жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақтың тақырыбы: "Қазақстан көлдері"
ҚМЖ
|
Пәні: Қазақ тілі |
|||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Су- тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен – көлдер. Морфология |
|||||||
|
Мұғалімнің аты- жөні: Сейткалиева Мейрамгуль Жаксылыковна |
|||||||
|
Мектеп: «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ |
|||||||
|
Күні: |
|||||||
|
Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Қазақстан көлдері |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сәйкес) |
6.2.1.1. Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. 6.3.3.1. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба түрінде) құрастыру. 6.4.4.1. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану. |
||||||
|
Сабақ мақсаты |
|
||||||
|
Бағалау критерийі |
|
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Аңыз, әдет – ғұрып, атастыру, көне, су қоймасы, минералды ресурстар, химиялық элемент.
Менің ойымша, ......... Себебі, ..... |
||||||
|
Құндылықтарға баулу |
|
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
|
||||||
|
Алдыңғы білім |
Оқушылар бұған дейін Қазақстанның өзендері туралы ақпаратпен танысып, сұрақтар арқылы пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіруге дағдыланды. Бұл білім жаңа тақырыпты өту барысында оқушыларға көмектесе алады. Оқушылар есімдіктердің қандай сөз таптарының орнына жүретіні және есімдіктердің мағыналық түрлерімен танысып, мәтіннен есімдіктерді таба алады. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 8 минут Білу. |
Амандасу Психологиялық ахуал – 2 минут «Бүгінгі күнге ізгі тілек» Мақсаты: Оқушыларға алтын балықтың суреті беріледі, әркім өз тілектерін айтып, алтын балықты аквариумға салады. Топқа бөліну – 1 минут Оқушылар шеңбер бойына жиналады, оларға Қазақстан өзендерінің аттары жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар Қазақстан өзендері құятын алаптар бойынша үш топқа бөлінеді. 1-топ: Каспий теңізі алабы: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен. 2- топ: Арал теңізі алабы: Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас. 3-топ: Балқаш – Алакөл көлдер алабы: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан. Үй тапсырмасын сұрау- 2 минут Ж.
ҚБ: 1 минут «Мадақтау» әдісі «Тамаша!», «Жарайсың!», «Жақсы!», «Өте жақсы!» Сабақтың мақсатын анықтау - 2 минут «Алдын - ала берілген атаулар» әдіс- тәсілі Мақсаты: Оқушыларға тірек сөздер ұсыну арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтату. Әр сөздерге жеке тоқталу, бүгінгі сабаққа қаншалықты қатысы бар екендігіне көз жеткізу. Тірек сөздер: Балқаш, Алакөл, болымсыздық, аңыз, ешқашан, өзен, көл, Зайсан, графика, есімдік, ешкім. |
Үлестірме қағаздар Қазақстан өзендері: Сырдария, Іле, Сағыз, Ойыл, Қаратал, Талас, Ақсу, Жайық, Ырғыз, Тентек, Сары өзен, Шу, Арыс, Сарқан, Қара өзен, Жем, Басқан, Сарысу, Торғай, Лепсі.
|
|||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут Түсіну. Қолдану Талдау Жинақтау |
Т.Ж. «Борт журналы» - 5 минут Мақсаты: Берілген тақырып бойынша мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Тапсырма: Үш топқа үш түрлі мәтін беріледі. 1-топ: Зайсан көлі 2-топ: Алакөл көлі 3-топ: Балқаш көлі
Критерий: - Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды; - Көлдер туралы негізгі ақпараттарды теріп жазады; - Көлдердің орналасқан орны, қандай өзендер құятыны туралы мәліметтермен танысады.
Дескриптор: - Зайсан көлі туралы негізгі ақпараттарды анықтай алады; - Алакөл туралы негізгі ақпараттарды теріп жаза алады; -Балқаш көлі туралы аңыздан көлдің атауына байланысты мәліметпен танысып біледі; -Көлдің Қазақстанның қай аймақта орналасқанын анықтай алады; - Көлге қандай өзендер құятыны туралы ақпаратты біле алады.
ҚБ: 2 минут «Аспазшы» стратегиясы ................. қанағаттандым. ................. аса қанағаттанбадым. ................ қорыта алмадым. Егер .... қоссаңыз дәмі тіл үйіретін (немесе керемет) болар еді.
Ж. «ПОПС формуласы» әдісі – 5 минут
Тақырыбы: «Біз Балқаш көлін қалай туристтік орталыққа айналдырамыз?» Тапсырма: Есімдіктерді зат есім, сын есімнің орнына қолдана отырып жауап жазу, оқу.
Критерий:
Дескриптор:
ҚБ: 1 минут «Көңіл –күй букеті» әдісі Тақтаға ваза суреті салынған плакат ілінеді. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер – гүлді вазаға бекітуі қажет. Қызыл түс- проблема бар, көмек қажет. Сары түс- барлығы түсінікті емес Жасыл түс- барлығы жақсы.
Ж.Ж. «Көршіңізге айтыңыз» әдісі - 3 минут Мақсаты: Оқушылар бір - бірімен жұптасып, алдыңғы берілген тапсырмадағы жазған жауаптарынан есімдіктерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратады.
Болымсыздық есімдігі туралы түсінік беру. Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі. Олар: ешкім, ешқайда, ешқашан, ештеңе, дәнеме.
Критерий:
Дескриптор:
ҚБ: 1 минут «Басбармақ» әдісі арқылы
Т.Ж. «Графикалық органайзер» әдісі – 5 минут
1-топ: «Тұжырымдамалық карта» Қазақстан көлдерін тұжырымдамалық картаға салу.
2-топ: Оқулықтағы берілген мәліметті пайдалана отырып, графикалық диаграмма салу (оқулықта әр көлдің ауданы берілген).
3-топ: Дара диаграмма салу. Алдыңғы сабақта алған білімдерін пайдалана отырып, Балқаш көліне қандай өзендер құятынын дара диаграмма кестесіне салу.
Критерий:
Дескриптор:
ҚБ: «Кішкентай адам» әдісі – 3 минут «Бас» қандай мағлұмат алдым? «Жүрек» саған ұнады ма? «Қол» бүгін не жаздың? Білім картасы арқылы өзін – өзі бағалау
|
Қазақ тілі 6 сынып, «Арман ПВ» П.Н.Ермекова Ж.К.Отарбекова Г.Б.Тоқтыбаева
|
|||||
|
Сабақтың соңы- 7 минут Бағалау |
Рефлексия- 5 минут «5-5-1» әдісі Мақсаты: Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
Кері байланыс- 1 мин
Үйге тапсырма беру – 1 мин Сәкен Сейфуллинннің «Көкшетау» поэмасындағы сексен көлге қандай көлдер жататынын анықтап келу. Есімдіктердің мағыналық түрлерін оқу.
|
|
|||||
|
Саралау Сабақта нәтижеге қол жеткізу үшін оқытудың түрлі әдіс- тәсілдерін ескере отырып, оқушы тиімді білім алуы үшін оқу бағдарламасының төрт дағдысын және Блум таксономиясының білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау қағидаларын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Мақсат бойынша саралау кезі сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың тапсырмаларды нәтижеге сай білім алуы үшін орындауға бағытталады. Алдымен «Бүгінгі күнге ізгі тілек» айдары бойынша психологиялық ахуал туғыза отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятамын. «Алдын- ала берілген атаулар» әдіс – тәсілі бойынша оқушылар берілген тірек сөздер арқылы өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, бүгінгі сабақтың мақсатын ашу барысында біраз түсініктеме алып, одан кейінгі тапсырмаларды орындау барысында жүзеге асырылады. «Графикалық органайзер» әдісінде орындалатын тапсырмада оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы өз білімдерін тиянақтай алады. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. «ПОПС формуласы» әдісіндегі тапсырманы орындағанда әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жұмыс нәтижесі әр түрлі дәрежеде болады. Оқушылар өз ойын ашық айта алады, Есімдіктерді есім сөздердің қай сөз табының орнына қолданып тұрғанын анықтай алады. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау кезінде оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады. «Борт журналы» әдісі кезінде оқушылар әртүрлі мәтіндерді орындау барысында бірдей сұраққа әрқилы жауап беру арқылы жүзеге асырылды. Онда оқушылар әртүрлі мәтіндермен жұмыс істей отырып, мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпараттарды анықтайды. Диалог негізінде саралау түрі «5-5-1» әдісі арқылы рефлексия жасау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат барысында жүзеге асырылды. Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау кезінде «Көршіңізге айтыңыз» әдісі бойынша тапсырма ұсынылып, оқушылар жұп болып бір- бірінің шығармаларын тексеріп, өзара бағалай отырып жүзеге асырылды. Қарым- қатынас формалары бойынша саралау топтық жұмыс кезінде оқушылардың бір- біріне өз ойы мен көзқарасын жүзеге асыру барысында көрінді. «Борт журналы» әдісі бойынша тапсырманы орындау кезінде оқушылар бір – бірінің пікірін тыңдап, біріге отырып жұмыс жасады. Әр алынған тапсырмалар спиральді қағидатқа сүйене жасалды және оқушылардың деңгейлеріне қарай оқу жетістігіне жете алулары ескеріліп отырды. |
Бағалау Оқушылардың білімін қаншалықты деңгейде игергенін тексеру мақсатында «Мадақтау», «Аспазшы», «Көңіл- күй букеті», «Басбармақ», «Кішкентай адам» әдістерін пайдаланылды. Оқушылардың оқуға деген құлшынысын ояту үшін «Мадақтау» әдісі жақсы роль атқарады деген ойдамын. Әр оқушы өзіне деген марапатты есту арқылы өзіне деген сенімін жоғалтпай, одан әрі ынталанып, құлшынысы артады. «Аспазшы» әдісі оқушылардың «Борт журналы» кезіндегі тапсырманы топпен жұмыс істеудегі нәтижелерін бағалау кезінде іске асырылады. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауда оқушылар өздерінің тақырыпты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді. «Көңіл – күй букеті» әдісі арқылы бағалау кезінде оқушылар өздерінің тапсырманы қаншалықты меңгергендігін ескере отырып, өз жұмысын бағалауға бағытталған. Оушылардың білімдерін жинақтап, сабақты қандай деңгейде меңгергенін тексеру барысында «Графикалық органайзер» әдісі бойынша берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар өз білімдерін тиянақтап, ой қорыта отырып, қалыптастырушы бағалаудың «Кішкентай адам» әдісін қолдану арқылы өз – өздеріне баға береді. Сабақ соңында жасалатын рефлексия мен кері байланыс оқушылардың оқу жетістігіне жетуіне бағытталған. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Сабақта АКТ- ны пайдалану кезінде қауіпсіздік техникалары сақталады. Сабақ барысында қолданылған әдіс – тәсілдер мен тапсырмалар оқушының денсаулығына кері әсерін тигізбейді. Пәнаралық байланыс орнатылатындықтан қажетті құралдармен қамтамасыз етіле отырып, жұмыс жасауға ыңғайлы қалыпты оқу ортасы құрылады. |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
||||||
|
Сабақ мақсаты оқу бағдарламасындағы кодталған мақсаттарды басшылыққа ала отырып жасалды және қазақ тілі пәнін меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын түрлі тапсырмаларды орындау барысында іске асырылды. Сонымен қоса Блум таксономиясының қағидаларына бағытталған тапсырмаларды қолдану арқылы өз деңгейіне жетеді деп ойлаймын. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді деген ойдамын. Оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы бір –біріне көмектесе отырып нәтижеге қол жеткізу барысында пікір алмасады, тиімді жұмыстар жүргізіледі. Саралау түрлері дұрыс жүргізіледі. Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланылады. |
|||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
|
|||||||










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген