400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық-зор байлық. Денсаулық және қоршаған орта

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 7 сыныптың қазақ тілі сабағына арналған ашық сабағы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШҚО, Ұлан ауданы, Жаңа-Қанай ауылы, «Қанай орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтбеков Санжар Серикулы


Сабақ жоспары

Қазақ тілі 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: 3-бөлім. Денсаулық-зор байлық. Денсаулық және қоршаған орта


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


7Т/А6 Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

7.ӘТН2. Сөйлеу стиліндегі интонация, кідіріс, логикалық екепіннің мәнін түсініп қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлығы: диалогке қатысып, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі.

Көбі: мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.

Кейбірі: интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.

Күтілетін нәтижелер


Адамның денсаулығының жақсы болмағы өзіне байланысты екендігін, оған қоршаған ортаның әсері болатындығын түсінеді.

Сабақтың түрі

Кіріспе сабақ


Қажетті құрал-жабдықтар

интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, алты түсті қалпақ(ақ, қара, сары, жасыл, қызыл, көк), суреттер

Оқыту әдістері

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Кіші шеңбер» тәсілі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциограмма, диалог, «Ойшыл қалпақтар» рөлдік ойыны

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар

Тапсырмалар

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

тапсырма

Мұғалім іс - әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал тұғызу

3 минут

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Шаттық шеңберін» құрады.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.



Өткен сабақты тексеру

5 минут



Мұғалім «Кіші шеңбер» тәсілінің негізінде үй тапсырмасын текесереді. Мұғалім үй тапсырмасының қалай орындағандығын қадағалау үшін бірнеше оқушыны іріктеп алады. Белгілі бір уақыт ішінде (5-7 минут) шеңбер бойынша әрбір оқушының кезекпен үй тапсырмасын қалай орындағанын баяндап шығуларын сұрайды, айтылған әрбәр хабарлама талқыланады, кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.



Белгілі бір уақыт ішінде (5-7 минут) шеңбер бойынша әрбір оқушы кезекпен үй тапсырмасын орындағанын баяндайды. сыныпта оқушылар жауап берушілердің сөзін тыңдайды.



І.Қызығушлықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «денсаулық» сөзіне ассоциограмма құрғызады.

әр оқушы тақтада ілулі тұрған плактқа маркермен өз түсінігін жазады.

ІІ. Мағынаны тану

1.Білу. Түсіну.

а) Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұраққа жауап береді.

ә) Айтылым. оқулықтағы 2-тапсрманы орындатады.

Тыңдалы. Мәтінді тыңдап, сөйлеудің түрін ажыратады.

2.Талдау және қолдану.

А) Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады. «Ойшыл қалпақтар» рөлдік ойынының негізінде «Денсаулыққа әсер ететін факторлар» тақырыбнда пікірталас ұйымдастырылады. Оқушыларға (ақ, сары, қара, жасыл, қызыл, көк) таратады, тақырыпқа қатысты өз пікірлерін айтуын сұрайды.

Айтылым. Пікірталасқа қатысады, өз ойларын айтады.

3.Тілдік бағдар. Қос нүкте туралы мағлұмат береді.

Қос нүктенің қойылуын меңгереді.






4.Сергіту сәті.

Күнделікті сергіту жаттығуын жасайды.

5. Жинақтау.

тапсырма.

Мақалдардың жалғасын тап.


Жазылым




ІІІ.Қорытынды

Жазылым. «Жүгірме диктант»


Есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырма


ІV. Бағалау

Қалыптастыру бағалау. Мұғалім сабақтың соңында тақтаға «ашық журнал» формасын іледі. Оқушылар өзін бағалап болғаннан кейін қорытынды бағаны өзі қояды.

Әр оқушы «Ашық журналға» өзіне баға қояды.

V.Үйге тапсырма

«Денсаулығым – байлығым» тақырыбына ақпарат жазып келу. 7-тапсырманы орындау.



VI. Ойтаразы

Мұғалім оқушыларға «шығу парағын» толтыртады

шығу парағын толтырады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі