Сабақтың
тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің
бе?
Сабақтың
мақсаты: 1. Оқушыларды жол жүру ережесімен
таныстыру.
2. Түстер туралы білімдерін іс
жүзінде білу дағдылары
жетілдіру.
3. Жолда жүру ережесін білуге,
есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, алатаяқ, көше бейнеленген
суреттер.
Әдіс - тәсілдері; түсіндіру,
сұрақ - жауап.
I
Ұйымдастыру:
Жол тәртібін
сақтаймыз,
Әдептен біз
аспаймыз,
Оң жағымен
көшенің,
Жүруді есте
ұстаймыз.
Жан жаққа сақ
қарап,
Бағдаршамға
тоқтаймыз.
II Кіріспе
сөз: Біздің
еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі
енгізілген. Бұл ережені оқушыларда, үлкендерде, көлік жүргізетін
жүргізушілерде бұлжытпай орындау керек. Жолдың қауіпті қозғалысы
көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан
машинаға жабысуы, Қалтарыстан шыға келуі салдарынан бұзылады. Жол
тәртібін бұзғандар түрлі жағдайға тап болды. Сондықтан жолда жүру
ережесін мұқият тыңдап оқушылар әр сабақтан қортынды шығару қажет.
Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жол жүру ережесін
бұзбайды.
- Қандай бала ережені
бұзбайды?
Үлгілі тәртіпті
бала.
Шуақты өміріміз күндей
күліп,
Жүректе бүршік атты гүлдей
үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін
емес,
Жол жүру ережесін білмей
тұрып.
Мадина. Қай көшке, қай қалаға, барсаңыз
да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз
да.
Жолда жүру ережесі – заңды
тәртіп
Ол ортақ үлкен кіші
баршамызға
- Енді жолда жүру ережесі
туралы не білеміз есімізге
түсірейік.
III. Жол белгілерімен
таныстыру:
1. Ескерту
белгісі
Қып – қызыл
бұрышты
Ескерту белгісі мен
болам.
Қауіптен сақ бол
деп,
Сәт - сапар
жолдаған,
Аман - сау жүреді жаяуда,
көлікте
Мен берген белгіні сақтаған,
қолдаған
2. Тиым салу
белгісі
Қызылмен боялған шеңберлер
аумақта
Тиымшыл белгімін, қаталмын
салмақты!
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ
жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып
жан – жаққа.
3. Міндеттеу
белгісі
Белгімін көрсетер жылдамды,
бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе
қауіпті,
Барлығын анықтап тұрамын
жолымда,
Абай бол, шартымды міндетті
орында!
4. Нұсқау белгісі
«көрсеткіш»
Баратын жеріңнің бағытын,
тұрағын,
Үн - түнсіз жөн айтып, жол
нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де, от болып
жанады,
Көк түске боялған, төрт бұрыш,
шырағым
5. Тайғанақ
жол
Бұл белгіде тайғанақтап бара
жатқан машинаның таңбасы
салынады.
Бұл белгі орнатылған жерде де
балалардың жолдан байқап өткені дұрыс, себебі машинасы аяғы
тайғанап кетуі мүмкін.
6. Қауіпті
бұрылыс
Бұл белгісі трассаларда, Үлкен
жолдарда қойылады. Автокөлік жүргізуші бар белгіге сәйкес жол жүру
тәртібін сақтаса, қауіп - қатерде аман
қалады.
7. Шлак бауы бар темір
жол өкпелі
Бұл белгінің ішіне шарбақтың
суреті салынған. Пойыз жақындаған кезде қоңырау соғылады. Қызыл
жарық жанып - сөніп тұрады, темір жол өткелінің алдында екі жерден
жол белгісі қойылады.
IV Жұмбақтар
жасыру
1. Жоқ өзінде баста, ауыз, құлақ
та,
Бақырайған үш көзі бар
бірақта «Бағдаршам»
2. Өзі сөйлей
білмейді,
Бірақ тоқта жүр
дейді. «Бағдаршам»
3. Арқаным бар тым
ұзын,
Ала алмайсың бір
үзім.
«Жол»
4. Ала таяқ
ұстаған,
Жол тәртібін
нұсқаған.
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырығы
түзеткен. «Милиционер»
5. Көше бойын
аяңдайды,
Адам тасып
аянбайды. «Автобус»
6. Үш көзді
батыр,
Жолды аңдып
жатыр. «Бағдаршам»
V. Суретпен
жұмыс.
VI.
Көрініс
Жас инспектор: атай қараңызшы,
мына аюға не болған? Кім
ренжіткен?
Шипагер: маймағым - ау, саған
не болған, жасырмай айтшы, неге көзің ісіп
кеткен?
Аю: бал таситын машинаға
жармасам деп құлап түстім, мені ажалдан арашалап
алыңызшы.
Шипагер: балға болар жол
тәртібін бұзыпсың
Аю: маймағым – ай менде
басыңа, көзіңе жағатын дәрі бар. Басын байлап
береді
VII Жол ережесі туралы
таппақ.
Бекзат
Біз ұғымтал
баламыз,
Есте сақтап
аламыз.
Келіп қалса
машина,
Қалып тұра
қаламыз.
Лунара
Үлкен кіші қала
бар,
Бой жүгіртіп қарап
ал.
Көше заңы тым
қатты,
Сақ болыңыздар,
балалар!
Маулет
Қызыл, сары,
жасыл,
Бір өзіңде үш
от.
Қызыл жанса
тоқта,
Жасыл жанса тез
өт.
Ләззат
Көрсең жолдың
бойынан,
Май
қызметкерлерін.
Шаршау білмес, ел
үшін
Елеу керек
еңбегін.
Ерасыл
Көз салып ол
қырағы,
Бос жібермей әр
күнін,
Қадағалап
тұрады,
Жолда түру
тәртібін
Айдана
Арманға алдан күткен
асығамыз,
Біз қалай толқын артпай
басыламыз.
Жол жүру ережесін жатқа
біліп,
Сақтықта тура алатын
жасұланбыз.
VIII.
Бағдаршам
Бағдаршамның жасыл жарығын
жаққанда, балалар аяқтарын жүрген сияқты бір орында тұрып
қозғалысқа келтіреді.
Сары жарықты жаққанда ду қол
шапалақтайды. Қызыл жарықты жаққанда бір орында қозғалмай тұрып
қалады, балалар көліктердің жолдан өтіп кетуін күтіп
тұрады.
Есіңде
болсын.
Көшенің қиылысына келгенде екі
жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын
күт.
Өткелі жоқ жерден өтуге
болмайды.
Жол бойында шана, шаңғы, доп
тепе.
Көліктің артына
жармаспа.
Қалтарыстан шыға келме,
өміріңе қауіпті.
Жүріп бара жатқан көліктің
артына жармаспа.
10.
Қорытынды.
1. Бағдаршам қойылған жол
қауіпті ме, қойылмаған жол қауіпті
ме?
<Бағдаршам қойылған жол
қауіпсіз >
2. Бағдаршам дегеніміз не,
оның адам өміріндегі алатын орны
қандай?
< Бағдаршам
механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді
аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде үлкен қызмет
атқарады>.
3. Велосипед пен неше жастан
бастап жолмен жүруге болады?<14 жасқа толған балаларға
рұқсат>.
4. Жол белгілері не үшін
қажет?<Апатты жағдайларды болдырмау
үшін>.
5. Жолдың екінші бетіне қалай
өтесің?<Арнайы ақ жолақ салынған жаяу жүргіншінің өтуге арналған
жерден өтеміз>.
Қорытынды: Балалар бүгінгі тақырыпты қорытындылай келе, сіздермен жол
жүру ережесі туралы бір қатар мәліметті қарастырдық. Болашақта осы
алған мәліметтерді қажетті тиісті жерлерде сақтап, өздеріңіздің
қауіпсіздіктерің үшін тек өздеріңіз жауапты екендігіңізді
ұмытпаңыздар.