400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы өмір аясы» 2 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: жанашырлық, отбасындағы сыйластық, кешірімділік;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқытушы: Жангабулова Несибелди Қайдаровна

Пән: Өзін - өзі тану

Мамандық: Электрмен қамтамасыз ету

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы өмір аясы»

Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жанашырлық, отбасындағы сыйластық, кешірімділік;

Білімділігі: Білім алушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылығы: Отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым-қатынасының дамуына ықпал ету;

Тәрбиелілігі: отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Шаттық шеңбері, әңгімелеу, оқу ақпарат, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс, тапсырма, түйіндеу, жүректен - жүрекке.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, компьютер, проектор.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі

Әдебиет: Өзін-өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық 2010 жыл.

Қосымша: Өзін-өзі тану. Әдістемелік құрал – 2010 жыл

Сабақтың барысы:

Оқытушы сөзі: Құрметті, білім алушылар, сәлеметсіздер ме! Бүгін біздің ашық сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасып қояйық. Бүгін біз сіздермен отбасы жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. Мына шаттық шеңберге назар аударсаңыздар.


1.Шаттық шеңбері: Оқытушы сүйіспеншілік ұғымының отбасынан басталатынын және адамға ең қымбатты да, ең асыл да ата - ана екенін ұғындыру мақсатында «Отбасы» өлеңін оқып берейін. Мұқият тыңдаңыздар! Енді жаппай барлығымыз хормен оқиық! Жақсы.

Отбасы.


Отбасы – жылы ұямыз

Тірегі – ата – анамыз

Уыз сүт еміп осында,

Уылжып біздер өсеміз.

Осында үлгі аламыз,

Осында адам боламыз.

Еркелеп, ойнап, еліктеп,

Осында өсіп толамыз.

Тәрбие мектеп – от басы,

Ақылды баулып, тіл ұштар

Өрімдей тезге тартылған

Әдепті бейне дұрыстар

Ата –ана болса өрнекті,

Ұл мен қыз өсер көрнекті

Әуезов Мұхан айтқандай,

Түзейік бесік – жергекті


Оқытушы сөзі: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.


Енді осы тақырымыз «Отбасы» деген сөздің мағынасын ашу үшін бір – бір сөзден жазып шығайық. Алдарыңыздағы плакатка жазыңыздар. Қай топ болды, тақтаға шығып қорғаңыздар.

DrawObject1 2. Тапсырма: «Отбасы» деген сөздің мағынасын ашу





Оқытушы: сөзі: Рахмет жақсы. Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Ана отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау. Рухани қолдау көрсету болып табылады.

Ал, енді келесі тапсырма «Өнегелі отбасы» деген сөздің мағынасын ашу үшін плакатпен жұмыс жасаңыздар!

DrawObject2

Құрметтеу Ақылын тыңдау

DrawObject3



Үлкенді

сыйлау





Қадірлеу

Оқытушы сөзі: Тапсырманы жақсы орындадыңдар жарайсыңдар. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» дегендей отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп айтқым келеді.



Келесі мына берілген сұрақтар бойынша өз ойларыңыздарды білдірсеңіздер?



3. Әңгімелесу (ойланайық, пікірлесейік)

  • « Отбасы жарастығы», «Отбасы бақыты».

  • « Отбасы қуанышы» деген ойларды қалай түсінесіңдер?

  • Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?

  • Ата - анаңды қуанышқа бөлеген, кездеріңді айтып беріңіздер?

  • Ата-анаң қатты дауыс көтерсе немесе ұрысса сіз қандай әрекет жасайсыз?


Оқытушы сөзі: Жарайсыңдар, рахмет. Ал енді бүгінгі тақырыбымызға байланысты мына ақпаратқа назар аударыңыздар!


  1. Жаңа ақпарат

Ата – аналар мен балалардың, аға- інілермен, апа - қарындастардың және туған – туыстардың және туған – туыстардың ортасын құрайтын отбасы - қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақпен ұрпақты табыстырушы, адамаралық туысқандық ұғымдар тудырушы, олардың бір – біріне деген махаббат, сүйіспеншілігін тұтатушы, ғаламат күшті жері – ұрпақ өрбітуші, рухани бірліктің, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.

Сондықтан да отбасы барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.


Мына қанатты сөздерді оқып шығып, мағынасын түсіндіріп көрейік.


  1. Шығармашылық жұмыс. Өздерінің отбасы туралы өлең түрінде айту.

Қанатты сөздерді оқып, олардың мәнін, түсіндіру.


  1. Ұлт болам десең, бесігіңді түзе.

(Қорқыт ата)


  1. Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана жанұялық тұрмыс зор бақытқа кеңеле алады. (Н.К. Крупская)


  1. Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю. (Б. Момышұлы)


Оқытушы сөзі: Рахмет жарайсыздар, ал енді үйге берілген тапсырмаға назар аударайық, ол үшін мына алдарыңызда тұрған сұрақтар бойынша жауап берсеңіздер.


  1. Алдын – ала берілген «Менің отбасын» туралы жоба жасап, қорғау


1. Өзіңнің отбасыңыз туралы айтыңыз?

2. Ата - анаңызбен ортақ қызығушылықтарыңыз немесе істеріңіз бар ма?

3. Демалыстарды ата-анаңызбен өткізгенді қалайсыз ба?

4. Ата – анаңыз сіздің достарыңызды біледі ме?

5. Отбасының әдеп – ғұрыпы туралы түсініктеме беру.


Оқытушы сөзі: Жарайсыңдар, енді мына тапсырмаға назар аударсаңыздар



Тапсырма: «Ата - ана алдындағы борышым» атты сызбаны құрастыру

DrawObject4 Сыйлау Қамқорлық жасау

DrawObject6 DrawObject5

ӘDrawObject7 кені құрметтеу

DrawObject8 Сый құрметке бөлеу

DrawObject9

DrawObject10



Мейірімділік таныту Ананың ақ сүтін өтеу

Оқытушы сөзі: Халымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық «Ана сүтін Ананды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де,өтей алмайсың» деп түсіндіреді. Ғ. Мұстафин. Ата- ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмеген деуі де сол шындықты айқындайды. Бала өзін әлпештеп өсірген ата - анасын солай әлпештеп аялауға міндетті. Сәби шағында өзін қалай бағып - қақса қартайғанда, оларды да солай алақанға салып мәпелеуге борышты.

Оқытушы сөзі: Енді мына дәйексөзді оқып шығып, мағынасын ашып көрейік.


  1. Дәйексөз. Отбасының өнегесі – Отан өнегесі. (Б. Момышұлы).


Оқытушы сөзі: Рахмет.


  1. Түйіндеу. Оқытушы сөзі: Бүгінгі сабағымыздан не үйрендіңіздер? өздеріңіздің ойларыңыздарды білдірсеңіздер.

Отбасында әуелі сенім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, олардың жарастығы жарасып, қандай жағдай болсын, өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, жеңіп, бақытқа жете алады.

Ана алдында – құрмет Сыйлап үлкен кісіні

Ата алдында – қызмет Аялаған кішіні.

деген нақыл сөздерді әрдайым есімізде сақтағанымыз жөн. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен «Анаға сәлем» өлеңімен аяқтаймыз, бәріміз бірге ән шырқайық.





  1. Жүректен- жүрекке

Өлең айту «Ана туралы жыр»


Әлемнің жарығын, Өтеуге борышым,

Сыйладың сен маған. Анашым, жан сырым.

Даланың әр күнін, Іздедім сен үшін,

Жинадың сен маған. Әлемнің асылын.

Сен бердің құстардың, Әлемнің байлығын,

Қанатын самғаған, Сыйлар ем, кеш мені.

Балалық құштарым, Сыйлар ме ай, күнін,

Өзіңе арналған. Қолыма түспеді.



Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңілді көктемдей,

Көзіңнен танимын.


Оқытушы сөзі: Бәрілеріңізге рахмет, сабағымыз өз мәресіне жетті, сау болыңыздар!


.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.01.2022
356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі