400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Команда бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары жаңартылған білім мазмұны негізінде жасалған. Жас педагогтар сабақтарында пайдаланантын әдістер түрлерін қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3 Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Мектеп: Қызылорда қаласы, №217 Батыржан Шалғынбаев атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Әбуова Жанар Мұратайқызы

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы




Команда бойынша

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.3 Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру.

5.3.2.2 Алгоритмді сөз түрінде ұсыну

Сабақтың мақсаты





Барлық оқушылар: Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіреді. Алгоритмді сөз түрінде ұсынады.


Оқушылардың басым бөлігі: Команданың орындалу нәтижесін анықтайды.

Кейбір оқушылар: Күрделі орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийі


Орындаушылар мен олардың командалар жүйесін анықтайды.

Алгоритмді сөздік формада құрады.

Тілдік мақсаттар






Алгоритм құра білуді және орындаушылардың командалар жүйесін реттілігімен орындалуын ұғынады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

Алгоритм, алгоритм орындаушысы, командалар жүйесі, формальды орындаушысы, формальды емес орындаушы.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Алгоритм орындаушысы дегеніміз-...

Орындаушының командалар жүйесі деп ...

Формальды орындаушы ... орындайды.

Формальды емес орындаушы... орындайды.

Басқару дегеніміз-..

Алгоритмнің жазылу формасы ... ұсынуды айтады.

Құндылықтарға баулу




Құндылықтарға баулу арқылы тәжірибелік жұмыста шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауға, достық қарым-қатынас жасауға, жауапкершілікке, өмір бойы оқуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика 5- сынып. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану.

Алдыңғы білім


Алгоритм ұғымы мен алгоритм түрлерін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылулық жібер» тренингі





Топқа бөлу















Үй тапсырмасы

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Жылулық жібер» тренингі арқылы психологиялық ахуал тудыру.

Оқушылар шеңбер болып, бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып, жақсы тілектер айту арқылы бір-біріне жылулық жібереді.

Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлінеді.







І топ. Формальды орындаушы.





І І топ. Формальды емес орындаушы


Үй тапсырмасын «Кубизм» әдісі арқылы тексеремін. Оқушыларға берілетін сұрақтар.

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің неше түрі бар?

  3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

  4. Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Қандай қызметші сөздер қолданылады? Мысал келтір.

  5. Циклдік алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

«Серпілген сауал» тәсілін қолданып, оқушылардан бір-бірінің жауабы туралы «Сен не ойлайсың?”,
“Жауабын барынша кеңейту үшін қалай жауап беруге болады?”, “Қалай қорытындылауға болады?”, - деген түрткі сұрақтар қоямын.

Дұрыс жауап берген оқушыларды түрлі- тусті жұлдызшалар арқылы бағалаймын.

















с уреттер















КShape3 Shape2 Shape1 убик

Сабақтың ортасы

30 мин

Жаңа сабақты ашу















Тапсырмалар












































Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.


Жаңа сабақты ашу үшін  «Кім жылдам» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар интербелсенді тақтада жазылады?

  1. Орындаушы дегенді қалай түсінесіздер?
      2. Өмірде кездесетін қандай алгоритмдерді білесіздер?
      3. Команда дегеніміз не?

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берген соң, сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпқа байланысты таратылған қосымша ресурстардан мәлімет алғаннан кейін өз ойларымен топта бөлісіп, түсінік береді. Жаңа ұғымдарды дәптерге жазып алады. Бір-бірін тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.

Мадақ сөздер айту арқылы бағаланады.


1-тапсырма. Топтық жұмыс.

І-топ.

  1. Алгоритм орындаушысы деген не?
      2. Өмірде кезедесетін және өздеріңе белгілі қандай алгоритмдерді білесіңдер?
      3. Орындаушының командалар жүйесі деген не?
      4. Орындаушылардың қандай түрі бар?
      5. Команда дегеніміз не және алгоритм қандай командамен басталады?


ІІ-топ

  1. Неліктен алгоритм орындаушыларын формальды және формальды емес деп екі топқа бөлеміз?
  2. Не үшін орындаушылардың командала жүйесі әртүрлі?
  3. Неге әр алгоритмді құрғанда «Басы», «Соңы» командалары болу керек?


Топтарды «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалаймын.


2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Венн диаграммасы.

Формальды және формалды емес орындаушыларды салыстырыңдар.






Shape5 Shape4 Shape6




Оқушылар бірін-бірі смайликтер арқылы бағаланады.

3-тапсырма. Жеке жұмыс.

 1. Төмендегі алгоритмге сәйкес есептің жауабын хабарлаңдар:
 Басы
 2,5-ті 7-ге көбейт
 Нәтижесінен 5,1-ді азайт
 Нәтижесіне 3,2-ні бөл
 Шыққан санды хабарла
 Соңы

Мадақ сөздер арқылы бағаланады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.

Жеке жұмыс.

1-тапсырма.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну.


1.1.Орындаушыға команда беретін нысандарды көрсетіңіз.

 

1.2 Орындаушы үшін сәйкес командалар жүйесін толықтырыңыз.


Орындаушы

Командалар


«Жуу»__________________________________

____________________



«Отыр!»_________

_________________

_________________


«Ақпаратты іздеу»___

____________________

____________________


Дескриптор Білім алушы

- орындаушыға команда беру үшін нысандарды анықтайды;

- орындаушылар үшін командалар жүйесін құрады.


2-тапсырма. «Алға 1 қадам жүру», «Оңға бұрылу», «Солға бұрылу» командаларын орындай алатын Робот үшін «А» нүктесінен «В» нүктесіне жүретін жолдың алгоритмін құрыңыз.

_ _____________________

___________________

______________________

______________________

______________________


Дескриптор: Білім алушы

- командалар санын анықтайды;

- командалар жүйесін қолдана отырып, әрекеттердің сөздік алгоритмін жазады.



Оқушылардың тапсырмаларды орындағанына қарай дискриптор бойынша ауызша кері байланыс беремін.

Қосымша ресурстар







































































Shape7





Сабақтың соңы

3 мин

Үй жұмысы.



Рефлексия


Үй жұмысы. Өмірде кезедесетін алгоритмдерге мысалдар келтіріп келу.



Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

«Ет тартқыш, чемодан, қоқыс шелегі» әдісі

Керекті ақпаратты чемоданға, әлі де білуім керек десеңіз еттартқышқа, сабақтағы керек емес артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар.























Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлінді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмаларды болды. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт берілді. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік алды.



Оқушылар жеке жұмыста мадақтау арқылы, топтық жұмыста «Мадақтау сэндвичі» арқылы, жұптық жұмыста смайликтер арқылы бағаланды. Ал қалыптастырушы бағалау арқылы бүгінгі жаңа тақырыпты қаншалықты меңгерген деңгейін анықталды. Соған сәйкес дискриптор арқылы бағалап, кері байланыс бердім. Бұл менің келесі сабақты жоспарлауыма және олқы кеткен тұстарымды түзетуге мүмкіндік берді.

Сыныптың тазалығын, жарықтануын қадағаладым.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Сабақ мақсаттары шынай, .қолжетімді, белгілі бір уақытқа негізделген. Барлық оқушылар оқу мақсаттарын қол жеткізді.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: «Серпілген сауал» тәсілі



2: Жаңа сабақты ашу мақсатында «Кім жылдам?» тәсілі



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Ғаламатор желісі


2: Интерактивті тақта



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Топтық жұмыс. Әрбір топқа жеке тапсырма беру.




Пән мұғалімі: Әбуова Жанар

























Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлауды негіздеу туралы ТҮСІНДІРМЕ-ЖАЗБА

(әр жоспарға - 120-130 сөз шамасында)



Әр ҚМЖ бойынша Түсіндірме-жазба жазуға арналған сұрақтар мен ұсынымдар:


  • Сабақта оқушылар нені үйренеді? Нені біледі?

Сабақта топқа бөліну арқылы бір- біріне қолдауға үйренеді.

Әртүрлі деңгейдегі оқушылардан қандай нәтиже күтемін?

  • Оқушылар сабақ соңында өз пікірін ойын білдіріп, бағалауды білетін болады.

  • Оқушыларға қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарладым?

Топтық, жұптық жұмыс түрлерін орындау барысында достық қарым-қатынас жасайды.

  • Саралау : Сыныптағы қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарладым?

Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт берілді. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік жасадым.

  • Бағалау: Барлық оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймын?

Ал қалыптастырушы бағалау арқылы бүгінгі жаңа тақырыпты қаншалықты меңгерген деңгейін анықтаймын. Соған сәйкес дискриптор арқылы бағалап, кері байланыс беремін. Бұл менің келесі сабақты жоспарлауыма және олқы кеткен тұстарымды түзетуге мүмкіндік береді.

  •  Сабақта тиімді оқыту ортасын қалай орнатамын?

  • Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы

  • Жоспарлауда Бағдарламаның қай модульдерін тиімді ықпалдастырдым?

  • Сабақтарымда білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді, СТО, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалауды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және  оқыту әдістерін тиімді ықпалдастырдым.

  • Оқытудың табыстылығын арттыруда таңдап алынған жекелеген әдіс-тәсілдер мен стратегияларды (аттары) неліктен тиімді болады деп болжаймын?

  • Сабақтарымда СТО әдістерін қолданған өте тиімді болды. Біріншіден, жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында баланың белсенділігін, сабаққа қатысуын бақылауға болады.

  • Белсенді оқуды жүзеге асыруды қалай жоспарладым?

  • Топтық, жұптық жұмыс барысында оқушылар жұмысты немесе жобаны ортақ мақсатпен жүзеге асыруын.

  • Оқу үдерісіне барлық оқушыларды тарту мақсатында белсенді оқыту әдістерін, жұмыс (жеке,жұптық, топтық) түрлерін қалай ұйымдастырамын?

  • Топтық және жұптық  жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздеймін.

  • Оқушылардың оқу мақсатына жеткенін қалай білемін, қандай тәсілдермен өлшеймін?

  • Кері байланыс жасау арқылы оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдау арқылы

  • Оқушылармен жүргізілетін кері байланысты қалай тиімді жүргіземін?

  • Әр тапсырмадан кейін ауызша кері байланыс жасау арқылы тиімді жүргіземін.

  • Сабақта пәнаралық байланыс, АКТ-ны және қосымша ресурстарды неліктен тиімді болады деп жоспарладым?

  • Оқушылар білімдерін толықтырып, өмір бақи оқуға биімдеделеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі