400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ф дыбысы мен әрпін таныстыру. -«Ф» дыбысы бар сөздерді атау,буынға бөлу. -Дыбыстық талдау жасау. -Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байжуманова Айгуль Советбаевна. Сауат ашу және көркем әдебиет. 6 жасар даярлық тобы.Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: - Ф дыбысы мен әрпін таныстыру. -«Ф» дыбысы бар сөздерді атау,буынға бөлу. -Дыбыстық талдау жасау. -Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекі құралдар: суреттер,кеспе әріптер, текшелер, буын сөздер. Әдіс-тәсілдер: ойын,сөздік,көрнекілік,практикалық. Пән аралық байланыс: сауат ашу,көркем әдебиет. Сабақтың барысы; Орман ішінде шөптерді , гүлдерді реттеп , Орман Перизаты жүреді. Бір кезде шықылықтап сауысқан ұшып келеді.Сауысқан: Орман Перизаты,Орман Перизаты! Сізге хат келді. Орман Перизаты: Сауысқан-ау,не болып қалды, кірген бетте сәлемдесуді де ұмытып кеттің ғой. Сауысқан: Кешіріңіз,сәлеметсіз бе? Орман Перизаты: Сәлеметсің бе,Сауысқан. Хат қайдан келді екен,ашып оқиын. О-хо, менің еліме 6 жасар даярлық тобы қонақтарды күтуге келе жатқан көрінеді.Кәнеки,ендеше аңдарымды жинайын./Түлкі,аю,қоянды жинайды/.Балаларды қарсы алады. -Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қош келдіңдер! Сіздермен бірге, бізде қонақтарға білімімізді көрсетуге әзірміз. Мұғалім:Кәне, ендеше шаттық шеңберін құрып,қол ұстасып тұрайық.Алақан жылуын сезінейік.Алақан жылуын сезіндіңдер ме? Қандай тамаша! Арайлап бүгін атты күн, Шашып бірге шапағын. Тілейміз сізге ақ таңның, Қуанышын,шаттығын. Қайырлы таң, қайырлы күн. Қуанышты күн бүгін, Сәлеметсіздер ме,қонақтар?-Жақсы,балалар енді біз поезға мініп орманға саяхатқа шығайық.Ол үшін алдымен гүлдерді терейік.Ал гүлдердің өзіндік қасиеттері бар.Қасиеттері сол гүлдердің ішінде әріптер жасырынған.- Кәне, кімнің қолында қандай әріптер жасырынған екен? Ол қандай дыбыс?Балалар біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.Енді дыбыс дегеніміз не,әріп дегеніміз не екенін ажыратып алайықшы.-Жақсы,балалар тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.Енді поезға мініп саяхатымызды жалғастырайық. /пуп-пуп,пуп-пуп,пуп-пуп/. -Балалар,қараңдар атқылап жатқан суды көрдіңдер ме? Ол не? -Фонтан.-Дұрыс. Фонтан деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?-Ф дыбысы.-Ол қандай дыбыс?-Дауыссыз дыбыс.Тақтаға «Ф» дыбысы ілінеді. Ауада 3-4 рет қайталап жазу.-Балалар «Ф» дыбысынан басталатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?-Факс,фартук,фирма,ферма,фонтан,фокус.-Балалар кім «Ф» дыбысынан басталатын өлең,тақпақ біледі? Кім айтады?-Жақсы,саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық./пуп-пуп, пуп-пуп,пуп-пуп./-Балалар,келесі «Буынды буынға қос» аялдамасына келдік.Ағаш жапырақтарында буындар берілген.Сол буындардан сөз құрастыру керек.-Өте жақсы.Сендер өте тамаша орындап жатырсыңдар.-Енді поезға мініп саяхатымызды жалғастырайық./пуп-пуп,пуп-пуп,пуп-пуп./-Келесі аялдама «Сөз құрастыр»./кеспе әріптерден сөздер құрастыру./-Балалар,өте жақсы.Енді бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік? Мына адасқан әріптер арасынан «ф» дыбысын тауып беріңдерші.Сонымен,балалар біз тапсырманы бірлесе отырып орындадық. Олай болса сабағымызды «Достық»әнімен аяқтағымыз келіп отыр





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі