Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітапқа» енген жануарлар

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітапқа» енген жануарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдайды; Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітапқа» енген жануарлар

Пән

қазақ тілі

Тоқсан:

ІІІ

Бөлім:

5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Педагогтің аты-жөні:

Джадирова Жанар Джамбуловна

Күні:

22.01.2025

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қызыл кітапқа» енген жануарлар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;

8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдайды; Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



Қызығушылықты ояту.

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін.

Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ?

Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Cұрақтар:
«Зымыран сұрақтар» әдісі бойынша ережелерді қайталау, бекітеді.

  1. Бастауыш дегеніміз не?

  2. Бастауышқа қандай белгілер тән?

  3. Баяндауыш дегеніміз не?

  4. Баяндауышқа тән белгілер?

  5. Баяндауыштың сұрақтарын ата, мысал келтір.

  6. Баяндауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  7. Анықтауыш дегеніміз не?

  8. Анықтауышқа тән белгілерді ата?

  9. Толықтауыш дегеніміз не?

  10. Толықтауышқа тән белгілер?

  11. Анықтауыштың сұрақтарын ата?

  12. Толықтауыштың қандай түрлері бар?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын.

Оқушылар сәлемдеседі.


Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді.


Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады.

Дескриптор:

- сұрақтарға нақты жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі.







Әрінова Б., Молдасан Қ., Байшағырова А.

Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің

8-сыныбына арналған оқулық.

-Алматы, Атамұра, 2018 ж. 4-5-бб.;

жұмыс дәптерлері.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

1-тапсырма Екі мәтінді салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз.

1-мәтін

2-мәтін

Мәтіннің стилі



Тақырыбы



Түрі



Құрылымы



Екі мәтіннің ұқсастығы



Екі мәтіннің айырмашылығы



ЕБҚ: Мәтінді оқып, өз түсінгені жазады.

Оқушылар екі мәтінді салыстырып, кестені толтырады.












ЕБҚ: Мәтінді оқып, өз түсінгенін мұғалім көмегімен жазады.

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

- мәтіндерді салыстырады;

- ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

- түрі мен стилін анықтайды;

- тақырыбы мен құрылымын ажыратады


ЕБҚ:

ҚБ: «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандырып отырамын.

Слайд


Жұмыс дәптері



2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Кеу-кеулеген жұрттың арасынан еңгезердей біреу шықты.

Олжабек сол түтіннің дәл түбінде көк өгізшені жіліктеп бұзып отыр.

Әкесі баласын орман, тоғайлы жерге ертіп апарды.

Есік алдындағы үлкен сары ит үре бастады.

Осы кезде қара қыз лып етіп қасына отыра кетті.


Оқушылар сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдайды.






Дескриптор:3 балл

  • Тұрлаулы мүшелерді анықтайды.

  • Тұрлаусыз мүшелерді анықтайды.





3-тапсырма. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелеріне толық талдау жасаңыз.

1.Кітапты Абай бұл шақта көзілдірікпен оқиды. 2.Барғысы келмеген әкемді нағашым еріксіз әкетті. 3. Ол өзінің қамын жейтін адамды тапты. 4.Мезгіл күзге тақала Сыр бойының да халі қиындады. 5.Ардақ Жанәбілдің қулығын жаңа сезді.


Оқушылар сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдайды.




Дескриптор:3 балл

  • Тұрлаулы мүшелерді анықтайды.

  • Тұрлаусыз мүшелерді анықтайды.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Рефлексия. «Еркін микрофон» әдісін сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын білу үшін қолданамын.

Үйге тапсырма: 8-тапсырма.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2025
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі