400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: "Көкеністер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкеністер туралы мәлімет беру. артикуляциялық жаттығулар жасату
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Көкөністер».

Мақсаты: Көкөністерді бір-бірінен айыруға, дұрыс айтуға үйрету. «Көкөністер» тақырыбы бойынша сөздікті белсендіру. Сөздерді дұрыс айтуға, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Есту зейінін дамыту және ұсақ қол моторикасын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Билингвалды сыңары: қияр-огурцы, қызанақ-помидор, пияз-лук, орамжапырақ-капуста, сарымсақ-чеснок.

Пәнді – дамыту орталығы: Көкөністердің суреттері, жемістер мен көкөністердің макеттері, айна, артикуляциялық жаттығуларды орындауға арналған сұлбалар.

Балаларды «Жылулық шеңберіне» шақырады.

Бүгінгі біздің жаңа тақырыптың аты - Көкөністер.

Көкөністерге: қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, сарымсақ, қызылша, асқабақ жатады.

Көкөністерді біз күнделікті жейміз және онда көптеген дәрумендер бар. 

  • Балалар сендер көкөністермен таныстыңдар, ендеше осы көкөністер қайда өседі?

  • Дұрыс, ендеше сол көкөністер бақшасына саяхат жасайық. Біздің бақшамыз ұзақ жерде, сол себепті біз бақшаға паровозбен барамыз.

Қатар-қатар тұрайық,

Паровозды құрайық.

Дөңгелегі тарсылдап,

Баққа қарай барайық,

Гук-пш, гук-пш, гук-пш,

Гук-гук, гук-гук, гук-гук.

  • Балалар бақшға да келіп жеттік. Бақшадағы ауа райын бақылап көрейікші.

  • Кішкене жел тұрды.

  • Жел күшейіп, дауыл соқты

  • Міне, нөсер басталды.

  • Күн ашылып, жаңбыр тоқтады



Балалар қараңдаршы, бақшадағы арықтардың арасында сендерге арналған тапсырмалар бар екен, қанекей бәріміз бірге орындайық.



1 тапсырма: Артикуляциялық жат-тығу орындау (Тәтті тосап, Кесе)

2 тапсырма: Тіл ұстарту.

Ка-ка-ка - картоп

Қи-қи-қи – қияр

Қы-қы-қы – қызанақ

Қы-қы-қы – қызылша

Пи-пи-пи – пияз

Са-са-са – сарымсақ

Ор-ор-ор – орамжапырақ



Сергіту жаттығуы:

- Қырық қабатты шабамыз!

- Қырыққабатты шабамыз!

- Қырық қабатты кесеміз!

- Қырық қабатты кесеміз!

- Қырық қабатты тұздаймыз!

- Қырық қабатты тұздаймыз!

- Қырық қабатты сығамыз!

- Қырық қабатты сығамыз!

-Енді тәтті салат дайындаймыз!

Үстел үстінде жұмыс. Қағаз бетінде салынған көкөністі бояп, сипаттау ұсынылады.

Мысалы: мынау қияр, оның түсі жасыл, дәмі тәтті.

«Жемістер мен көкөністер жинау»дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып, екі себетке жинайды.

Логопед тақырыпты пысықтайтын сұрақтарды қойып, сабақты қорытындылайды. Балаларды мадақ-тап, сабақтан алған әсерлерін сұрайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
2087
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі