400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық мәселелер.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық мәселелер.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Айналадағы ортаның ластану жолдары, ондағы қоғамның рөлін қарастыру, қазіргі кездегі Қазақстандағы экологиялық мәселелер туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта басқа пән материалдарын пайдалану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, мәдени құндылықтар мен табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.
«Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Биология пәнімен кіріктірілген сабақ
Оқыту әдістері: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының стратегиялары.
Оқыту тәсілдері: Ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық тәсілдер, тест, жобалау тәсілдері.
Көрнекіліктер: Слайдтар, қосымша деректер, бейнежазбалар
Дидактикалық материалдар: Тесттер, кестелер. 
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру ІІ. Қызығушылықты ояту (Жаңа сабаққа дайындық).
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін бейнежазба көрсету: 
Nature of Kazakhstan. Mp4 (3 мин.9 сек.)
Балалар бұл бейнежазбадан не байқадыңдар? Дұрыс, табиғат, тіршілік, айналадағы бізді қоршаған орта. Тірі организмдер бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыста өмір сүреді. Оны зерттейтін ғылым саласын – ЭКОЛОГИЯ деп атайды. Бүгінгі сабағымыз – «Қазақстандағы экологиялық проблемалар» деп аталады.
ІІІ. Мағынаны тану (Жаңа материалды меңгерту).
Сабақтың жоспары:
1. Экология ғылымы.
2. Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
2.1. Семей полигоны.
2.2. Арал теңізі.
2.3. Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар.
Осы жоспарға қарап сабақтың мақсатын айқындау.
Қазақстандағы экологиялық проблемалар туралы оқымас бұрын экология ғылымы туралы мағлұмат алайық. Ол ғылым туралы мағлұматты бізге алдын-ала берілген тапсырма бойынша __________________________________ таныстырып өтеді.
1. Экология ғылымымен таныстыру. 
І топ ІІ топ
1. «Экология» терминін ғылымға алғаш рет кім және қашан енгізді? 
2. Экология нені зерттейді? 
3. Экология ғылымының мақсаты. 1. Экологиялық факторлар деген не?
2. Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді? 
3. Экология ғылымының негізгі міндеттері.
Тақырыптың мазмұнын ары қарай ашу мақсатында өзіміздің Қазақстан тарихы оқулығын пайдаланып жұмыс жасаймыз. Ол үшін үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Алдын ала берілген тапсырмаға байланысты кезек өздеріңізге беріледі.
І топ ІІ топ Ортақ 
Семей полигоны Арал теңізі Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар
1949 жылы 29 тамызда тұңғыш атом бамбасы сынақтан өтті. 
1949-1963 ж.ж. ауада 113 ашық жарылыс болды.
1964-1989 ж.ж. 343 жерастылық жарылыс жасалды.
Одақта болған сынақтың 70%-ға жуығы Семей полигонында өтті. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапшылдыққа жол берілді. Арал теңізінің суы тартылды.
Теңіз суы 3 есе азайды.
Су жағадан 80 км. дейін ығысып, деңгейі 49 м. белгіге төмендеді.
Теңіздің құрғап қалған табаны 30 мың шаршы шақырымға жетті. Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл, Өскемен, Теміртау т.б. 
Бейнежазба көрсету:  Семей полигоны.mp4  Cемей полигоны.mp41.mp4  4 мин. 33 сек Бейнежазба көрсету: Аралдың ажары кіре ме.mp4 3 мин Бейнежазба көрсету:
В Усть-Каменогорске стало нечем дышать ...3 мин
І топ 
«Сандық көрсеткіштерге сипаттама бер» 
№ Көрсеткіштер Сипаттамасы
1 1949 ж. 29 тамыз 2 1949-1963 ж.ж. 3 1964-1989 ж.ж. 4 70% 5 3 есе азайды
6 80 км. ығысып, 49 м. төмендеді
ІІ топ 
«Сөздік көрсеткіштерге сипаттама бер» 
№ Көрсеткіштер Сипаттамасы
1 Капустин Яр 2 Бір реттік жарылыстар 3 Сырдария мен Әмудария 4 Арал теңізі
5 Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия 6 Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар
Топтастыру стратегиясы:
Семей полигоны Арал теңізі Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар
Әкімшіл-әміршіл басқару. Өндірушілік-шикізаттық бағыттың жалғасуы. 
«Қырғи қабақ» соғыс. Жаппай қарулану. 
Отаршылдық саясаты. Қазақ халқының болашағын бұлыңғырлату.
IV-кезең Ой-толғаныс.
Жабық тест орындау
Тест сұрақтары:
1.Қазақстан қай жылдары нағыз экологиялық апат аймағына айналды?
А) 1940 жылдардан бастап В) 1945 жылдардан бастап С) 1950 жылдардан бастап
D) 1955 жылдардан бастап E) 1960 жылдардан бастап
2. 1949 – 1963 жылдар аралығында ауада жасалған жарылыс саны?
А) 113 В) 213 С) 131 D) 231 E) 311
3. Полигон зардабын тартқан Семей өңірімен іргелес жатқан өңірлер?
А) Атырау, Қарағанды, Өскемен В) Қарағанды, Павлодар, Өскемен
С) Павлодар, Шымкент, Қарағанды D) Өскемен, Алматы, Атырау
E) Қарағанды, Павлодар, Талдықорған
4. Капустин Яр атом полигоны қай өңірде орналасты?
А) Шығыс Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан  С) солтүстік Қазақстан  D) Батыс Қазақстан
E) Орталық Қазақстан
5. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапшылдыққа жол берілуінің зардабы қай теңізге әсер етті?
А) Жерорта В) Балқаш С) Қара теңіз D) Каспий E) Арал
6. Арал теңізінің суы азайды:
А) 3 есе В) 2 есе С) 4 есе D) 7 есе E) 10 есе
7. Арал өңірінде экологияның күрт шиеленісуіне үлкен әсер етті:
А) «Капустин Яр» полигоны В) «Байқоңыр» ғарыш айлағы С) Семей полигоны
D) Қытайдағы Лобнор полигоны E) Өскемендегі ірі кәсіпорындар
8. «Байқоңыр» космодромы қай жылдан бастап жұмыс істей бастады?
А) 1953 жылдан бастап В) 1955 жылдан бастап  С) 1957 жылдан бастап
D) 1959 жылдан бастап E) 1951 жылдан бастап
9. Ірі қалалардағы экологиялық жағдайдың шиеленісуіне әсер етті:
А) Тұрғындардың көп болуы В) Көпірлердің аз болуы С) Саябақтар 
D) Ірі кәсіпорындар E) Трамвай мен троллейбус
10. Өскемен қаласында орналасқан ірі кәсіпорын:
А) Мақта-мата комбинаты В) Пресс автоматтары зауыты С) Ауыр машина жасау зауыты
D) Кен-химия комбинаты E) Қазмырыш комбинаты 
Тест жауаптары: 1.С 2. А 3. В 4.D 5. Е 6. А 7. B 8. С 9. D 10.E

Сұрақтар І қатар Биология ІІ қатар Қазақстан тарихы
НЕ? Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым (Экология) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған ғарыш кемелерінен ауаға таралған улы қосылыс қалай аталады? (Гептил)
ҚАЙДА? «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген биолог Э. Геккель қайда дүниеге келді? 
(Германияда) Капустин Яр атом полигоны Қазақстанның қай өңірінде орналасты? (Батыс Қазақстан)
ҚАШАН? Атақты биолог Э.Геккель «Экология» терминін алғаш рет ғылымға қай жылы енгізді?
(1866 жылы) Семей атом полигоны Қашан жабылды? 
(1991 жылы 29 тамызда)
V. Қорытынды.
Бүгінгі сабағымызда биология пәні көмегіне сүйене отырып экология ғылымымен таныстық. Сонымен қатар тарих пәні арқылы Қазақстандағы экологиялық проблемалар туралы мағлұмат алдық. Бұл проблемалардың түп негізінде тарихи факторлардың бар екендігін анықтадық. Бірақ бұл проблемалар тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Жер шарын, яғни Адамзатты толғандырып отырған өзекті мәселе екендігін түсіндік. 
Бейнежазба көрсету: Табиғатты аялайық.mp4
Олай болса ортақ үйіміз – Жер шарын қорғау бәріміздің борышымыз!
VI. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасы: § 40 (175-177 беттер) Тақырып бойынша 10 сұрақ құрастыру;
О.Сүлейменовтың өмірі мен қызметі туралы қосымша дерек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі