біздің
торсылдақ мүшеміздің атқаратын қызметі
қандай?
(Ол судың төмен
қабаттарына дейін баруға мүмкіншілік
береді)
Бағалау.
Топ басшылары
бағалайды.
Үйге
тапсырма.
Ең... Ең...
Ең...
Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып,
төмендегі жануарлар туралы ақпаратты
іздену.
Ең улы
бақа...
Ең улы
жылан...
Ең үлкен
жылан...

Топтық
жұмыстар

Жұмыстарын
қорғау
\
«Білім лендтен» жануарлар туралы фильм
көру