400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім

Құндылық:   Ақиқат           Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім:

Сынып:Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

·         Сүйікті іс туралы түсініктерін  қалыптастыру;

·         Еңбек ету іскерліктерін дамыту;

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың«еңбек»құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері  туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі  құралдар:,дәптер,оқулық.

 

Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңіа) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін…

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

 

 

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

Үй тапсырмасын тексеру 

 

Әңгімелесу        Сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында оқушыларға әңгімнлесу жүргізіледі:·         Сүйікті іс дегенді қалай  түсінесіңдер?

·         Сендердің сүйікті істерің?

·         Сүйікті іспен шұғылдану өздеріне не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс       Мұғалім оқушыларға сүйікті іспен айналысудың қажеттілігін түсіндіру мақсатында А.Қайырханованың «Өнерлі бала» әңгімесін айту.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Дәйексөз:Сабақ тақырыбының мәні дәйексөз мағынасының түсіндірілуімен ашылады.  «Сүйіп істеген іс шаршатпайды»деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.Сүйікті ісіңді сүйіп істесең ешқашан шаршатпайды.Сондықтанда сүйікті іс  өзіңе де,өзгеге де пайда келтіреді.

 

Мағынасын түсіндіру

 Шығармашылық жұмыс:

Тақырыпқа байланысты эссе жазу

 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Топпен ән айту 

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Жаттығу-ойлану               Балалардың дәйексөзден түйген ойлары жаттығу-ойлану тапсырмасын орындау барысында бекітіледі.Оқушылар үш топқа бөлінеді.Үш топқа үш түрлі дәйексөз беріледі.Дәйексөздің айтылуына мән беріп,сол туралы өз пікірлерін айтады.Дәптермен жұмыс    Дәптердегі «Менің сүйікті ісіммен шұғылданғанда…..»айдарымен берілген сұрақтарға жауап жазу.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы:  Мәтінді  оқып түсінікайту 

Күнделіктеріне  жазады.

Соңғы тыныштық сәті:—          Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

 

Оқушылар көздерін жұмып демалады




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі