400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы "Етістік"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

«№ 27 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна

бастауыш сынып мұғалімі

Қазақ тілі

3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

  1. Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63 % меңгерту,

«БжС» технологиясының «Алгоритм» картасы бойынша етістік және оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру.Оның жасалу жолы мен қойылатын сұрақтары туралы мәлімет беру.

II. Сөйлем ішінен етістікті ажыратып, сөйлемдегі сөзбен байланысын анықтай алуға үйрету. Берілген тапсырмалар арқылы оқушының зейінін, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, есте сақтауды дамыту және сөздік қорын молайту. Сауатты жазуға дағдыландыру.Жан – жақты білімдерін кеңейту.

ІІІ. Білімге деген қызығушылығын оятып, өз бетімен жұмыс жасауға,ұқыптылыққа

ізденімпаздыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.

Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету.

Сабақ типі: «БиС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Технология: «БиС» технологиясының «Алгоритм» картасы .

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, жазбаша жұмыс,ізденушілік ойындар

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивтік тақта, етістіктің жасалу жолдары көрсетілген «Егер - онда» блок-сызбасы, жаттығу тапсырмалары жазылған парақтар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.

Сабақтың барысы .І.Ұйымдастыру кезеңі: Көш басшыға сөз беріледі.

  Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны:

Сөйлейміз,оқимыз,жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз!

Миға шабуыл: Сөз жұмбақ шешу (етістік)

Олай болса бүгінгі сабағымыз Етістік туралы БиС технологиясының Алгоритм картасымен

жұмыс жүргізіп 63% қол жеткізу.

Әртүрлі жаттығу жұмыстарын жасаймыз .Сондықтан мұқият сабаққа қатысып отырыңдар.

III.Жаңа сабақ: Етістіктің жасалу жолдары көрсетілген «Егер - онда» блок-сызбасы бойынша жаңа сабақты түсіндіру. (уақыты тақтаға жазылып қойылады)

Заттардың қимылын , іс-әрекетін білдіретін сөздерді ЕТІСТІК дейміз.

Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Мысалы: Ойланды,сөйледі, ашты,айтты.

Сурет бойынша жұмыс.

I



пысықтауыш



не істеді ?

қайтті ?

оқыды, жазды



кімді? нені ? кімде ?неде ? кімнен ? неден? кіммен? немен ?

қалай ? қайда ? қашан ?

DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject1 DrawObject2 кезең. Қабылдауды ұйымдастыру.

(сөйлемдер беріледі, түсіндіріледі, түсіндірілу уақыты тақтаға жазылады, оқушылар бірінші төменгі күрделілік шегіндегі тапсырманы орындауы тиіс, оқушылар бәрі бірге бір рет шапалақ соғады, шапалақ біркелкі болуы керек, жұмысқа кіріседі. Бірінші болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт біткен соң, интерактивтік тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жұмыстарын тексереді, түсінбегендерін сұрайды. Әр тапсырма бойынша пайызы көрсетіледі.

I.Байқау

Сөздердің ішінен етістіктерді теріп жаз .

ТКШ 1. Бүркіт,жинады, ұшты,лақ, көбелек ,жауды,Кәмшат,секірді, жаңбыр,қонды.

АКШ2. Сөздердің санын арттырып ,етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.

ЖКШ 3. Сөйлемдегі етістіктерге сұрақ қой,астын сыз.

Жауабы: Байқау. Сөздердің ішінен етістіктерді теріп жаз .

ТКШ:1.Жинады,ұшты,жауды,секірді, қонды.

АКШ 2.Бүркіт қалықтап ұшты. Көбелек гүлге қонды.Жаңбыр себелеп жауды, Лақ тасқа секірді.Кәмшат бөлмені жинады.

ЖКШ 3. Бүркіт қалықтап ұшты. Көбелек гүлге қонды.Жаңбыр себелеп жауды. Лақ тасқа секірді.Кәмшат бөлмені жинады. (Ереже қайталанады)

II кезең. Ұғынуды ұйымдастыру, түзету, екінші рет «Егер-онда» блок-сызбасы бойынша түсіндіру, уақытты жазып қою.

(сөйлемдер беріледі, түсіндіріледі, уақыты тақтаға жазылады , оқушылар екінші аралық күрделілік шегіндегі тапсырманы орындауы тиіс, оқушылар бәрі бірге екі рет шапалақ соғады, шапалақ біркелкі болуы керек ,содан соң жұмысқа кіріседі. Тапсырманы бірінші орындап болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт біткен соң, тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жұмыстарын тексереді. Жіберілген қателерін айтып, түсінбеген жерлерін сұрайды. Тақтада дұрыс орындалған жұмыстың пайызы көрсетіледі.) ТКШ бәрі орындаса онда АКШ екі тапсырма беріледі.

уақытын жазамын.

ІІ.Бекіту

АКШ 1.Малдардың атын жаз.

АКШ 2. Төрт түлік мал қалай төлдейтінін жаз. Етістіктердің астын сыз,қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсет .

ЖКШ.3.Етістік сөзді қатыстырып төрт түліктің пайдасын жаз.

Жауабы:

Жауабы: II.Бекіту.Жауабын оқиды.

ТКШ 1.Бие,сиыр, қой, ешкі,түйе.

АКШ 2. Бие құлындайды. Қой қоздайды .Сиыр бұзаулайды .Түйе боталайды .Ешкі лақтайды

ЖКШ. 3 жауаптарын оқу.

Сергіту жаттығуы.

III кезең. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру, түзету, үшінші рет

«Егер-онда» блок-сызбасы бойынша түсіндіреді, уақыты жазылады.

(сөйлемдер беріледі, түсіндіріледі, түсіндірілу уақыты тақтаға жазылады, оқушылар үшінші жоғары күрделілік шегіндегі тапсырманы орындауы тиіс, оқушылар бәрі бірге үш рет шапалақ соғады, шапалақ біркелкі болу керек, жұмысқа кіріседі. Бірінші болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Жұмыстың аяқталуы: 5+30 секунд. Уақыт біткен соң, интерактивтік тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жұмыстарын тексереді. Түсінбегенін сұрайды және тапсырманы орындау кезінде жіберген қателерін көрсету керек. Әр тапсырма бойынша пайызы көрсетіледі.)

III. Еске сақтау.

ТКШ 1.Өлеңді жаттау,жатқа жазу.

Көктем келіп, шуақты,

Аспанда құстар шулайды.

Қураған талға жан бітіп,

Бүршік жара бастайды.

АКШ 2.Етістіктердің астын сыз,оларға сұрақ қой.

ЖКШ. 3 жауаптарын оқу.

Жауабы: IІI.Есте сақтау .Жауабын оқиды.

ТКШ 1. Көктем келіп, шуақты,

Аспанда құстар шулайды.

Қураған талға жан бітіп,

Бүршік жара бастайды.

АКШ 2.Көктем келіп, шуақты,

Аспанда құстар шулайды.

Қураған талға жан бітіп,

Бүршік жара бастайды.

ЖКШ. 3 жауаптарын оқу,дәлелдеу.

Дұрысы қайсы,бұрысы қайсы?

IV. «Егер-онда» блок – сызбасы бойынша тақырыпты қайталап түсіндіріп, бекітіледі.

Уақыт қалып жатса, тақырыптық сөзді қор өткізіледі. Оқушылардың тақырыпты меңгеру сапасы 63% пайызды құраса, келесі сабақта Биоинтернетке көшеді.

«Алгоритм» картасымен жұмыс жасаған кезде баға қойылмайды.

V.Үйге тапсырма: Ережені жаттау, № 2, 162 бет.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі