400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: «Мамандық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмысшы мамандықтарды білу, атау, немен айналысатынын білуге үйрету. Мамандықтар шеруі кезінде өздерінің көрсетілген мамандықтар туралы не білетінін айтқыза отырып, басқа адамдардың еңбегіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: «Мамандық»

Мақсаты:

Білімділік-тәрбиелілік: Жұмысшы мамандықтарды білу, атау, немен айналысатынын білуге үйрету. Мамандықтар шеруі кезінде өздерінің көрсетілген мамандықтар туралы не білетінін айтқыза отырып, басқа адамдардың еңбегіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Түзете-дамытушылық: Әңгімелеу кезінде басқаларды тыңдауға, әңгіме құрастыра отырып, сөйлемдерді байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сөздік: агроном, дәнекерлеуші, архитектор, жоспарлаушы құрылысшы, дүкенші, есепші, мұғалім, инженер, дәрігер.

Көрнекілігі: слайд «Мамандықтар шеруі».

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа тақырыппен таныстыру үшін балаларға сұрақтар қойылады.

Тас, құм, цемент, қалақ – бұлармен кімдер жұмыс істейді? /құрылысшы

Кітап, журнал, бор, тақта - бұлармен кімдер жұмыс істейді? /мұғалім/

Халат, бахила, шприц – бұларды қандай мамандар қолданады? /дәрігер/

Қағаз, компьютер, калькулятор – бұл кімдердің құралы? /есепші/ т.с.с.

Осы барлық жұмыс істейтін адамдарды қалай атайды? /маман иесі/

Маман иесі болу үшін не керек? /мамандық/

Слайд көрсету.

Жаңа сөздерді дәптерге жазып алады.

Оқушыларға болашақта қандай маман иегері болғылары келетінін сұрау. Не үшін ...... болғың келеді? Ол мамандық туралы не білесің?

Мамандық алу үшін қайда оқуға болады? /колледж, училище, жоғары оқу орындарында/.

Дәнекерлеуші, көркемдеуші, архитектор мамандығы туралы туралы түсінік беріледі.

Рефлексия. Мамандық не үшін керек?

Қандай маман иелерін білесің? Өз ата-анаңның қандай маман иегері екенін айтып бер.

Үйге тапсырма: Дәрігердің құралдарын суретке салу.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
885
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі