400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Білім-ақиқат бастауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Күні:

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы: Білім-ақиқат бастауы.

Құндылық:   Ақиқат           Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім:

Сынып:Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:·         Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

·         Білімге,оқуға  қызығушылықтарын арттыру;

·         Жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Білім»құндылық  туралы түсініктерін кеңейту.

Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңіа) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін…

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

 

 

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

Үй тапсырмасын тексеру 

 

Әңгімелесу   Оқушылар «Білім адамға не үшін қажет?»,  «Оқу инемен құдық қазғандай»дегенді қалай түсінесіңдер? деген сауалдарға өз ойларын айтады.Мәтінмен жұмыс    Оқушыларға  білімнің адам өміріндегі мәнін ұғындыру мақсатында әңгімелеу жұмысы  жүргізіледі. «Білім мен байлық»әңгімесін оқушы әңгімелейді.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Дәйексөз   Сабақтың тақырыбының мәнін ашу мақсатында дәйексөзді сұраққа берілген жауаптарды толықтыру арқылы түсіндіру.

Мағынасын түсіндіру

 Шығармашылық жұмыс:

Тақырыпқа байланысты эссе жазу

 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Топпен ән айту  «Мен оқушы боламын!» 

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Дәптермен жұмыс   -Дәптердегі тапсырмада берілген  «Білім мен байлық»кестесіне  әңгіме мәтіні бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын тауып жазу.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы:  Мәтінді  оқып түсінікайту 

Күнделіктеріне  жазады.

Тыныштық сәті  Балалар  денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады.Көздерін жұмады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстайды,денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап,қоршап,қамқор болып жатқандай сезінеді.Тұла бойлары жақсылыққа,махаббатқа тлғанын сезінуге ұмтылады.Осылайша 2 минут отырады.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.

 

 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі