Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақтың тақырыбы Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Колледж: Батыс Қазақстан индустриалды колледжі Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Муханбеткалиева Жулдуз Махамбетовна Пәні:Дүние жүзі тарихы Тобы: 124К Қатысқандар: 22 Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
Мұстафа Кемал Ататүрік – Түрік Республикасының негізін қалаушы(зайырлы мемлекет, этатизм). Мемлекет тарихындағы тұлғаның ролі. |
Сабақ мақсаты |
Барлық студенттер: Ұлт көшбасшысының тарихи жолы арқылы сол кезеңге қатысты негізгі фактілерді талдайды. Көптеген студенттер: Бүгінгі Түркияның саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірін өзгерткен Мұстафа Кемалдың идеялары мен қағидаттарын зерделейді. Кейбір студенттер: Түркия Республикасын заманауи және зайырлы ұлттық мемлекетке айналдыруға мүмкіндік берген саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени реформалардың қазіргі таңдағы өзектілігіне анализ жасайды. |
Сабақтың түрі |
Жаңа білімді меңгеру |
Бағалау критерилері |
|
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика мен терминология: Жас түріктер, жаңа османдар, зайырлылық, этатизм, реформашылдық, түркішілдік, кемалшілдік Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Ататүрк принципі, Ататүрк ревалюциясы |
Құндылықтарға баулу |
Мұстафа Кемалдың естеліктерін, келтіре отырып, «Мәңгілік Ел» идеясының Жалпы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы бойынша студенттердің бойына татулықты және патриоттық сезімді қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы |
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ дағдыларын дамыту (интербелсенді тақта). |
|
|
Алдыңғы білім |
«Н. Манделла апартеидке қарсы күресуші» тақырыбын еске түсіру үшін, мен алдыңғы білімді «Ыстық орындық» әдісімен білім алушылардан өтілген тапсырмаға байланысты сұрақтар қоя отырып, қорытындылаймын.
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
Сабақтың басы: 5 минут |
Сыныппен амандасамын, түгендеймін, 3-топқа «мозайка» әдісі арқылы бөлемін. Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін таныстырамын. «Ой қозғау». Презентация суреттерге қарай отырып,оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды Қандай мемлекет деп ойлайсыздар? (слайд) Бірінші дүниежүзілік соғыстан жеңіліс тапты. Ел экономикасы өте әлсіреді. Соғыстың әскер саяси нәтижелері одан да ауыр болды: империя құлады, еуропалық әскерлер елді басып алуға кірісті. Батыс Еуропа мемлекеттері, бұл имперяның өмір сүруіне нүкте қоюға тырысты. Бұл жобаны жүзеге асыру Англия, Франция, Грекияға жүктелді.
|
Қағаз қиындылары |
Сабақтың ортасы 30 минут |
Жаңа сабақты түсіндіру Мұстафа Кемал Ататүрік (1881-1938)
Кемалдың басты ұстанымы «Этатизм» болды. Бұл экономикада, әлеуметтік, саяси, мәдени, яғни қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді мемлекеттік саясат принципін жүргізу. Кемализм прнциптері:
М.Кемалдың реформалары: 1. Саяси сала: 1922 ж.сұлтандық жойылып, 1923ж. Түркия республика болып жарияланды. 1923ж. Халықтық партия құрылды (Халықтық республикалық партия). 1924 ж. Діни билік халифат тоқтатылды. 1924 ж Конституция қабылданды. 2. Әлеуметтік және мәдени сала: 1928 ж. Сауатсыздықты жою (жалпы білім беру, латынға көшу, жыл санаудың еуропалық нұсқасына көшу т.б.) 1934 ж. Ескі лауазымдарды жою,жаңа ататек жазуға байланысты заң қабылданды. Григориан күнтізбесіне көшу. Еуропалық киім киюді міндеттейтін заң қабылданды. 3. Экономикалық сала: Этатизм саясаты (экономикаға мемлекеттің араласуы, тәуелсіз экономика, индустрияландыруды жетілдіру) 1927 ж. Өндірісті қолдану туралы заң қабылданды. (Жаңа технологияларды енгізу үшін үлгілі фермаларды құру). Бірінші индустриалды жоспарды (бес жылдық жоспар) енгізу. 1924ж. Іскерлік банк құрылды. 1930ж Түркияның Орталық банкі құрылды. Бекітуге арналған тапсырмалар: І топ: Мұстафа Кемалдың өмірі туралы мәлімет (Xmind қосымшасы арқылы «Интеллект карта» құрастыру) Дескриптор: М.Кемалдың өмір жағдайымен танысады. М.Кемалдың алға қойған мақсатын анықтайды. М.Кемалдың қоғамдағы орны жайлы мысал келтіреді. ІІ топ: Кемализм принциптерін талдап, олардың ерекшеліктері мен мәнін анықтаңыздар және Этатизм ұғымына анықтама беру(CANVA қосымшасы арқылы тапсырманы презентацияға енгізу) Дескриптор:
ІІІ топ: М.Кемалдың Түркияда жүргізген реформаларының мәнін талқылау (GROW әдісі бойынша талдау жасау) G – реформаның мақсаты R- жүзеге асуы O- мүмкіндіктері W- нәтижесі Дескриптор:
Бекіту сұрақтары: Тест жұмысы |
оқулық, үлестіріме материалдар, маркерлер, Xmind және Canva программалары |
Сабақтың соңы 5 минут |
Кері байланыс. « Жетістік Баспалдағы» әдісімен бағалау Қолдана аламын Түсіндім…. Аздап түсіндім.... Түсінбедім.... |
бағалау парағы |
Үй тапсырмасы |
§34-35 Мұстафа Кемал Ататүрік - Түрік мемлекетінің негізін қалаушы Тақырыптық сөзжұмбақ дайындау |
|