жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақтың тақырыбы: Нефронның құрылысы және қызметі. 9-сынып
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері.».
|
Бөлім: |
9.2B Бөліп шығару |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Кабаева Зарина Маханбетқызы |
|
Күні: |
12.11.2021ж |
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.1.5.1 - нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау; 9.1.5.2 - фильтрация және несептің түзілу үрдістерін сипаттау |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Нефроның құрылысы менқызметі өзара тығыз байланысты екенін түсінеді. Ультрафильтрация туралы түсінік қалыптасады. Көпшілік оқушылар үшін: Абсорбция және таңдамалы реабсорбцияны сипаттай алады. Кейбір оқушылар үшін: Бірінші және екінші реттік түзілген зәрдің құрамын анықтай алады. Фильтрация және кері фильтрацияның себептерін айқындай алады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топтық ережені еске түсіреді. Топтастыру. |
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру. I – Үшбұрыштар тобы II – Дөңгелектер тобы III – Төртбұрыштар тобы |
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. |
Фигуралар салынған конверт
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе |
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді: 1.Нефрон дегеніміз не?Ол қандай екі бөліктен тұрады? 2.Ультрафильтрация және кері фильтрация , реабсорбция, үдерістеріне анықтама беріңдер. 3.Нефрон капсуласы мен ирек өзек не үшін керек екенін түсіндіріңдер. |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзі мен ынталандыру. |
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. |
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді, бақылайды. |
«ДЖИГСО» әдісі: Топтық жұмыс. Мәтінді оқып, топта талқылайды. Топтар арасында ақпарат алмасады. |
Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді. |
Презентация Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ |
|
Жеке жұмыс |
Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді. |
1.Нефрон бөліктері мен оларда жүретін үдерістер арасындағы байланысты анықтайды. 2. Кәдімгі физикалық абсорбция және бүйрек өзегіндегі реабсорбция үдерістерін салыстырады. |
Дескриптор: 1. Сүзілу үдерісінің тоқтау және кері сүзілу үдерісінің моделін жасайды.(2балл) Олардың әрқайсысы бұзылған кезде мүмкін болатын барлық жағымсыз үдерістерді болжайды.(2балл) 2. Меңгерген білімдерді пайдаланып, пікірді тексереді: « Бірінші реттік сүзілу кезінде нефрон капсуласында қанның барлық сұйықтығы шамамен 50 рет болады екен. Яғни қанның барлық сұйықтығы бүйректе әрбір 30 минут сайын тазартылады». Ол үшін есептеулер жүргізеді.(3балл) |
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ |
|
Жұптық жұмыс |
Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді. |
1. Қан плазмасы, бірінші және екінші реттік зәр құрамын талдайды. Олардың айырмашылықтарының қалыптасу себептерін анықтайды және олардың физиологиялық мәнін сипаттайды. 2. Оқулықтағы суретте қандай үдеріс бейнеленген? Нефронның түрлі бөлімдерінде жүріп жатқан үдерістердің айырмашылықтарын айтады. |
Дескриптор: 1. Талдау жасайды.(1балл) 2. Суретті дәптерлеріне салады (1балл) Айырмашылықтарын атайды. (1балл) Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді. |
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ |
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. |
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... - енді мен......аламын. |
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген