400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік болашақтың діңгегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға және жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік болашақтың діңгегі»

Мақсаты: Оқушылардың берілген тақырып бойынша, еліміздің бұрынғы астаналары туралы білімдерін толықтырып, қайталай отырып, еліміздің жаңа астанасы туралы, Тәуелсіздік болашақтың діңгегі жайлы жан - жақты мағлұмат беру. Туған жер туралы еркін таза сауатты әңгімелеп, жаза білуге машықтандыру. Сабақ соңында өздерің өз білімдеріңді бағалайсыңдар.

Міндеттері:

а) Білімділік: «Тәуелсіздік болашақтың діңгегі» туралы мағлұматтарын кеңейту, жан -жақты білім беру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру арқылы ойлау қабілеттерін, тілін, дүниетанымын дамыту.

б) Тәрбиелік: Отанды сүюге, елді құрметтеуге баулу, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта бойынша тақырыпқа байланысты слайдтар,жаттығу жұмыстары, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, тарих,

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтағы қолданылатын әдістер: баяндау,сұрақ- жауап, іздену, әңгімелеу, түсіндіру, ой түйіндеу,топпен жұмыс,жұптық жұмыс.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлеметсіңдерме! балалар, алдымен бір- бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлап, сабағымызды бастайық.

Ә) ауыз екі сөйлеу. сұрақтары

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Атамекен тарауын қайталап өтейік.

  • Балалар әр адамның өз отаны, елі бар.

  • Бүгінгі сабағымызды бастап, білімімізді ары қарай жетілдіру үшін мына сандықты ашуымыз керек.

Бүгінгі тақырыпқа байланысты білімнің кілті осы сандықтың ішінде, осы сандықты ашып, білімді бойымызға сіңіру үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Біздің Отанымыз қандай ел?

  • Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстан үлкен тәуелсіз, егеменді мемлекет

  • Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

  • Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды.

  • Тәуелсіздікке биыл неше жыл?

  • Қазақстан тәуелсіздігіне биыл 20 жыл.

  • Мінекей балалар сандық ашылды.Сандықтың ішінен мынадай мақал шықты.

  • «Туған елдей ел болмас,

  • Туған елдей ел болмас.»

  • Бұл мақал біздің сабағымыздың ұраны болады.

III. Жаңа сабаққа дайындық.

Ал, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тәуелсіздіктің негізі – бейбітшілік пен бірлік»

Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырамын.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  • Балалар, біз бүгінгі сабағымызда «Тәуелсіздік болашақтың діңгегі» тақырыбымен танысамыз.

  • Балалар, біз жаңа астанамыз туралы сабақты бастамай тұрып, бұрынғы астана болған қалаларды атап өтейік. (Слайд - Орынбор, Қызылорда, Алматы).

  • 1920 жылдан бастап, Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы болды. 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. 1929 – 1997 жылға дейін Алматы қаласы астана болды.

Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өткізілді.

4. Слайдпен жұмыс. Астана туралы толығырақ мағлұмат беру.

Қазақстан тәуелсіздігіне биыл 20 жыл толады. 20 жыл аз уақыт болғанымен, мемлекетімізде жүргізілген жұмыстар көп. Қазақстан 1991 жылы ТМД-ға (Тәуелсіз Мемлекеттер достығына) мүше болды.

  • Қазақстан халықтарының достығы

Диалог құрастырыңдар

Бекіту:

Тест тапсырмалары.

Балалар оқи отыра, орындайды.тақтадан қарап, дұрыс жауаптарын оқиды.

1.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

2. Ең алғаш президент қай жылы сайланды?

3. Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік гимні қабылданған күн:

4. Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданған күн:

5. Қазақстан қандай мемлекет?

6. Қазақстанда неше облыс бар?

7. Қазақстанның бірінші астанасы:

8. Сөйлемді толықтырыңдар. “Отан оттан да ... “.

9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?

10. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы:

VII. Сабақты қорыту

  • Қазақстанның қандай қалалары бұрын астана болды?

  • Қай жылға дейін Алматы қаласы еліміздің астанасы болды?

  • Астана қаласы қандай орталыққа айналды?

  • Астана қаласының болашағы қандай?

  • Балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

  • Көңіл- күйлерің қалай?

  • Үйге тапсырма: Отан туралы мақал- мәтелдер жаттау.

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН

Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту. Бағалау: Өзін – өзі бағалау.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі