400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Т/ А 5.1.1.1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. О 5.2.4.1.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын,тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемі

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 5 «А»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген

оқу мақсаттары

Т/ А 5.1.1.1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

О 5.2.4.1.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын,тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Омоним, антоним, синонимдер

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық

байланыс

Жаратылыстану,өзін-өзі тану.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар:

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу. Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3,4 вагондарға бөлініп отрады.

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ: «Бақыт» вагоны

2-топ: «Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ: «Жарқын өмір» вагоны

4-топ: «Сәттілік» вагоны

Жаңа білім

5минут

Білу және түсіну

Тақтада түрлі суреттер ілінеді. «Болжау» әдісі арқылы (суреттер ұсынылады) сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақтың мақсаттары мен критерийлерімен таныстырылады.

Слайдтар

Ортасы 20 минут

Қолдану Жаңа тақырып «Галереяға ой шарлау»әдісімен слайдттар арқылы таныстырылады. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Өсімдіктер қайда өмір сүреді?

2. Олардың жануарлардан айырмашылығы бар ма?

3. Өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

4.Қызыл кітап дегеніміз не?Қандай өсімдіктер енген? 5.Дәрілік өсімдіктерді ата?

6.Бөлме өсімдіктерін ата?

7.Дала өсімдіктерін ата?

8. Өсімдіктердің қоршаған орта үшін маңызы бар ма? ҚБ «Бас бармақ»әдісі


2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар,мазмұнын талдаңдар. «Джигсо» әдісін пайдаланамыз. Алтай ботаника бағы 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласында құрылған. Ауданы 176 гектар, теңіз деңгейінен760–860 метр биіктікте тау етегінде орналасқан. Оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. Алтайботаника бағының негізгі жұмыстары: Алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық шаруашылығына пайдалану; басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. Ондағы өсімдіктердің 4000-ға жуық түрінің 2000-ы жергілікті флораға жатады. Соның ішінде ағаш және бұталардың 570-тен астам түрі, қылқанжапырақтылардың 47, раушангүлділердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрлері өседі.Алтай ботаника бағы өндірістік орталықтарды көгалдандыруүшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерініңондаған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық шаруашылығына пайдалануға енгізді. Сондай-ақ, Алтай ботаника бағы табиғатты қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі


Сергіту сәті

Жұмбақтар шешу.

1) Күннің көзін сүйемін, Күнге басымды иемін. Күннің көзі болмаса, Бұғып қана өсермін. (Күнбағыс ) 2) Өсірер тың дала, Көшірер қамбаға. Айналар ұңға да, Айналар нанға да. (Бидай )

3) Іші толған шербет, Дәмі қандай әйбәт. Үзесің бірден жүзін, Оның аты - (Жүзім )

4) Сырты қандай қатты, Дәні сондай тәтті. Шағып қара таңдап, Оның аты - (Жаңғақ )


Аяқталуы


Сабақты


бекіту


5 минут

Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрау. Орманның іші, жас аққайың,бір түп алма ағашы, әдемі гүлдер.


Кері


байланыс



5 минут

ҚБ «Көңіл күй» әдісі «Бес саусақ»


Үйге тапсырма: өздеріңнің сүйікті өсімдіктерің туралы эссе жазамыз,суретін саламыз.

Сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтаға жабыстырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі