400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Металдардағы электр тогы. Асқын өткiзгiштiк.

Материал туралы қысқаша түсінік
Металдардағы электр тогы жайлы мағлұмат алады Металдардағы электр тогын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді. Білім алушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Металдардағы электр тогы. Асқын өткiзгiштiк.
Сабақтың мақсаты: Металдардағы электр тогы жайлы мағлұмат беру Металдардағы электр тогын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже Металдардағы электр тогы жайлы мағлұмат алады Металдардағы электр тогын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді.

Білім алушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Бағалау парақшасымен таныстыру Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.

Үй тапсырмасын тексеру

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.ЭҚК-ы күш деп нені айтамыз?

3.Ең алғаш «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген ғалымның атын ата?

4.Тоқ күші деп нені айтады? Өлшем бірлігі не?

5.Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшенеді?

6.Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

7.Кернеу қандай құралмен өлшенеді?

8.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдау.

9.Кедергі деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі не?

10.Меншікті кедергісі неге тең? Өлшем бірлігі неге тең?

11.Өткізгішті тізбектей жалғау дегеніміз не?

12.Өткізгішті параллель жалғау дегеніміз не?

13.Тұрақты тоқтың жұмысы дегеніміз не?

14.Тұрақты тоқтың қуаты дегеніміз не?

15.Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады?

Жаңа сабақ Мағананы тану Жаңа сабаққа дайындық

Сен маған, мен саған әдісін қолданады.

Әр-бір топ мүшелері 2 сұрақтан құрастырады. Сұрақтар алмастырылып басқа топқа беріледі. Топтар сұрақтарға жауап береді.

І топ

Қысқа тұйықталу дегеніміз не?

ІІ топ

Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады?

Жаңа сабақ.
Материалдың электр өткізгіштігінің теориясын 1900 жылы алғаш жасаған   П. Друде  болғанымен, оны жетілдірген  Г.А. Лоренц болды. Әр түрлі заттардың электрлік қасиетін олардағы электрондардың қозғалысы арқылы

түсіндіру электрондық теорияның мазмұнын құрайды.

      Классикалық электрондық теория мынадай қағидаларды басшылыққа алады:

1)     Электрондардың қозғалысы классикалық механика заңдарына бағынады.

2)     Электрондар бір-бірімен әсерлеспейді.

3)     Электрондар тек кристалдық тордағы иондармен әрекеттеседі, әрекет-тесуі – олардың тек соқтығысуы ғана.

4)     Соқтығысулар аралығында электрондар еркін қозғалады.

5)     Денедегі еркін электрондар идеал газ тәрізді электрондық газ түзеді, электрондық газ да энергияның еркіндік дәрежесіне қарай бір қалыпты таралу заңына бағынады.

1901 жылы  Рикке металдардың электрондық өткізгіштігін іргелі тәжірибелермен дәлелдеді.

Бірінші тәжірибеде электрондардың инерциялық қозғалысы тек телефон көмегімен бақыланады да, ал екінші тәжірибеде - гальванометрмен өлшеніп, электронның меншікті заряды және оның таңбасы анықталады

Металдардағы электрондардың қозғалысына байланысты мынадай үш түрлі жылдамдықтың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру қажет болады,

  1. Электр тогының таралу жылдамдығы.

  2. Электрондардың реттелген қозғалысының дрефтік жылдамдығы. υд

  3. Электрондардың жылулық қозғалысының жылдамдығы. υж

Электр тогы (Э.т) – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.

Металдардағы электр тогы-электр өрісінің әсерінен электрондардың үздіксіз тұрақты қозғалысы

Қатты күйдегі металдардың негізгі кристалл торы болып табылады, оның түйіндерінде оң

иондар, ал иондардың арасындағы кеңістікте еркін электрондар қозғалады.

Металдың әдеттегі күйінде оның электрондары ретсіз жыулық қозғалыс жасайды олардың

қозғалысы желсіз ауадағы шіркейлер тобының ретсіз қозғалысына ұқсайды.

Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар электрондар болып табылады.

Металдардағы электр тогы – еркін электрондардың реттелген қозғалысы.

Электр өрісінің әрекетінен металдардағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы онша үлкен емес. Ал өткізгіш ішіндегі электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады (300000 км/с)

Металдардағы электр тогын электрондардың бағытталған қозғалысы тудырады. Бұл көптеген тәжірибемен дәлелденген.

Солардың бірі 1916 жылы америкалық физиктер Т. Стюарт пен Р. Толмен жасаған тәжірибеде металл өткізгіштермен оралған үлкен диаметрлі катушка 500 айн/мин жиілікпен айналады да бірден тоқтайды. Осы кезде катушкада электрондардың инерциямен қозғалуынан туған қысқа ток пайда болғаны гальванометрден байқалады.

Т. Стюарт пен Р. Толмен эксперименттік түрде ток тасымалдаушы бөлшектің   меншікті зарядын анықтады. Ол 1,8 * 1011 Кл/кг – ға тең болып, электронның меншікті зарядына дәл келді.

 ;   ;   ;


Металл өткізгіштің бойынан өтетін электр тогының күші

Есептер шығару

1.Есеп.Өткізгіштегі ток күші 10 А. Осы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 сағ ішінде өтетін электрондардың массасы қандай? Жауабы: 0,2 мг

2.Есеп I=32 мкА ток күші кезінде t=1 нс уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электрон өтеді? Жауабы: 2 * 105

3.Есеп Өріс кернеулігі Е= 96 мВ/м болатын өткізгіштің электрондарының концентрациясы n=1028 м-3. Болат өткізгіштегі электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдықтарын анықтаңдар. Жауабы: 0,5 мм/с

4.Есеп Өткізгіш арқылы тығыздығы j=1 A/мм2 болатын ток жүрді. 1 сағ ішінде осы сымның 1 мм2 көлденең қимасы арқылы өтетін электрондардың массасын табыңдар. Жауабы: 2 * 10-8 кг

Металдардағы электр тогы – еркін электрондардың реттелген қозғалысы.
• Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар электрондар болып табылады.
• Электр өрісінің әрекетіненметалдардағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы онша үлкен емес. Ал өткізгіш ішіндегі электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады (300000 км/с).
• Металдардың жақсы электр өткізгіштігі олардағы еркін электрондар санының орасан зор болуында.
• Электрондар бір-бірімен әсерлеспейді.
• Соқтығысулар аралығында электрондар еркін қозғалады.
• Электрондардың қозғалысы классикалық механика заңдарына бағынады.
• Металдар– Электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар
• сұйық күйінде де маталдар жақсы өткізгіш болып табылады
Үйге тапсырма. Өткізгіш арқылы тығыздығы j=1 A/мм2 болатын ток жүрді. 1 сағ ішінде осы сымның 1 мм2 көлденең қимасы арқылы өтетін электрондардың массасын табыңдар. Жауабы: 2 * 10-8 кг . Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыздар.

Металдардағы электр өткізгіштіктің классикалық теориясының негізгі қағидалары:
• Металдардың жақсы электр өткізгіштігінің сыры неде?
• Электр тогы қалай пайда болады?
• Металдардың қандай физикалық қасиеттері бар?
• Металдардағы электрондардың қозғалысының қандай жылдамдықтары бар?
• Өткізгіш кедергісі температураға қалай тәуелді?





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
3131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі