400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Білім көзі - кітапта

Материал туралы қысқаша түсінік
• Мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады • ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Білім көзі - кітапта

Пәні:

қазақ тілі

Тоқсан:

ІІІ

Бөлім:

5. Білім. Ғылым. Инновация.Тілдік жүйе және норма

Педагогтің аты-жөні:

Джадирова Жанар Джамбуловна

Күні:

13.01.2025

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Білім көзі - кітапта

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;

Сабақтың мақсаты:

  • Мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады

  • ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазады

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



Қызығушылықты ояту.

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін.

Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын.

Кітапты қаншалықты жиі оқисыңдар?

Қазіргі қоғамда кітаптың орнын не алмастыра алады?

Оқушылар сәлемдеседі.


Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді.


Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор:

- сұрақтарға нақты жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі.

Оқулық авторлары: С.Тұрсынғалиева, Г.Рыскелдиева «Арман-ПВ» баспасы 2019

ұмыс дәптерлері.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

  1. ин.

Тілдік бағдар. Сөз дәлдігі.

Сөз дәлдігі дегенміз – cөздерді мағасына қарай қолдану.

1-тапсырма. Сөз мағынасына лайық қолдана отырып, сөйлемдердегі қате колданылған сөздерді анықтаңдар.

Асан жылқының аяғына арқан байлады.

Мен алманы алма өсетін ағаштан жұлып алдым.

Мен сиырдың баласына су бердім.

Таулы аймақтарды қар барысы мекендейді.

Оқушылар сөз мағынасына лайық қолдана отырып, сөйлемдердегі қате колданылған сөздерді анықтайды.


Дескриптор: 4 балл

  • Сөйлемдердегі қате колданылған сөздерді анықтайды.

1-сөйлем - 1 балл

2-сөйлем - 1 балл

3-сөйлем - 1 балл

4-сөйлем - 1 балл

Слайд


2-тапсырма. Алматы жасөспірімдері қандай кітап оқиды?

Бүгінде жасөспірімдер қандай кітап оқиды, таңдауы қандай? Zakon.kz тілшісі осы тақырыпта Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Шарайна Құмаровамен сұхбаттасты.

– Жамбыл кітапханасына оқушылар қай жастан бастап келеді?

– Жасөспірімдер кітапханасы негізінен 14 жастан 21 жасқа дейінгі категория бойынша жұмыс істейді. Дегенмен кітапхана 21 жасқа дейін деп шектемейді. Жалпы 14 жастан жоғары барлық адам келе береді. Балаларға арналған кітап пен жасөспірімдердің кітабының ерекшелігі бар. Мысалы, 14 жасқа дейінгі бала кітап оқығанда көзі ауырмауы үшін шығармалар арнайы үлкенірек, анық көрінетін шрифтымен басылады. Кітаптағы әріптер баланың көзіне жақсы көрінетін әрі оқығанда ыңғайсыздық туғызбайтын болуы керек. Әлбетте кітапта суреттер, баланы қызықтыратын түстер мен кескіндер болғаны дұрыс.

– Жазғы уақытта оқырман саны азая ма?

– Жазда оқырманымыз сәл азаяды. Себебі мектептегілер демалысқа шығады, студенттердің біразы каникул деп, ауылына кетеді. Дегенмен жазда мектеп мұғалімдерінен тапсырыс көп келеді. Кітапхана болып балаларға кітап оқытуға барынша тырысамыз. Мектеп мұғалімдерімен үнемі байланыстамыз. Оларға әркез «Оқушыларға тапсырма беріңіздер, әдебиеттер тізімін ұсыныңыздар» дейміз. Тіпті кітаптар тізімін айтпаса да, «Кітапханаға жіберіңіздерші» деп сұраймыз. Бала кітапханаға келсе, оған оқитын кітапты өзіміз де қарастырамыз. Мектеп мұғалімдері оқушыларға жылда жазда оқитын кітаптар тізімін береді. Сондықтан дәл қазір, жазда мектеп оқушыларынан сұраныс жоғары болып тұр. Олар міндетті түрде тізіммен келеді. Осы жерде бір айта кететіні – қазақ мектептерінен онша сұраныс болмайды. Біразы орыс мектептерінен келеді. Соған сәл қынжыламыз.

– Кітапханаға келетін жасөспірімдер көбіне қай кітаптарды оқиды?

– Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы 14 жасқа толған балаларды қамтитын орта болғандықтан, мұнда оқушылар кітап оқуды жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» сияқты кітаптарынан бастайды. Сосын көбіне Сайын Мұратбековті, оның ішінде оның «Жабайы алма» повесі жасөспірімдер арасында танымал, жиі сұрайды. Сонымен бірге поэзияға қызығатын балалар болады. Оларға да қазақ ақындарының өлең жинақтары беріледі. Тек қазақ әдебиетін емес, шетел әдебиетін де насихаттаймыз. Қазір шетел әдебиетінің бұрынғы аудармаларын шығарып жатқандар жетеді, өздері аударып жатқандар да бар. Сол баспалардың кітабы бізде бар, жеткілікті көлемде. Жасөспірімдер қазақ әдебиетімен бірге шетел әдебиетімен де танысып, көкжиегін кеңейтуі керек.

  • Мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазыңыз.

Жанр


Аудитория


Терминдер мен

ұғымдар


Не

үшін

қолданылды

?


Тілдік

оралымдар


Не

үшін

қолданылды

?









Оқушылар мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазады.

Дескриптор: 3 балл

Терминдер мен ұғымдарды,тілдік

оралымдарды теріп жазады; 1 балл

автордың қолдану мақсатын айқындайды; 1 балл


Сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады. 1 балл




тақырыпты ашады;




3-тапсырма. Тапсырманы жұппен орында. Сыныптасыңмен рөлді бөліп алыңдар. Бірің – сұхбат беруші, екіншің – сұхбат алушы. Сұхбат алушының міндеті: мәтін бойынша сұрақтар әзірлеу (4-5 сұрақ). Сұхбат берушінің міндеті: мәтін бойынша маңызды ақпараттарды түртіп алу

Оқушылар графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, талдап жазады.

Дескриптор: 2 балл

- сұхбат сұрақтарын құрастырады; 1 балл

- сұхбат алады/береді. 1 балл

Слайд




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Рефлексия. «Еркін микрофон» әдісін сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын білу үшін қолданамын.

Үйге тапсырма: 61-бет, 6-тапсырма


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

















Мәтінді дауыстап оқуда, диалог кезінде интонацияның құрамдас бөліктерін: әуен, қарқын, кідірісті орынды қолдана алады. - хабарлы сөйлем, сұраулы және лепті сөйлемдерді тиісті әуенімен оқиды; - диалогқа қатысады, сөйлеуде әуен, қарқын, кідірісті қолданады; - көзқарасын білдіреді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10.01.2025
162
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі