Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Етістік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Етістіке байланысты сөйлем келтіреді, сөйлемнен тауып, астын сызады. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Семантикалық картамен жұмыс жасайды, етістікті басқа сөз таптарынан ажыратады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Уақыты:


     СЫНЫП: 

  Қатысқан оқушылар  саны:

_____ оқушы

Қатыспаған оқушылар саны:  _____________

Сабақтың негізделген  мақсаттары:

Етістік туралы түсінік беру, сөйлем келтіру, талдау.

Күтілетін нәтиже.         1-денгей (білу,түсіну)

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Етістіке байланысты сөйлем   келтіреді, сөйлемнен тауып, астын сызады.

2-денгей (қолдану, талдау)

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Семантикалық картамен жұмыс жасайды, етістікті басқа сөз таптарынан ажыратады

 

3-денгей (жинақтау, бағалау)

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Сөз таптарының сұрақтарын ажырата алады.

Тілдік мақсат:

Сөздердің дұрыс айтылуы.

Ресурстар:

Оқулық, ақ қағаз, маркер,  стикер, бағалау жапсырмалары, доп және топ аттары .

Пәнаралық  байланыс:

Бейнелеу, дүниетану, еңбекке баулу.

Алдыңғы оқу

Етістік.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3 минут

 Сәлемдесу

Журнал толтыру, балаларды түгелдеу.

Шаттық шеңберін құру. Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру:

Қол алысып, қане, біз.
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

Топқа бірігу: гүлдер бойынша

1-топ: Фиалка

2-топ: Раушан

3-топ: Бәйшешек

4-топ:қызғалдақ

Бағалауды түсіндіру «Бағдаршам» әдісі

 

           ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ (5 минут)

        1-деңгей (білу түсіну):

Өтілген тарауды қайталау. 4жаттығу.                       Көркем, сауытты жазу

Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.

          2-деңгей (қолдану талдау):

Етістіктің астын сызу астын сызу

Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады

       3-деңгей (жинақтау, бағалау):

Зат мен етістікке байланысты сөйлем келтір?

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.

ЖАҢА САБАҚ

15 минут

1-деңгей (білу, түсіну)  

  (білу түсіну):

         Тапсырма

«Аялдама» әдісі стратегиясы

1. Ауа ашық. Қай сөз табына жатады?

2. Не істеді деген сұраққа жауап беретін сөздерді айт.

3. Кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді айт.

4. Сөз таптарын ата?

 

Сергіту сәті  3 минут

«Сұрақ-жауап әдісі» кім жылдам

Ой сергітеді, шаршағандары басылады

Сабақты бекіту 15 минут

1-деңгей (білу, түсіну)

«Әуедегі доп.»

Допты бір-біріне лақтыру арқылы оқушыларға сұрақ қоя отырып білім деңгейін анықтау

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің сұрақтары қандай?

Зат есім нешеге бөлінеді?

Жалқы есім деген не?

Жалпы есім деген не?

Жұптық  жұмыс. Дұрыс жауаптарға     1 балл қойылады.

 

2-деңгей (қолдану, талдау)

Оқулықпен жұмыс.

Фиалка  тобына: 1-жаттығу.

Раушан тобына: 2-жаттығу

Бәйшешек тобына: 3-жаттығу.

Қызғалдақтобына: 4-жаттығу. (тапсырманы орындаған оқушылар әр тотан 2 немесе3 оқушы шығып талдап түсіндіреді.

Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады

3-деңгей(шығармашылыққа, ғылыми  зерттеушілікке  бағытталған тапсырмалар)

Әр топ өз тобын постер арқылы қорғауды тапсырады, сипаттап береді орындаған тапсырманы.

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

6-жаттығу. Тақырыпқа байланысты өз бетінше тапсырма орындау

 

Тапасырманы орындағанға «3» баға қойылады.

2-деңгей (қолдану, талдау)

Алма, алды,, Марат.қызыл.  Осы сөздерден сөйлем келтір және талда?

Тапасырманы орындағанға «4» баға қойылады

3-деңгей(Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)



Түсіп қалған етістікті тап:

Біріңді қазақ,бірің дос,

(Көрмесең ) істің бәрі бос

2)

Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,

Қиыннан (қиыстырыр) сөз данасы.

3.Желсіз тьунде жарық ай,

Сәулесі суда (дірілдеп)

Сөздер қай сөз табына жатады? Оны сен қалай анықтадың?

Тапасырманы орындағанға «5» баға қойылады

Бағалау

 Топты және өзін-өзі бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«Тілек ағашы»

Стикерлерді жабыстырады

 

                                                                           Рефлекция

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды.

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды.

 

Келесі сабақта өз жоспарыңызға  қандай өзгерістер енгізген болар  едіңіз.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!