Сабақтың
тақырыбы: «Дені саудың-жаны
сау»
Сабақтың мақсаты: Балалардың көңілін көтеру, салауатты өмір салтына
байланысты
ойындар
ойнату.
Айболит келеді.
Айболит: Амансыңдар ма,
балалар! Басыма қиын іс түсті. Барламей барлық көкөніс-
жемістерді ұрлап кетті. Денсаулығың мықты болу үшін
жеміс-көкөністерді көп
жеу
керек.
Балалар: Ах, енді, не
істедік?
Айболит: Балалар, көп
жеміс не үшін қажет?
Балалар: Деніміз сау болу
үшін.
Күшіміз көп болу үшін.
Айболит: Бірақ та, ол
Африкада тұрады. Ол сондай ыстық, әрі өте алыстағы ел.
Маған да
өздеріңе де көмектесулеріңді сұраймын. Сендер келіссеңдер
көп
бөгелмей
алыс жолға шығалық, ал жолда көңілді болу үшін біз
жаттығулар
жасайық.
Жаттығу жасаймыз күнде таңертең.
Бірінен соң бірін кезек тәртіппен.
Көңілді жүреміз.
Қолды
көтереміз.
Отырып
тұрамыз.
Секіріп аламыз.
Диірменше оң қолды.
Содан
кейін сол қолды.
Айналдырып кезек-кезек.
Еңкейеміз төменге.
Қолым
жерге тигенше.
Енді
түзу тұрамыз.
Аяқты
алшақ қоямыз.
Артқа
қарай шалқайып.
Енді
солға қараймыз.
1,2,3
дем аламыз,
4,5,6
дем шығарамыз.
Айболит балалармен бірге
іздерді көреді де, сол іздер бойынша бірінші тапсырманы орындай,
Кикимора үйіне келеді.
Кикимора (әндетіп): -Кім
менің ұйқымды бұзған?
Ұлдар
мен қыздарды сондай жақсы көремін!
Айболит: -Біз Бармолейді
іздеп жүрміз. Ол біздің барлық көкөніс-жемістерімізді
ұралап
кетті.
Кикимора: -Жемістерді кір
қолмен жеген тіпті мәдениеттілікке жатпайды, ой..
гигиенаға
жатпайды
дегім келіп тұр! Ол денсаулыққа қауіпті! Иә, иә өте
қауіпті....
Айболит: -Біздің
балақандар өте таза, әдепті. Солай ма балалар?
Балалар: Иә, өйткені біз
әрдайы қолды сабынмен жуамыз.
Кикимора: Менің достарым
жоқ. Менімен ешкім ойнамайды. Бірақ балалар ойнағанады
жақсы
көреді. Сендер менімен ойнайсыңдар, ал мен сендерге
Бармалейге
баратын
жолды көрсетемін.
Айболит: -Е, олай болса,
біз сенімен бірге ойнауға дайынбыз.
«От арқылы секірейік»
ойыны.
Айболит: -Ал, айналайын,
сөзіңде тұр, Бармалейдің қай жаққа кеткенін көрсет
бізге!
Кикимора: -Ол анау жолмен
кетті, қош болыңдар!
Балалар гимнастика
орындығы арқылы жүріп, бассейіннен өтеді де су перісін
кездестіреді.
Айболит: -Амансың ба, Су
перісі, сен бізге Бармалейдің қайда тұратынын көрсетіп
жіберші.
Су
перісі: -Менімен бірге ойнасаңдар
ғана көрсетемін.
«Кім шапашаң» ойынын
ойнайды,
Балалар екі командаға
бөлініп, сабын, тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын салғыш, леген,
тарақты әкеледі.
Су
перісі: -Жарайсыңдар! Қандай жүйрік
екенсіңдер. Ал, бұл заттар не үшін қажет?
Айболит: -Бұл заттар не
үшін керегін жұмбақ арқылы табайық.
Ертемен күнде сен
Қолыңа
сүйкесең
Кетіп
кір, ласың
Тап-таза боласың
Бұл
не?
(сабын)
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолыңды
Сүртеді жоныңды
Бұл
не?
(сүлгі)
Аю
менен қасқырдан да,
Ұзын
менің тістерім.
Бірақ
жыртқыш аң емеспін
Шаштарға мен сән беремін.
(тарақ)
Су
перісі: -Жарайды, айтқандарың болсын.
Бармалей мына өзеннің ар жағында тас
үңгірде
тұрады, бірақ, ол өзенде қолтырауындар. Қолтырауындарға
ұқсап
жүзсеңдер олар сендерге тимейді.
Балалар «қолтырауын»
жаттығуларын жасайды, тас үңгірге жетіп, аузы байланған Бармалейге
тап болады.
Бармалей: -Ой, Айболит
дәрігер, мені құтқар, тістерім аурып тұр. Тезірек емдеші.
(Айболит аузын ашып көреді)
Айболит: -Мақұл! Мен саған
көмектесемін, тістеріңді де емдеп беремін. Бірақ сен
мына
балалардың жемістері мен көкеністерін қайтарып
бер.
Бармалей: -Көндім, көндім,
барлығын қайтарып беремін, енді еш уақытта ұрламаймын.
Айболит: -Балалар, менің
жалғыз күшім жетпейді, көмектерің қажет.
Айболит Бармалейдің
тісіне арқан байлап, балалар оны тартуға көмектеседі, тіс (муляж)
жұлып алады.
Айболит: -Тістерің ауырмас
үшін оны кішкене бала кезден тазалау керек. (балаларға
тісті
тазалауды көрсетеді)
Бармалей балаларға «Чунга-чанга» биін билеуге шақырады
да жеміс-көкеністерін қайтарып береді.
«Аққу» балабақшасы.
Тақырыбы:

Өткізген: Байбекова Г.С.
Балқаш қаласы
2017
жыл