400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан астанасы – Астана қаласының гүлденіп, көркеюі туралы, Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегі, көп ұлтты еліміздің халықтар достығы, бірлігі және тәуелсіздігі туралы әңгімелеу 2. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін кеңейту 3. Жас ұрпақты патриоттық, Отаншыл сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, әнұраны, ту, елтаңбасы, Н.Назарбаевтың портреті
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан астанасы – Астана қаласының гүлденіп, көркеюі туралы, Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегі, көп ұлтты еліміздің халықтар достығы, бірлігі және тәуелсіздігі туралы әңгімелеу

2. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін кеңейту

3. Жас ұрпақты патриоттық, Отаншыл сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, әнұраны, ту, елтаңбасы, Н.Назарбаевтың портреті


Сабақтың барысы:

Оқушыларды, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтау сөзі.

Қазақстан халқының тәуелсіздікке қол жеткізуінде Елбасының еңбегі өлшеусіз. Сондықтан да Нұрсұтан Назарбаевтың есімі «Тәуелсіздік» сөзімен тығыз байланысты. Тікелей оның басшылығымен өткен 20 жыл ішінде Қазақстандықтар өте үлкен тарихи істерді жүзеге асырды, сөйтіп Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытты.

Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болып дүние жүзіне танылды. 120 – дан астам ұлт өкілдері бар, егіні теңіздей толқыған төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, қорғауы қажет.

Қазақстан Республикасының заңмен бекітілген өзіндік мемлекеттік рәміздері – туы, елтаңбасы және әнұраны бар. Әнұранның сөзін Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Шексіздік көк аспанды жамылады,

Уақыттың басылған жоқ дауыл әні.

Бірігіп бір жүректен шырқайтұғын,

Әнұран мемлекеттік халық әні.

Туымыз халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Туымыздың көк болуы шексіз теңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күн – халқымыздың азаттық күні. Ал, алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Ту шетіндегі ою қазақ елінің, танымын қасиетін көрсетеді.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде еліміз дамыған 50 елдің қатарына жету мақсатында білім және ғылым саласына мән бере отырып, бір қатар табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтарға қол жеткізді.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында білім және ғылым саласын дамыту бойынша негізгі мәселелерге айрықша тоқталуда.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылында мақтанар биіктеріміздің бірі Сарыарқа төсіндегі Астана – Елбасымыздың төл туындысы, еуропалық мегаполистерден бірде кем емес ғажайып қала.



Елорда – Елбасының ерлігі. Мұның себебі, Астананы көркейтуге үлесін қосқан Елбасы болатын.

Өйткені, Астана – Сарыарқаның қақ төрінде қарқынды дамуға ыңғайлы тоғыз жолдың торабы.

Бұл істің барлығын – Елбасы жұртшылықпен ақылдасып, шешкен, сол себепті халық Елбасын ардақтап, құрметтеп қадірлейді.

Арқаның қақ төрінен қоныс тепкен құт мекен. Жас қалам, әсем бас қалам, елордам менің – Астанам.



Қорытынды: Бүгінгі Қазақстан әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет. Тәуелсіздіктің шаттығы, Тәуелсіздік қуанышы, Тәуелсіздік тойы тұғырлы, баянды болсын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі