жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақтың тақырыбы: «Ерке сылқым» Ә.Желдібаев 7 сынып
Қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
Көркем шығармашылық бөлімі
«Бекітемін»
директордың оқу-тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
------------------Төлегенова А.А.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Ерке сылқым» Ә.Желдібаев
Үйірме жетекшісі: Байдуллаева Ж
Қызылорда-2020ж
Сабақтың тақырыбы: «Ерке сылқым» Ә.Желдібаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қолына домбыра ұстаған әр қазақ баласының шығармашылық қабілетін ұштап,күй үйренуге дағдыландыру. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру арқылы аспаптық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылығы: Домбырамен күй тарту- үлкен рухани, адамгершілік мектебі , баға жетпес өмір оқулығы және ән-күйлер үйрену арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, сезіну, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, ұлттық салт-сана тағылымын оқушының бойына дарыту.
Тәрбиелігі : Оқушылардың халық музыка аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру,қазақ музыка өнерін құрметтеуге,адамгершілікке,ұлттық музыканы қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қашықтан білім беру
Сабақтың әдістері: кіріспе сұрақтары, бағалау сұрақтары, сабақты бекіту
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
Құралдар: компьютер, домбыра аспабы;
Көрнекіліктер: Суреттер, домбыра,кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, әдебиет,тарих,музыка;
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабақ процесіне бейімдеу
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Күйшінің өмірі,күйшілік өнері
«Ерке сылқым » күйінің орындалу ерекшеліктері
-күйдің шығу тарихы
-ноталар ұзақтығы
-қағысын үйрету
-топпен жұмыс
4. Қорытынды.
Оқушыларға сұрақтар бере отырып,сабақты пысықтау.
5. Үйге тапсырма беру
Саламатсыздар ма окушылар, бүгінгі сабағымызда Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйінің жалғасын үйренетін боламыз. Алдымен күйдің шығу тарихына тоқталып өтейік.
Әбдімомын Желдібаев 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген екен. Жастайынан күйге құмартқан күйші көптеген күйлер шығарған. Оның 70-тен астам күйі мен әні бар. Мысалы: "Толғау", "Ерке сылқым", "Боз жігіт", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты
Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. Енді осы күйдің шығу тарихына келетін болсақ, бұл күй күйшінің ғашығына ,барша қазақ қыздарының сұлулығына,әдемілігіне,биазылығына арналған күй екен.Бұл күй туралы күйші былай дейді.
“Ерке сылқымның” әуенiн тапқанша 20 жыл уақытым кеттi. Қазақтың қыздары қандай әдемi. Жүрiсi, тұрысы, қылықтары қандай! Еркелiктерi де өздерiне жарасады. Бұл күй барша қазақ қыздары образдарының жиынтығы. Мен соларды жеткiзуге тырыстым. Әрi жiгiттiк сөзiмде тұрдым. Ендi оны ешкiм де өшiре алмайды. Егер махаббатыма деген сезiмiм жалған болса, қазақтың қыздарын өзгелерден артық көрмесем мұндай күй тумас та, елдiң игiлiгiне айналмас та едi.
Күйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар.
— Әбдімомын Желдібаев.
Қазақ аруының сұлулығын, кербез қылығын, бір сөзбен айтқанда тұтас бекзат болмысын қос ішектің күмбіріне сыйдырған «Ерке сылқым» күйі қырық жылдан бері қазақты күймен тербетіп келеді. Қазақ күй өнерінде айрықша биікке көтерілген «Ерке сылқым» күйі тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, тылсым әлемге тартқан туынды
Атақты күйдің тарихын білу, оны мәңгі есте сақтау мақсатында 2011 жылы Шу қаласындағы күре жолдың бойына «Ерке сылқым» ескерткіші орнатылған болатын.
Күй кейіпкері – қазақ аруының бейнесі сомдалған ескерткіш күй өнеріне тұрғызылған ғажайып белгі. Жамбыл өңірінде қазақ өнеріне тұрғызылған ескерткіш әлі күнге дейін көптің қызығушылығын туындатып, халықтың бас қосатын рухани орталығына айналып отыр.
Күйші Ә.Желдібаев осы саналы ғұмырында көптеген марапаттарға ие болды.
«Парасат» ордені 1993 жылы белгілейді. «Парасат»орденімен Республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту мен молайтуға жеке үлкен үлес қосқан, сонымен қатар адам құқығы мен оның әлеуметтік мүдделерді қорғау жөніндегі белсенді қызмет еткен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да азаматтар марапатталады
Елбасы Н.Назарбаевтың жеке айрықша белгідегі "Алтын барыс" төсбелгісінің иегері.
2011 жылы "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
Біз бұл күйді өткен сабақтарда 1,2 бөлімдерін үйренген болатынбыз, енді күйдің 3 бөліміне тоқталатын боламыз. Алдымен күйді тартып көрсетемін мұқият тыңдап отырыңдар балалар. /Күйді тартып беремін/
Алдымен қағыс түріне мән береміз,қағысы екі төмен, екі жоғары.
Күйдің өлшемі 2/4, күйдің әуені құлаққа жағымды оңай жатталатын күй. Лирикалық күй,сол себепті нәзік ,әндете тартып үйренеміз./күйдің 3 бөлімін үйретемін/
Қорытынды. Ал балалар енді біз осы Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі жайында не біліміз сабағымызды пысықтап алайық.
Күйші қай жылы дүниеге келген?
Ерке сылқым күйін кімге арнап шығарған?
Бұл күйдің әуенін тапқанша неше жыл уақыты кеткен?
Қандай марапаттары бар?
Қай қалада осы күйге арналған ескерткіш бар?
Үйге тапсырма: Осы күйдің 1,2,3, бөлімдерін жатқа ойнап,келесі сабақта whatsapp желісі арқылы байланысқа шығып,қатемен жұмыс жасайтын боламыз. Осымен сабағымыз аяқталды сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген