Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Линзалар. Жұқа линзаның формуласы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: Линзалар. Жұқа линзаның формуласы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Линзалар. Жұқа линзаның формуласы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1621
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11 сынып № сабақ ____________________


Сабақтың тақырыбы: Линзалар. Жұқа линзаның формуласы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұқа линзаның формуласын түсіндіріп солар жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.ДКҰйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша жұқа линзаның формуласымен танысамыз.

Қандай құбылыс жарытың шағылуы деп аталады?

Шағылудың қандай түрлерін білесіңдер?

Қандай айна жазық айна деп аталады?

Жазық айна шын кескін бере алады ма?

Қандай кескін шын кескін деп аталады?

Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады?

Жарық жазық параллель пластиналар арқылы өткенде қандай құбылыс байқалады?

Көлдің шын және көрінерлік тереңдігі деген не?

Призмадағы сәуленің жүру жолын қалай анықтауға болады?

Айнаны ұлғайтуды дегенді қалай түсінесіңдер?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: Жұқа линзаның формуласы. Линзаның үлкейтуі.

  Үш шаманың; нәрсе мен линзаның d ара қашықтығын (1-суретте ОВ) кескіннен линзаға дейінгі f ара қашықтықтың және фокустық Ғ ара қашықтықты (ОҒ) байланыстыратын формуланы геометриялық жолмен қорытып шығаруға болады (біз сіздерге қорытынды формуланы береміз). немесе

Осы қатыстарды жұқа линзаның формуласы деп атайды. d, f және F шамалар оң да,

т еріс те болуы мүмкін. Линза шашыратқыш болған жағдайда F<0 онда жоғарғы формуланың оң бөлігінде - теріс шама тұрады, мүшенің алдына кескін шын болғанда «плюс», ал кескін жалған болғанда «минус » таңбасы қойылады. Ақырында, мүшенің алдына жарықтаушы нүкте шын болғанда «плюс», ал жалған болғанда «минус» таңбасы қойылады.

Линзаның үлкейтуі. Линза шығаратьн кескіннің шамасы әдетте нәрсенің өлшемінен басқаша болады. Бұл үлкейту деген шамамен сипатталады. Сызықтық үлкейту деп кескіннің сызықтық өлшемінің нәрсенің сызықтық өлшеміне қатынасын айтады. Онда

Мұнда АВ нәрсенің биіктігін һ ал, А1В1 кескіннің биіктігін Н деп алайық.

 Линзада кескін салу

 

Н әрсенің кез келген бір нүктесінен шыққан барлық сәулелер, линзадан өткен соң бір нүктеде қиылысатыны бізге белгілі.

Д әл осы қасиет бойынша жұқа линза, нәрсенің кез келген нүктесінің, немесе, тұтас барлық нүктесінің (немесе нәрсенің) кескінін береді. Фокустары, оптикалық центрі берілген жинағыш линза арқылы кескін салу үшін, біз сәулелердің «қолайлы» үш түрін пайдаланатын боламыз. Оптикалық бас оське параллель сәулелер, линзада сынған соң, линзаның фокусы арқылы өтетінін айытқанбыз. Линзаның фокусы арқылы келген сәулелер сынғаннан кейін, оптикалық бас оське параллель кететіні байқалады. Ақырында, линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәулелер, өзінің бағытын өзгертпейді.

АВ нәрсенің кескінін салайық. Кескін салғанда жинағыш линза 3-суретте көрсетілген белгімен, ал шашыратқыш линза 4-суретте көрсетілген белгімен беріледі. А нүктенің кескінін табу үшін, АС сәулені оптикалық бас өске

параллель бағыттайық. Сынғаннан

к ейін, ол линзаның фокусы арқылы өтеді. Екінші АД сәулені фокус арқылы бағыттап жіберуге болады. Сынғаннан кейін ол, оптикалық бас оське параллель кетеді. Осы сынған екі сәуленің қиылысу нүктесінде А нүктенің А1 кескіні болады. Сөйтіп нүктенің кескінін салу үшін «қолайлы» үш сәуленің:

оптикалық центр арқылы өтетін сәуленің,

оптикалық бас оське параллель келіп линзаға түсетін сәуленің,

фокус арқылы өтетін сәуленің, линза арқылы жүретін жолы белгілі, соның кез келген екеуін пайдалануға болады

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§4.11 дайындық сұрақтарын талдау.

Линза дегенді қалай түсінесің?

Шашыратқыш линзаны жинағыш линзадан қалай ажыратады?

Линзаның оптикалық центрі, фокусы дегеніміз не?

Қандай жазықтық фокустық жазықтық деп аталады?

Линзаның оптикалық күші дегеніміз не?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есептер шығарту. 4.11.1.-4.11.5

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §4.11 Есептер шығарту. 4.11.6.-4.11.7






11сынып № сабақ ____________________


Сабақтың тақырыбы: №3 Зертханалық жұмыс.

«Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау және алған нәтижені түсіндіру; оқушылардың теориялық білімдерін нығайту және практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: зертханалық,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау


Сабақтың көрнекіліктері: жазық параллель шыны пластина, түйреуіш-4 дана, сызғыш, ақ қағаз, шам, аккумулятор батареясы, кілт, жалғағыш сымдар, саңылауы бар экран, транспортир.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)

Шынының сыну көрсеткішінің жарық сеулелерінің түсу бұрышы артқан кезде қалай өзгеретінін анықтаңдар.

Абсалют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы неде?

Сыну көрсеткішін ең үлкен дәлдікпен, яғни ең кіші қатемен қалай анықтауға болады?

Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.

Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.

Жұмыс барысы:

Электр шамын кілт арқылы батереяға осып, тізбек құрыңдар.

Шамның алдына саңылауы бар экранды орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.

Кілт арқылы тізбекті қосыңдар да қағаз бетінде жіңішке жарық жолағын алыңдар.

Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар.

Пластинаның пішінін қағазға сызып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан Ғ шығу нүктесін белгілеңдер.

Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинаны алыңдар.

А және В, В және Ғ нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.

Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.

Шынының сыну көрсеткішін формула бойынша есептеңдер.

Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаңдар және нәтижелерді салыстырыңдар.

Тәжірибелерді жарық көзінсіз, ағылшын түйреуіштерін пайдаланып жасаңдар.

Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.

VI. ДК. Үй тапсырмасын беру: қайталау


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!