Сабақ жоспары: Сын есім (Қазақ тілі 2
-сынып)
Шығыс Қазақстан
облысы
Семей
қаласы
№27 жалпы орта білім беретін
мектеп
Шарипбаева Мейрамгуль
Маденовна
бастауыш сынып
мұғалімі
Қазақ тілі
Сабақтың
тақырыбы: Сын
есім
Сабақтың мақсаты:
1. Телебағдарламаларға шолу
жасай отырып сын есім туралы түсінік беру.Сұрақтарымен таныстыру.
Сын есімді сөз ішінен таба білуге үйрету.
2.Әр түрлі жаттығулар мен
тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған
білімдерін тереңдету,бекіту. Оқушылардың сөздік қорын ,
шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру,
дамыту.
3. Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа
тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Суреттер,слайд, интерактивті
тақта.
Сабақтың
әдісі:түсіндіру, шығармашылық
жұмыстар,жатқа жазу.
Сабақтың
түрі:жаңа
сабақ
Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру
кезеңі.
-Балалар қандай телебағдарламаларды
білесіңдер?Оқушының жауабы.
ІІ.Психологиялық дайындық.
Таңшолпан бағдарламасы .(слайд)
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Қазақ тілім- өз тілім, ана
тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана
тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі
сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім
!
-Міне, балалар, кемеңгер,
ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ тілі сабағын
таңшолпанмен бастадық.
ІІІ.Жан жылуы. Көркем жазу
минутасы.
Лл лақ дыбыстық талдау
жасату.
Суретпен жұмыс.
Сиыр,қой, түйе, жылқы.
Қимылын білдіретін сөздермен қосып жаз.Сиыр
мөңірейді.Қой маңырайды. Түйе боздайды. Жылқы
кісінейді.
ІҮ.Өткенді қайталау.Сіз не
дейсіз?(слайд)
Қазақ тілінде қанша сөз табы
бар?
- Зат есім дегеніміз
не?
- Зат есім туралы тағы не
білесіңдер?
-
Зат
есімге бірнеше мысал келтіріңдер.
-
Етістік дегеніміз не?
-
Етістіктің сұрақтары қандай?
-
Етістіктің түрлерін ата.Мысал
келтір.
Ү.Жаңалықтар.(слайд)
Баяғы өткен заманда Сөзтабы
деген әлемде әртүрлі заттар тіршілік етіпті. Заттардың не түсі, не
пішіні болмай қызықсыз өмір сүріпті. Күндердің күнінде бұл елге өте
алыс жерден Сын есім атты қария келіп елмен танысады
екен.
Сонда қария аң-таң болып, әр
тұрғынмен танысып, сөйлеседі.
Қария неге
таңданды?
-
Сенің атын кім? - деді қария заттың атымен танысайын
деп.
-
Алма – деп жауап берді ештеңеге ұқсамайтын зат.
-
Мұнда не істеп жүрсің? – деді қария іс-қимылын білейін
деп.
-
Күз келгендіктен біз пісеміз – деп жауап береді.
-
Сын есімнің жаны қатты ашып, барлық
заттарға қуаныш сыйлайын деп сөзін бастайды.
Қызыл,Тәтті, Домалақ,Дәмді,
-
Алма сен бұдан былай, қызыл, домалақ, дәмді алмасын – дегені сол
еді алмамыз қып-қызыл, домалақ болды да қалды.
- Солай бір апта бойы қонаққа
келген Сын есім қария қол үзбей жұмыс істейді екен. Бұл елде бақыт
орнау үшін бізде өзіміздің қол ұшымызды беріп
көрейік.
Су
таза, иіссіз, түссіз,мөлдір,тұнық.
- Шөп қандай болады? (жасыл,
сары)
- Аспан қандай болады?
(көгілдір, үлкен)
-
Қария қай жерден келді? (алыстан)
- Жарайсыңдар балалар, енді ой
түйіп көрейік.Слайд көрсету.(9,10)
ҮІ. Айгөлек бағдарламасына барып дем алып
алайық.(слайд 11)
Сергіту сәті.
ҮІІ.Тікелей эфир.
Оқулықпен жұмыс.
407-жаттығу.Ауызша.Өлеңді
мәнерлеп оқу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып,сын есімді
табу.
Мынау - сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау - қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау - жасыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау - көк қарындаш,
Мұнымен суды бояймын.
Ережені
оқу.146-бет
408-жаттығу. Мақалды жатқа
жазу.
Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы жер – жанның тынысы.
Сын
есімдерді тауып, оның қай сөздермен байланысып тұрғанын
анықтау.
409-жаттығу. Сөйлемдер
құрау. Жуас, қалың, тегіс.
ҮІІІ. Бармысың
бауырым.(14-слайд) Деңгейлік тапсырма.
1.Графикалық
диктант.
2.
Адасқан
сөздер
Зат есім: әдепті,қызық,қоңыр,қышқыл
Етістік: аққу,емен, оқулық, ауа
Сын есім :биледі, өсті, тазалады, ұшты
Зат есім:
Етістік:
Сын есім:
3. Семантикалық картамен
жұмыс.
|
Сөз табы
сөздер
|
Зат есім
|
Етістік
|
Сын
есім
|
|
ойнады
|
|
|
|
|
доп
|
|
|
|
|
әдемі
|
|
|
|
|
оқушы
|
|
|
|
|
биік
|
|
|
|
|
биледі
|
|
|
|
|
сопақша
|
|
|
|
|
лимон
|
|
|
|
|
момын
|
|
|
|
|
Қаламқас
|
|
|
|
|
жазды
|
|
|
|
|
сұр
|
|
|
|
Қорытындылау.
ІХ.Апта
кz
-Бүгін қандай бағдарламаларда
болдық?
Оқушылардың жауабы.
-Қандай тақырып өттік?
-Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап
береді? Мысал келтір.
-Ол қай телебағдарламада болды?
Айтуға
оңай. Өз аттарының бірінші
дыбысынан келетін сын есім айт.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 411-жаттығу.
146-бет.