Сабақтың тақырыбы: "Жыл мезгілі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: "Жыл мезгілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандараға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Амиралиева Гульнара Усербековна Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы. ГККП «ясли-детский сад №1» Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілі Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Жаз және күз мезгілдеріның айырмашылықтарын әңгімелеуге үйрету.

Міндеттері:

а) Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай әңгіме құрауға үйрету.

ә) Саусақ моторикасын дамыту, «ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру; балаларды айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, өз ойын ауызша жеткізуге баулу.

б) Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: біледі: күз мезгілімен жаз мезгілінің айырмашылықтарын ажыратуды; түсінеді: «Ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуды; қолданады: суретке қарап әңгімелеуді.

Қолданылатын көрнекі құралдар: текшенің 6 жақ бетінде күз немесе жаз мезгілінің суреттері болу керек. Жаз және күз мезгілінің суреттері, сөйлеуді дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс: күз, жаз.

Билингвалды компонент: күз – осень


ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Ойын: «Ғажайып текше»

Мақсаты: күз және жаз мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білу.

Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенің 6 жағында күз және жаз мезгіліне сәйкес суреттер жабыстырылады. Мысалы: Сарғайған жапырақтар көрсе, ол – күз мезгілі.

Балалар шомылып жатқан сурет түссе, ол – жаз мезгілі.

Сұрақ-жауап:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз айларын кім атап береді?

Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі?

Ал жаңбыр қалай жауады?

Оның дыбысы қандай? (Тырс-тырс, тырс-тырс).

Жаңбыр тырс-тырс, тырс-тырс етіп жауады екен. «Тырс-тырс» соңында қандай дыбыс естіп тұрмыз?(«С» дыбысы)

Салқын жел қалай соғады? (У-у-у-у-у).

Ал егер де жел күшейсе ше?

«У» дыбысына жаттығу жасату.

У-у-у-у-у – уылдырық. У-у-у-у-у – улы.

Балалар, ең бастысы күз мезгілінде жапырақтар не істейді?

Балалар, жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?

Осы жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма?

Әңгімелеу: «Жаз, Күз» мезгілдері (сурет бойынша) Мақсаты: әңгімелей білуге тәрбиелеу.

Шарты: сурет бойынша балалар әңгіме құрастырады. Мысалы: Мен мына суреттен «жаз» мезгілі жайында көріп тұрмын. Әңгіменің тақырыбы: «Жаз мезгілінің қызықтары» деп аталады.

Сергіту жаттығуы.

Түн болды, Жел соқты, Жел қатты соқты. Жаңбыр жауды, Жаңбыр қатты жауды. Жаңбыр тоқтады, Күн шықты, Таң атты!

Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»

Мақсаты: Балаларды жапырақтардың түсін ажырату арқылы, жылдамдылыққа үйрету және әсем безендіруге баулу. Ойын шарты:Сөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі ағаштарды жапырақтармен безендірейік. Біреуін күз мезгіліндегі, ал екіншісін жаз мезгіліндегі түске безендір.

«Жайлау көркі» өлеңін оқу.

Табиғат әлемі. Гүл толған әдемі. Ұйқы ашар сағаттай. Бозторғай әуені.

(Б.Тәжімбетов) – Бозторғай дегеніміз не?

Өлеңде бозторғай құсының ән салғаны жайында, гүлдердің жайқалып, көп болып өсуі туралы айтылған? Бұл қай мезгіл? (Жаз)

Бұлбұл қайда әнімен

Оятатын тербетіп,

Теңселеді алып емен,

Жаңбыр жауды желдетіп. («Күзде» өлеңі, Т.Молдағалиев)

Балалар, бұлбұл – құстың аты. Кәне, бірге қайталайық (бұл-бұл).

«Ұ» дыбысына дұрыс айтылуына жаттығу орындау.

  • Ұ-ұ-ұ- ұл

  • Ұл-ұл-ұл –Ұлпан, - Ұй-ұй-ұй – ұйқы

  • Бұл-бұл-бұл – бұлбұл

  • Бұ-бұ-бұ – бұзау

«Ұ» дыбысының ауыздан еш кедергісіз, емін-еркін шығатындығын, яғни оның дауысты дыбыс екендігін айту.

Табиғаты тамаша Отанымыз Қазақстанға тамсанбау мүмкін емес. Балалар, сендер Отанымыз Қазақстанды жақсы көресіңдер ме?

Олай болса, Отанымыз Қазақстанға арналған өлең жолдарын айтайық.

Тақпақты мұқият тыңдауға тырысады. «Қазақстан – менің Отаным» өлеңін оқу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі